пайғамбарымыздың елшілері
Бір жағынан ғаламның мақтанышы пайғам-
барымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жұртқа дінді үйрету,
Исламға үндеу, дінді насихаттау міндеттін орын-
дау, Исламның әсемдіктерін басқа аймақтарда да
дәріптеу үшін сахабаларынан белгілі кісілерді таңдап,
маңайға жібере бастады. Өйткені жахилия кезеңіне
тән кеселдердің қоғамнан аластатылуы, жүректер та-
зарып, ұлы ақиқаттарды ұғатындай деңгейге келуі, әрі
әлеуметтік өмірге Исламның ұйытқы болуы үшін осы
қажет-ақ еді.
405
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Оныншы жылдың рабиул ахир айында
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы мақсатта Халид
ибн Уалидты Харис ибн Қағыбқа жіберді. Қолына
бір хат ұстатып, әуелі оларды Исламға шақыруды,
қабылдамаған жағдайда жизия төлеуді алға тартуды
тапсырды. Өйткені соғыс балама шешімдер қалмаған
кездегі соңғы шешім болатын.
Айтылған жерге жеткен хазірет Халид өзіне
тапсырылған міндетті орындау үшін жолдастарын
дереу ұйымдастырып, таңдаулыларын әр аймаққа
жіберіп, ол жердегі жұртты Исламға шақырды. Көп
өтпей еңбектерінің нәтижелері көріне бастады. Хазірет
Халид Харисаұлдары аймағында болып жатқан
жаңалықтарды хатқа түсіріп Пайғамбарымызға жолда-
ды.
Арадан алты айдай уақыт өткен кезде,
Пайғамбарлар падишасы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хазірет
Халид ибн Уәлидті Мәдинаға шақырды. Ол жанына
ерткен бір топ адаммен Аллаһ расулының жанына
қайтты. Орнынан Хариса ұлдары тобын басқаруға
Қайыс ибн Хұсайын тағайындалды
161
.
Халық кең қоныстанған бұл аймақта Ислам туралы
ақпараттандыру ісін жүргізу, парыздар мен харамдарды,
ислами тақырыптарды тереңірек үйрету үшін сахаба-
лардан Амр ибн Хазым тағайындалып, кейіннен Хе-
медан аймағына хазірет Али жіберіліп, сол тұрғыда
Ислам жағрапиясын кеңейету көзделді
162
.
161
Пайғамбарымыздың бұл жаққа бір хат жолдап, жергілікті
халықты Исламға шақыру ісіне басшылыққа Малик ибн Нәматты
тағайындағанын айтып, енді соны тыңдауды тапсырғаны да жеткен
мәліметтердің қатарында. Ибн Қайим, Задул-мағад, 3/539; Салихи,
Субулул-худа уәр-Рәшад, 6/427.
162
Хазірет Алиды Халид ибн Уәлидтың орнына жіберді деген де деректер
бар. Табари, Тарих, 2/197; Байхақи, Сүнән, 2/369 (3747).
406
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Хемеданға келіп Пайғамбарымыздың хатын
оқыған хазірет Алиды жергілікті халық құшақ жая
қарсы алды. Көп өтпей жергілікті халық Исламды
қабылдады. Қуанышты хабар күткен Аллаһ расулына
хазірет Али дереу хатты жазып, Хемедан халқының да
Исламды қабылдағанын білдірді. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сол күнгі қуанышында шек жоқ еді.
Өйткені Йемен жағының да Исламға оң қарағанын
қатты қалады. Оңтүстік аймақтың да Ислам нұрына
бөленгенін көргісі келді. Сол себепті хазірет Алиден
келген хат оқылған кезде артынан шүкір сәждесін
жасап барып басын көтеріп: – Хемедан халқына аман-
есендік тілеймін, – деп екі рет қайталап, Мәдинада
оларға сәлем жолдаған.
Сол күндері Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
са-
хабаларынан Малик ибн Мүрраға да бір хат беріп, оны
Йемен билеушілеріне жіберді. Олардан ширктен таза-
рып, мұсылман болуды талап етті. Осыны істер болса,
дүниеуи әрі ақыреттік марапаттарға кенелетіндерін,
кері жағдайда өздері душар болатын қиын жағдайларды
ескертті. Олар бірақ мұсылмандықты қабылдағаннан
гөрі жизия салығын төлеп тұруға келісті.
Алған жауаптармен шектелмеген әрі халықтардың
көңілін тауып, оларды да мұсылман болғанын қалаған
пайғамбарлар падишасы сахабаларынан Муаз ибн
Жәбал мен Әбу Мұса әл-Ашғариды Йеменнің әртүрлі
аймағына жіберіп, оларға:
– Жеңілдетіңдер,
ауырлатушы
болмаңдар.
Жұртқа қуанышты хабарлармен жақындаңдар, оларда
жеккөрушілік тудырмаңдар. Туындаған мәселелерді
шешуге тырысыңдар, кикілжіңге бармаңдар, – деп
өзінің кеңестерін де айтты. Өйткені Йеменнен жылы
хабарлар келе бастап еді. Әрі Исламға деген сұраныс
407
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
артып бара жатқан болатын. Бұлардың барлығы
пайғамбарлық міндеттің кемелденіп келе жатқанын
білдірді. Хирада басталған шуаққа бөлену ешкімнің
қиялына сыймаған жағдайда әлемге тез тарап, барған
жердің барлығында нық орныққандығын байқатты.
Аллаһ расулы бейбітшілік елшілерін жолға салып
тұрып біршама жерге дейін олармен бірге жүріп, барған
жерлерде нелерге көңіл бөлулері керектігін үйретті.
Хазірет Муаз бен хазірет Әбу Мұса әл-Әшғари түйесіне
мініп кетіп бара жатқанда, Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
жандарында жаяу жүріп оларды шығарып салды.
Қоштасар сәтте хазірет Муазға қарап былай деді:
– Сен кітап иелері болып табылатын елге кетіп
барасың. Барған кезде оларды Аллаһтан басқа құдайдың
жоқтығын, Мұхаммедтің пайғамбар екенін мойындауға
шақыр. Осыны мойындап, айтқаныңды тыңдаса,
күніне оларға бес уақыт намаз оқудың міндетті екенін
білдір. Бұны да тыңдаса, байларынан кедейлеріне көмек
ретінде зекет беріп тұрудың парыз екенін білдір. Егер
ол мәселеде де саған бағынса, олардың малдарының ең
қоңдысына көз тікпе. Ешқашан жәбірленушінің нала-
сына қалма. Өйткені оның наласы Аллаһқа тез жетеді.
Бұлар Аллаһ разылығы үшін жолға шыққан әр
мүмин үшін қай кезде де маңызды өлшемдер еді.
Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сол күннің өзінде осы
тұстарға көңіл аудартып, Ислам жолында жүргендерге
барған жерлерінде өздерін қалай ұстау керектігін
айтқан. Осы сәт тағы да оған қарап, араларында мы-
нандай әңгіме жүреді:
– Неге сүйеніп үкім бересің?
– Аллаһтың кітабына қарап үкім беремін.
– Аллаһтың кітабынан үкімін таппасаң ше?
– Елшісінің сүннетіне сүйенемін.
408
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Елшісінің сүннетінен үкімін таппасаң ше?
– Онда өз пайымыма сүйенемін.
Елші ретінде таңдаған адамының ішкі дайындығы
тас-түйін еді. Дәл осы кезде Расулаллаһ қол жайып:
– Расулының елшісін жетістікке жеткізген Аллаһқа
мақтау айтамын, – деп дұға етті. Бір жағынан хазірет
Муазға қарап, қоштасқысы келмейтіндей сыңай
байқатты. Сол күні Құранға тереңдігін, дін үкімдеріне
жетіктігін назарға бере отырып, сахабалары біліміне
жүгіне алатын төрт кісінің бірі хазірет Муазбен
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қоштасып жатты.
Жанына жақындап:
– Әй, Муаз, – деді. – Бір жылдан кейін менімен
енді қайта жүздесе алмайсың. Келгенде мешітім мен
қабірімді зиярат етерсің.
Қоштасып жатқан хазірет Муаз емес Расулаллаһтың
өзіндей еді. Бұны естігенде сахабасының жүрегіне
шоқ түскендей болды. Бір жағы Аллаһ және расулы
үшін қызмет үшін сапарға шығу, екінші жағынан
Расулаллаһпен мәңгіге қоштасуға шыдамай көкірегі
қарс айрылды. Енді қайта көре алмау қандай қасірет!
Әрі бұны Расулаллаһтың өзі айтып тұрса, міндетті
түрде бір білгенің болғаны. Хазірет Муаз бұған шыда-
май еңіреп жылап жіберді. Пайғамбарымыздың мейірім
тола қарасын қимай-қимай атын Йеменге қарай тебініп,
бір жағы жүрегі жұлынып Мәдинада қалып кеткендей
күй кешті
163
.
163
Расында да солай болды. Өзіне жүктелген тапсырманы орындау
үшін Йеменде жүрген кезінде, хазірет Муаз Аллаһ расулының бақиға
аттанған хабарын естиді. Мәдинаға келген кезінде Нәбәуи мешіті мен
Пайғамбарымыздың қабірін зиярат етеді. Ибн Әсир, Ұсудул-ғаба,
2/217; Ибн Хажар, әл-Исаба, 8/41 (11550).
409
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
Достарыңызбен бөлісу: |