351
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
ибн Суфиянды Бәни Қағыбқа, Ибн Лүтайбияны Бәни
Зүбиянға, Мұхажир ибн Әби Үмәйяны Санаға, Зияд
ибн Ләбидты Хадрамаутқа, Ади ибн Хатамды Таи мен
Әсадқа, Малик ибн Нүәйраны Бәни Ханзалаға, Зибри-
кан ибн Бәдір мен Қайс ибн Асымды Бәни Сағыдтың
түрлі аймақтарына жіберіп, осы негізде кең жағрапияда
Исламның билігін орнатты.
Мәселенің екінші бір жағы Құрайыштың
Пайғамбарымыз бен мұсылмандарға қарсы жүргізген
соғысы жеңіліспен аяқталғандықтан, сол күнге дейін
«оны өз қауымымен оңаша қалдырайық. Жеңілсе,
мәселе онсыз да бітеді. Ал жеңіп кетсе,
сол кезде
көреміз» дегендердің естерін жиятын уақыты еді.
Олар ойлана-ойлана, ақыр соңында Аллаһ елшісіне
келіп бағынды. Бұдан былай Мәдина тек өзінен сыртқа
кеткендерге ғана емес, өзіне қарай келетін топ-топ
адамдарға да куә болды.
Кешеге дейін соғыстардан қалжыраған Мәдина
тоғыз жылдық мерзімде бұрынғы хаос күндерін артқа
тастап, әлемге қауіпсіздік пен сенім ұялатқан орталыққа
айналды. Міне, жарыққа ұмтылған көбелектер секілді
сәулеге мұқтаж жандар өздері қадірін енді түсінген
осы жанды көру, жанына сахаба болып еру үшін топ-
тобымен Мәдинаға келуге
әлемнің төрт бұрышынан
ағылып жатты.
Ендігі уақыт Исламның әсемдіктерін пердесіз,
жақыннан көру мезгілі еді. Келіп, бұрынғы
жағдайларынан арылмақ. Кейбірі сол күнге дейін
өздері байқамаған әсемдіктерге көңілі толқыса,
кейбірі бұрын байқаса да әлі жете меңгермегендіктен,
Ислам жайлы көбірек білу үшін келе жатты. Әлбетте,
бұлардың арасында Исламды жақыннан көріп тануға
шешім қабылдағысы
келген еріктілер болғанындай,
352
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өздері тұрғысынан істің барысын жақтырмаса да
Пайғамбарымыздың оң қабағында жүргісі келген
дүниеуилер де болды. Бірақ бұлардың барлығы да
ғаламның мақтанышы Пайғамбарымыздың жанына
жақындағаннан-ақ іштей өзгеріп,
сол нұрдан нәсібін
алып қайтып жатты.
Әрине, бұл барыс-келістердің әрбірінің өзіне
тән әңгімесі жоқ емес. Сол күнге дейін кездеспеген
оқиғаларға тап болып, бұндай жағдайлармен бетпе-
бет келгенде, қандай
іс-әрекет жасау керектігін
Пайғамбарлар төресіне айтып, алған жауабына қарай
адымдарын белгіледі. Осы негізде дін туралы көп нәрсе
ұғып жатты.
Достарыңызбен бөлісу: