МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет121/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Бәни тәмим
Маңайында шу шығарып, уәде еткен жизияны 
беруден бас тартқан Бәни Тәмимға елу кісілік атты 
әскермен жіберілген Үәйна ибн Хисн түнімен суыт 
жүріп келген Бәни Тәмим маңынан жиырма бір әйел, 
отыз бала, жалпы саны алпыс кісілік тұтқынмен 
Мәдинаға қайтты. Осы оқиғаға көп өтпестен Бәни 
Тәмим Ақра ибн Хабис, Ұтариб ибн Хажиб пен Зибри-
кан ибн Бәдір секілді басшылары бар Мәдинаға келіп, 
Пайғамбарымызбен сөйлескілері келді. Босағаға дейін 
келіп: 
– Әй, Мұхаммед, шық бері, – деп айғай салды. 
Дөрекілеу көрініс
125
. Алайда ақиқатты дәріптеу бәрінен 
де маңызды. Сол үшін Пайғамбарымыз оларды күтіп 
алуға сыртқа шықты. 
Оны көре салысымен: 
125
«Хұжурат» сүресінің 4-аяты осы оқиғаға байланысты түскен. Таба-
ри, әл-Жамиул-баян, 26/122; Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, 3/488; Ибн 
Сағыд, Табақат, 2/161; Уахиди, Әсбабу Нузулил-Құран, 1/259. 


353
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Біз саған артықшылығымызды көрсетуге келдік. 
Көрейік, қайсымыздың абыройымыз жоғары тұр екен. 
Сен ақындарымыз бен шешендерімізге рұқсат етсең 
болды, – деп салды. 
Тосын жағдай еді. Әуелі Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 

– Біз өлең оқып артықшылықты айтып жарысуға, я 
адамдар арасында өркөкіректеніп, мақтануға келмедік. 
Бірақ қалағандарың сол болса, қане, – деді. Бұлардың 
ешбірі негізгі мақсат емес еді, алайда келген кісілер 
бұдан басқаны ұғар емес. 
Осы кезде араларынан біреуді алға шығарып, 
өздерін жер-көкке сыйғызбай мақтатқызды. Керек 
емес-ақ жағдай. Бірақ бұлардың одан басқаны қабылдар 
түрі байқалмады. Сол үшін Пайғамбарымыз жанында 
тұрған Сабит ибн Қайс ибн Шаммасқа бұрылып:
– Тұр, мыналарға жауап қат, – деді. Хазірет Сабит 
орнына тұрып, Исламның өздерін қандай абыройға 
бөлегенін айтып оларға жауап берді. 
Түскі намаздан кейін Нәбәуи мешіті тұп-тура 
ақындардың айтыс алаңына айналғандай еді. Әр 
бұрышынан бір ақын, я шешеннің дауысы естіліп 
жатты. Майданда ерлерше соғыста емес, сөзбен ай-
тысып, өздерінің басым түскенін дәлелдемек. Өйткені 
көп өтпей Бәни Тәмимның шешені Ұтарид ибн Хажиб 
орнынан түрегеліп, ұзақ бір өлең оқыды. Артынан 
Зибрикан ибн Бәдір де өзінің өнерін көрсетіп көсілді. 
Бұл кісілердің сөз өнерін қатты құрмет тұтатындығы 
барлық іс-әрекеттерінен байқалып тұрды. Осы кезде 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Хассан ибн Сабитті 
шақыртты. 
Көп өтпей Хассан ибн Сабит келді. Оны көрген 
Расулаллаһ мына кісілерге қарсы жауап айтып, 


354
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өзін қорғауды айтты. Бірінің сөзін бірі іліп алған 
ақындардың бұл жағдайы ұзаққа созылды. Тәмим 
ақындары дайындалып келсе де, еш дайындалмаған 
мұсылман ақындардың мысы бәрібір басым түсіп 
жатты. Бұл кезде Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет 
Хасанның жауап айтуына болысып жатты. 
Осы мезет Пайғамбарымыздың жанына немересі 
хазірет Хасан келді. Жүгіріп барып атасының кең 
құшағына қойып кетті. Расулаллаһ немересін еркелетіп 
сүйе бастады. 
Барлық жағдайды қонақтар жағы қалт жібермей 
қадағалап тұрғандықтан, бұны жақтырмаған Ақра ибн 
Хабис: 
– Менің он балам бар, ешбірінің бетінен сүйген 
емеспін, – деді. Бұны естіген Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
:
– Мейірім танытпағанға мейірім көрсетілмейді, 
– деп артынан, «Сенің жүрегіңнен мейірімділік 
сезімін Аллаһ алып тастаған болса, мен оған не істей 
алмақпын?!» дегенді қосты. 
Ақра ибн Хабис үшін әр оқиға мағыналы еді, 
сондықтан жүрегі жіби берді. Естіп-көргендерін іштей 
қорытып, ынсаптылық танытқан Ақра ибн Хабис жол-
дастарына қарап, былай деді :
– Уа, құрметті қауым! Әкемнің атымен ант етейін, 
мына кісінің ісі бәрінен де артық. Қарасаңдаршы, өзім 
әлі түсінбедім, біздің шешеніміз де сөйлеп жатыр, 
бірақ олардың шешендерінің дауысы зор шығуда. 
Біздің ақындарымыз да өлең оқуда, бірақ олардың 
ақындарының сөздері анағұрлым әсерлі. Олардың 
айтқан сөздері бәріміздікінен де дәмдірек. 
Белгілі болды, Ақра ибн Хабис үшін уақыт келген 
еді. Пайғамбарымыздың жанына жақындап келіп: 


355
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Аллаһтан басқа құдай жоқтығына, сенің 
пайғамбар екеніңе куәлік етемін, – деді. 
Сөз өнерін құрметтегендерге сөзбен жауап 
қайырғанның әсері болды. Пайғамбарымыздың 
қуанышы жүзінен байқалды. Өйткені Ақра ибн Хаби-
стан кейін басқалары да осыны айтып жатты. Ендігі 
жерде Бәни Тәмим тайпасы да келіп мұсылмандықты 
қабылдап, жаңа бір өмірге қадам жасалды. 
Осы себепті Аллаһ расулы оларға сыйлықтар 
беріп, тұтқынға түскен әйел, балаларын өздеріне 
қайтарып, оларды Мәдинадан шығарып салды. Көп 
жақты табыстың нәтижесінде жүрек тыныштығына да 
қол жеткізген Тәмимдіктер елдеріне қайтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет