МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев


Сылтауға жабысқандар мен бір тәуба



Pdf көрінісі
бет134/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Сылтауға жабысқандар мен бір тәуба 
қаһарманы
Ішкі пиғылдары әшкере болғандар соған қарамастан 
беттері бүлк етпей Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) 
алдына келіп, Тәбүкке бара алмағандықтарының 
нақты себеп болғанын көрсету үшін әртүрлі сыл-
тауды алған тартып жатты. Расулаллаһ 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
олармен қарым-қатынасты үзбеу үшін сырт 
көзге олардың сылтауларын қабыл алғандай көрініп
қарсылық білдірмеді. Бәрі кезек-кезегімен келіп 
жағдайларын білдірді. Ендігі кезек әр қадам басқан 
сайын өздерімен бірге болды деп есептелген шынайы 
мүминдерге келді. Рамазан айының бір күні еді. Ұяла 
басып жақындап келген Хилал ибн Үмәйя мен Мүрара 
ибн Раби үшін Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
са-
хабаларына: 
– Мен сендерге рұқсат етпейінше, ешкім олармен 
сөйлеспесін, – деді. Іштей қысылып келіп сәлем берген 
Қағыб ибн Маликке де Пайғамбарымыз ащы күлімдеп, 
артынша бұл шынайы мүминнен жүзін бұрып әкеткен. 
Қағыб ибн Малик үшін дүние қарауытып кетті. Аллаһ 
расулының жақтырмағанын осы әрекетінен-ақ түсініп: 
– Уа, расулаллаһ, – деді. – Неге менен жүзіңізді 
бұрдыңыз. Уаллаһи, мен мұнафық емеспін, дінім тура-
сында да ешқандай күмәнім жоқ, дінімді де өзгерткен 
емеспін. 
Ендеше, сен неге келмедің? – деп сұрады 
пайғамбарлар патшасы. – Дайындығыңды да жасамап 
па едің? 
– Иә, расулаллаһ, – деп бастады сөзін хазірет 
Қағыб. Дәл қазір сізден басқа біреудің алдында тұрсам, 
бір сылтау айтып басымды арашалар едім. Өйткені 
менде басқаларды айтқаныма көндіре алатын қасиет 


392
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
бар. Алайда мен бүгін сізге өтірік айтып басымды 
арашалағанмен, Аллаһ тағала ертең-ақ сізге оның шын 
хабарын білдіреді. Бірақ бүгін шындықты айтып, сізден 
ұрыс естісем естиін, бірақ мені Аллаһ кешіруі мүмкін. 
Шынымды айтсам, менің айта қоярлық еш сылтауым 
жоқ!
Сахабаларындағы шынайылыққа ерекше мән 
беріп қарап отырған елшілер сұлтаны Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларына бұрылып: 
Мынаған келсек, бұл расын айтты, – деді. 
Анығында осы сөздің өзі үш сахабадан бұрын келіп
өтірік аралас небір сылтауды алға тартып, өздерін 
ақтағысы келген сексен шамасындағы адамның 
жағдайын түсіндіруге жеткілікті еді. Артынан мынаны 
қосты: 
Қане, тұр! Аллаһ өзің жайлы үкім бергенге дейін 
күтерсің!
152


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет