404
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
кісілік Бәни Ханифа тобы еді.
Ямама жағынан келіп,
мұсылмандықты қабылдады.
Келіп жатқандардың қарасы үзілмеді. Йемен, Әзд,
Бәни Сағыд, Бәни Амир ибн Қайс, Бәни Әсад, Бахра,
Хаулан, Мұхариб, Бәни Харис ибн Қағыб, Ғамид, Бәни
Мұнтафық, Сәламан, Бәни Аббас, Мүзайна, Мұрад,
Зүбәйд, Кинда, Зи Мұрра, Ғассан мен Бәни Ыйш топ-
тары осылардың негізгілері еді.
Ең соңғы келген топ
Нәха тобы болды. Йеменнен хазірет Муазға серт беріп,
Мұхаррам айының ортасында шамамен екі жүз кісімен
бірге мүмин ретінде Мәдинаға келген еді.
Бірінің ізін ала бірі Мәдинаға ағылған бұл кісілер
бір жағы Исламға деген мұқтаждықты да ұқтырды.
Мәдина еш күмәнсіз Араб түбегінің астанасына айнал-
ды. Күні кешеге дейін ортақ бір жүйе орнату мүмкін
еместей көрініп, әр тайпа білгенімен жүрген, әлсізге
күшті тізесін батырған Хижаз аймағында ендігі жерде
Аллаһ расулының билігі жүрді.
Халық қауіпсіз әрі
тыныштықта өмір сүре бастады. Бұдан былай баршаға
ортақ жүйе орнады.
Достарыңызбен бөлісу: