МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Бір зиярат және болашаққа туған жаңа



Pdf көрінісі
бет119/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   155
Бір зиярат және болашаққа туған жаңа 
мүмкіндік
Расулаллаһ өзінің бақыт тұнған бөлмесіне қайтпай 
тұрып, сол күні қызы Фатима анамыздың есігін қақты. 
Ұзақ уақыт жырақта жүргендігі үшін мауқын баспақ 
еді. 
Есікті ашқан Фатима анамыз қарсы алдынан 
әкесін көргенде, көңілі толқып кетті. Сағынышпен 
Расулаллаһқа қарап қалды. Бірер сәт осылай қарап 
тұрды да, есін енді жиғандай дереу әкесінің қолын 
алуға жүгірді. Әкесінің қолын мейлінше қана сүйгісі 
келді. Алайда сағынышын басуға бұл да жеткіліксіз 
еді, іле мойыннан құшақтап жылап жіберді. Қайта 
қауышқандарына көңілі босап, көзінен аққан жас бетін 
жуып кетті. Тағы да Аллаһ расулының өзі жұбатты: 
– Әй, Фатима, неге жыладың? 
Фатима анамыздың өксігі тамағына кептеліп, жауап 
бере алмады. Өз-өзіне келуге тырысып, соңында: 
– Шыдай алмадым, уа, расулаллаһ, – деді. – Қатты 
қиналғаныңыз көрініп тұр. Шашыңыз ұйпаланып, 
топырақ болып кетіпті. Өңіңіз жүдеп, үстіңіздегі 
киімнің де жұлма-жұлмасы шығыпты. Шыдай алма-
дым, уа, расулаллаһ!
Пайғамбарымыздың сыртқы көрінісіне қарап, 
топшылауда еді. Алайда Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
қызы көрмегенді де көретін. Сондықтан бір жағы 
қызының басынан сипап жұбатып, екінші жағынан 
мынаны айтты: 
– Жылама, қызым, жылама! Өйткені Аллаһ сенің 
әкеңді сондай бір ақиқатпен жіберді, бір күн келеді, бұл 
ақиқат күн мен түн секілді жер жүзін түгел баурайтын 
болады. Жер бетінде кірпіш, топырақ, тастан жасалған 
үйдің бәріне бұл ақиқат жетеді. Түйе жүнінен, қой 


349
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
жүнінен және ешкі жүнінен өрілген ішіне кірмеген 
ешбір үй қалмайды. 
Қыстан көктемді көру, түн қараңғылығынан 
күндіздің жарығын сығалау секілді еді бұл. Өйткені 
Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ең қиын болып көрінген 
уақыттарда көзін болашаққа қадап, солай сөйлейтін. 
Бұған қоса, бұлар расулаллаһты тыңдағандар тарапы-
нан бір-бір меже ретінде қарастырылып, Үсамаға тап-
сыратын аманатты әр үй, әр шаңыраққа жеткізіңдер 
дегенді де білдірді. 


350


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет