372
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тақырыптарды қозғады. Адамдарға кездесуі мүмкін
мәселелерде ескертулер жасады.
Қауіпсіздік үшін Аббад ибн Бишрды тағайындап,
жанына бір топ адам берді. Түн қараңғылығы орнағанда,
арт жақтан тәкбір дауыстарын естіген хазірет Аббад
таяп келіп:
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Жоқ сен бізден
басқа қарауылдар да тағайындап па едің? Түннің
бір уақытында арт жақтардан
тәкбір дауыстарына
естігендей болдық.
– Жоқ, ешкімді тағайындаған емеспін, –
деді Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
. – Алайда
мұсылмандардың кейбірі
бұны өз қалауларымен
жасаған болуы мүмкін.
Бұл әңгімеге куә болған Силкан ибн Сәләма алға
шығып:
– Уа, расулаллаһ, біз он кісі атымызға мініп түнде
арт жақтарды қарауылдауға бардық.
Мәселе
тағы
да
пайғамбарымыздың
топшылағанындай болып шықты. Жақсылықта бір-
бірімен жарысып жүрген жандарға іле былай деді:
– Дін
жолында
қарауылдаған
жандарға
Аллаһ рақымымен қарасын. Сендер үшін өздерің
қарауылдаған адам я жануар санындай бір қират
140
сый
бар.
Тәбүкте болған кезде бір иудей әйел мұсылмандарға
сыр әкеліп берді.
Пышақпен сырды бөлген
Пайғамбарымыз бисмилла деп барып, сахабаларына
берді, өзі де одан жеді.
140
Қират: зергерлік бұйымдарды өлшеу үшін қолданылатын 0,20 гр.
салмағындағы өлшем.