325
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
аләйһи уә сәлләм)
тұрғысынан
әрине алабөтен мағынаға ие
еді. Аллаһ елшісі міндетті түрде түстегі мәнді түсінді.
Сөйтті де стратегиясын соған сай қайта құрды. Алайда
ол үшін сахабаларын да осы іске тарту керек болды.
Сол үшін бір мезет хазірет Әбу Бәкірден әлгі түсті
қалай жорығанын сұрады:
– Сірә, Тайыфтан өзіңіз күткендей нәтиже бүгін
болмайды-ау, – деп жауап берді хазірет Әбу Бәкір.
Ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыз: – Мен де солай
ойлап тұрмын, Тайыф берілмейтін секілді, – деді.
Артынан Нәуфал ибн Муғаияға қарап:
– Уа, Науфал! Қоршауды тоқтату туралы сен не
ойлайсың? – деп сұрады. Ардақты пайғамбарымыз өзі
түсінген мән бойынша мәселені ашық талқыға салуда
еді. Нәуфал:
– Уа, расулаллаһ! – деп бастады сөздерін, олар дәл
қазір, ініне тығылған түлкі секілді, артынан қалмасаң
ұстайсың, тастап кете барсаң, бізге тигізер зияны жоқ.
Осы кезде Осман ибн Мазунның әйелі Хаула
бинт
Хаким келіп, Тайыфтың жеңісі нәсіп болған
кезде, өзіне Бадия ибн Ғайлан немесе Фария бинт
Ақилдың гауһарларын беруді сұрады. Өйткені талай-
ды тамсантқан әйгілі осы гауһарлар Тайыфтықтарда
болатын. Әйелдігін жеңе алмай,
хазірет Хаула
пайғамбарымыздан осы гауһарларды алғысы келетінін
білдірді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған:
– Сақифқа үсті-үстіне шабуылдап, қорғандарын
бағындыру турасында бізге рұқсат болмаса қайтеміз,
уа, Хаула, – деді. Ол да таңғалды.
Бір жағы қоршау
жалғасуда, екінші жағынан Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
осы қоршау мәселесінде иләхи рұқсаттың
жоқтығын айтуда еді. Сыртқа шыға сала хазірет
326
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Омарға барып естігендерін айтты. Хазірет Омардың да
басы қатты. Дереу Пайғамбарымыздың жанына келіп:
– Уа, расулаллаһ, Хаула не айтып жүр өзі? Сенен
естідім деп әлденені айтты, – деп сұрады.
– Иә, – деді расулаллаһ, – оған айтқаным рас.
Хазірет Омар: – Сонда Тайыфтықтарға қарсы
соғысуға рұқсат жоқ па? – деп қайта сұрады.
Расулаллаһ «Жоқ» деді, хазірет Омар:
– Ендеше, кері қайтуға әскерге дауыстайын ба? –
деді.
Аллаһ расулы «Иә» деді.
Әлі де өзі түсіне қоймаған жағдай еді бұл.
Пайғамбарлар
төресі сахабаларына, таңертеңгі
ерте уақытта қоршауды тоқтататындарын әрі кері
қайтатындарын білдірді. Бұл жағдай кейбіреулерге өте
ауыр тиді, бетпе бет келіп тұрып, алайда еш себепсіз
қоршауды тоқтатып бос қайтпақ еді. Кейбірі:
– Қорғанды алмастан кері қайтпақпыз ба сонда? –
деп сұрап, Тайыфты бағындырмай кері қайтпаймыз деп
жатты
121
. Осыған қарамастан Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
сахабаларына мініс түйелерін қалдырмауды, әрі
таңертең ерте уақытта кері қайтатындығын жарияла-
туын тоқтатпады.
121
Тіпті «Бұл жерді бағындырмай кері қайтпаймыз» деген топқа Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Онда қане соғысыңдар!» деп бұйырды.
Олар үлкен қайратпен қайта соғысқа кірісті. Алайда мәселе еш өздері
күткендей болмады. Сақифтықтар да өздерін қатты қорғаштап,
шабуылдағандарға көп шығын келтірді. Бұны көрген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
күлімсіреп, қоршауды тоқтатуды тағы да ай-
тады. Бұны көргенде қоршауды жалғастырайық дегендер пікірінен
қайтып, Расулаллаһтың шақыруын жылдам қабылдаған. Бұһари, Са-
хих, 4/1572 (4070), 5/2259 (5736), 6/2719 (7042), Мүслим, Сахих, 3/1402
(1778), Сайыд ибн Мансұр, Сүнән, 2/360 (2863), Ибн Әби Шайба,
Мұсаннаф, 7/410 (36952).
327
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
Таң атып түйесіне
мінгенде, Пайғамбарымыздың
жанына жақындап келген хазірет Жабир секілді кісілер
көп күннен бері өздерін қинаған, біраз сахабаның ажал
құшуына себеп болған Сақиф тайпасы үшін қарғыс
айтуды сұрайды. Алайда Пайғамбарымыз оларға оң
жауап қатпайды, қайта:
– Аллаһ тағалам, Сақифтықтарға тура жол нәсіп ете
гөр! Олардағы тұрмыс тауқыметін жеңілдет. Арамызға
келтіре гөр! – деп өздерімен
соғысқан жандарға дұға
етті. Сахабаларына мынаны айтуды қалады:
– Аллаһтан өзге құдай жоқ! Серігі де жоқ. Уәдесін
орындап, құлына көмек беріп, әскерінің абыройын
асқақтатып, қарсы келген Ахзаб әскерін жалғыз өзі
жеңіліске ұшыратты.
Жолға түсіп Жиғранаға қарай беттегенде олардан:
– Қазір біздер қайтып барамыз. Иншаллаһ, біздер
тәуба етушілерміз,
әрі раббымызға құлдық ұрып,
мақтау айтамыз, деп жалбарынуларын қалады.
Достарыңызбен бөлісу: