МҰхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата07.02.2017
өлшемі2,25 Mb.
#3576
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21


 
Осы  кештен  жиырма  күндер  өткен  мөлшерде  Құнанбай  елге  қайтатын 
болды. 
-  Құдай  бұйырса  ертең  аттанамыз.  Жол  жарағы  сай  болсын!  Ошарылып 
бөгеп  жүретіні  болмасын!..  Атқа  ерте  қонайық!  -  деп,  Құнанбай,  Қарабас, 
Жұмағұлдардан хабар таратты. 
Осы  сөз  шығысымен  Құнанбайдың  өз  қасындағылар  да  және  Жақып, 
Қаратай  пәтерлеріндегі  Тобықты  атаулының  барлығы  да  соңғы  бір  күнді 
қарбаласпен өткізді... 
Елге қайтудың хабары бұл топтың жас-үлкенін тегіс сергітіп, қуантқан еді. 
Әсіресе, елді қатты сағынған Абай болатын. 
Ол соңғы уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре 
беретін.  Барлық  пәтерлерде  бүгін  әбігермен  қатар,  күлкі,  қалжың,  қуаныш  та 
көп. 
Жүреміз...  Жақында  қайтамыз!  -  деген  сөздің  естілгеніне  бес-алты  күн 
болғандықтан,  бұл  жұрттың  ат-тұрманы  әзір-ді.  Жалғыз-ақ  Қарқаралыда  ұзақ 
тұрғаннан  бері  мінілмей,  жемде  ғана  тұрған  семіз  сәйгүлік  аттары  майланып 
кеткен болатын. Соңғы бір жұма бойында сондай аттардың аз-аздап терін алып, 

 
95 
ішін  тарттырып,  суытып,  таңастырып,  қыстың  ұзақ  жолына  сартап  қып  алмақ 
қарекеті де болатын. Абайдың қайтар жолда мінбегі «Аймаңдай» деген бір қара 
жал, қара құйрық, сұлу құла ат еді. Аяңшылдан жол жорға боп кеткен, жүрдек, 
әсем, нағыз бозбаланың аты. 
Өзге  үлкендердің  атымен  бірге  бұл  да  бөлек  бір  қорада  бағылатын.  Абай 
жүріс  хабарын  білісімен  Аймаңдай  атты  көргелі  келеді.  Маңдайының  төбелі 
шын-ақ  айдай  боп  жарқырап,  басын  шұлғи  түсіп  байлаулы  тұр  екен.  Абай 
көптен  мінбей  және  көп  күннен  бері  көрмей  де  жүрген  еді.  Атын  да  сағынып 
қапты.  Таңертеңгі  аяздан  қырауытып  тұрған  жалы  мен  жонын  бір  уыс  шөп 
алып  сипап,  сүртіп  тастады.  Содан  кейін,  көп  үлкендердің  дағдысы  бойынша, 
Аймаңдайдың  жалын  ұстады.  Абайдың  саласы  ұзын,  ашаң  қолын  Аймаңдай 
аттың  қазіргі  жалы  кере  түсті.  Құла  ат  та  қатты  семіріпті.  Абай  шегіне  түсіп, 
бүйірден  бір  байқап  қарап  еді,  жоны  да  жұмырланыпты.  Үлпершек  майы  да 
білеуленіп, білініп тұр екен. 
Атына қайта жақындап кеп, мойнын құшақтап қысыңқырап тұрып: 
«Ертең  емес,  бүгін-ақ,  қазір-ақ  жүрсек  етті!»  деп  ойлады.  Ер-тоқымды 
жайлы  қып  ерттетіп,  қалың  ат  көрпені  баптап  салып,  тымақтың  кұлағын  шарт 
байлап ап Абай атына мініп, корадан шықты. 
Әрдайым  тізгінін  созып  жіберіп,  басын  шұлгып  тастап  көңілді  аяңдайтын 
Аймаңдай, бүгін тіпті жеңіл басып, дәл жел қайықтай лыпып тұр екен. Осы күні 
кешке  шейін  Абай  атынан  көп  түскен  жоқ.  Жұмысы  жоқ  болса  да  қаланың 
шетіне  бір  шығып  кетіп,  базарын  бір  кезіп,  Тобықтылар  жатқан  пәтер-пәтерді 
аралап жүрді. 
Түс кезінде әкесінің қасынан түстік жеп, шай ішіп, қайта аттанып, тағы да 
базарға  барды.  Бұл  жолы  қасында  Ызғүтты  бар  еді.  Құнанбайдың  ақшасы 
Ызғүттының  жанында  болатын.  Ас  уақытында  Абай  әкесінен  ақша  сұрағанда, 
әкесі Ызғұттыға бұрылып: 
- Базарға ертіп бар да, шешелеріне, інілеріне алатын базарлығы болса, өзің 
таңдап алып бер! - деген. 
Екіндіге шейін Ызғұтты екеуі талай дүкенді аралап жүріп көп нәрсе алды. 
Әсіресе,  кәрі  әжесі  шайшыл,  қағаз  шайшыл  болатын.  Абай  сол  шайдан  бастап, 
қант, кәмпит, мақпал, дүрия сияқты көйлек, қамзолдық нәрселер алды. 
Өзінің  артына  бөктерген  үлкен  қоржынның  екі  басы  әбден  сықап  толган 
соң, содан асқан нәрселерді Ызғұттының қойны-қоншына тыққызып алып, кеш 
бата әкесінің қасына қайта кеп еді. 
Жүрер  алдында  өзге  жұрттың  да  қам-қарекеті  осы  сияқты  шаруалар  болу 
керек. 
Ертең  журетін Құнанбайды Майыр, тілмәш, старшын, билер бүгінгі кеште 
тағы  басып  жатыр  екен.  Абай  әкесі  отырған  бөлмеде  болмай,  басқа  бөлмеде, 
Қарабас, Ызғұттымен қоржындарын тіркеп, жолға әзірленумен болды. 
Жатар  уақытта  ғана  Құнанбай  қасынан  қайтқан  Майырды  Ызғұтты 
шығарып салып қайтып еді. 
- Мырзаның дүниесін кім қызықтамаған, ең аяғы піскен бас Майыр да жаңа 
бір қарбытып асап кетті! - деді. 
- Немене, мал алды ма, ақша ма? - деп, Қарабас сұрастырып еді. 

 
96 
- «Ұлықсың ғой, көрнекті боп жегіп жүр!» деп, анау - Берікқарадан келген 
үш қара атты берді. Ақшалай бес жүз сомды тағы асатты! - деді... 
Соңғы  күндер  Құнанбайдың  бергені  жалғыз  бұл  Майыр  емес.  Тілмәш  та 
бірталай  алған.  Әсіресе,  кешегі  күнде  қырық-елу  қараны  Алшынбай  аулына  да 
Майбасар  мен  Қаратайдан  айдатып  жіберіп  еді.  Абайлар  жата  бергенде, 
түнделетіп олар қайтып келді. Ертеңгі жүрісті бөгей ме деген солардың кешігуі 
еді. Енді олар да жетіпті. 
Осыдан  екі-үш  күн  ілгері,  Майбасар  Алшынбай  аулына  барардан  бұрын 
Абайды тағы қажап көрген... Бірақ, анада Абай өзін күлкі қып, қатты тойтарып 
тастағандықтан, енді туралап айтпай, қиялап кеп: «Келіннен ұят болды-ау!» деп 
еді. 
Ызғұтты  сияқты  үлкендерді  көмекке  шақырып,  соларға  айтқандай  боп 
айтып  еді.  Абай  онда  да:  «Бармаймын»  деп,  бір-ақ  қайырған...  Сонымен 
қайынға бару әңгімесінен Абай арылған-ды... 
Құнанбайдың  жүріске  байланғаны  Абайды  қазір  қайындатайын  демегені 
болды.  Енді  ертең  жүреді.  Бірақ  төсекке  жатып,  ұйқыға  кетер  алдында 
Майбасарды  қайта  есіне  алып,  оның  Ділдә  тұрған  ауылға  барып  қайтқанын 
ойлап  Абай  ең  алғаш  рет  өз  қалыңдығы  туралы  кұпия,  ыстық  бір  сезімді 
сезгендей еді. 
Бармады...  Бірақ  көргісі  келуші  еді...  Қандай  екен?  «Иегі  ителгінің 
тамағындай»  деп  Майбасар  суреттеген,  Абай  көз  алдына  ителгі,  қаршыға, 
тұйғын  сияқты  қырандардың  сұлу  мойындарын  келтіріп,  шынымен  сондай 
нәзік,  ақшыл  тамақ  иектердің  болатынын  ойлады,  бір  бүгін  емес  мұның 
алдында да бірнеше рет, Ділдә жайын өзгеше бір толқынмен ойлаушы еді. 
- Барса нетер еді? - деп, әлдеқандай белгісіз бір қызумен ойы тумандайды. 
Бірақ  Майбасардай  қатаң,  тұрпайы  адамдардың  мінезі  мұның  ойындағы  құпия 
сезімін  аямай  қылжақ  ететін  тәрізді.  Олардың  тілеуі  мен  қақпайына  еру  -  өзін-
өзі  аямау.  Қадірлі,  қасиетті  сырын  былғау  сияқты.  Ділдәні  бұл  іздейді. 
Іздегенде  «қайындау»  деген  сияқты  ырым-жырымы  көп,  ыңғайсыздығы  көп 
жолмен іздегісі келмейді. Ол ұялады!.. Сондықтан баруға бата алмайды. 
Осындай екі ұдайы көңілмен көп аунақшып жатып ұйкыға кетті. 
Ертеңінде  Құнанбай  айтқандай-ақ  ерте  аттанысты.  Әрбір  топ  өзді-өз 
пәтерінен жеке-жеке шоғыр болып шығып, қала сыртында тоғысқан. 
Қаладан  Құнанбайды  шығарып  сала  келген  старшын,  би,  төрелер  де  көп 
екен. Жиыны жүз шамалы кісі боп, біраз тоқырап тұрысып, ақыры: «Қош, қош, 
мырза!.. Жолың болсын!.. Сапарыңды оңғарсын!» дескен тілектермен қалды да, 
Құнанбайдың отыз шамалы тобы Тобықтыға қарай тартты. 
Қарқаралыдан  Шыңғысқа  шейін  жүретін  жол  ұзақ.  Жердің  алыстығынан 
басқа, қар қалың, жол да ауыр болатын. Ой-қырдың баршасы да сіреу боп, қыс 
көрпесін қалың жамылыпты. 
Арқаның  дағдылы  қатты  желі  биыл  қыста  да  көп  соққан.  Кейде  бір  жұма, 
кейде тіпті он күндей айықпай, ақ боран боп түтеп тұрып алған кездері болған. 
Ақпан,  қаңтар,  бірдің  айы  -  баршасы  да  қазір  Абайлар  жүріп  келе  жатқан 
сар дала, қоңыр адыр, сай-сала, қорық-қойнауларға өздерінің ақ ирек, сар-кідір 
омбыларын,  оқаптарын,  мұздақ  жалтырларын  жапқан  көрінеді.  Қарлы  оюлар, 
ышқынып  соққан  жел  іздерін  дәлелдейді.  Даңғыл  қара  жол  жоқ.  Көп  аттылар, 

 
97 
тегіс қатар жүру былай тұрсын, тіпті үш салт аттының қатар жүретін жерлері де 
оқта-текте кездеседі. 
Сол  себепті  барлық  жүргінші  қайтқан  тырнадай,  ұзақ  салқар  көштей  боп, 
ылғи шұбалып, тізіле жүріп отырады. 
Жолаушылардың  маңдай  алдында  Құнанбайдың  өзі.  Астында  семіз  сары 
жорға  аты  бар.  Арт  жағы  тегенедей  жұмыр  келген,  ақ  жал,  сары  жорға  ат  көп 
жорғадай күдіс емес. Қабырғалы, жазаң және зор болатын. Құнанбайдың қалың 
жылқысының ішінде әрдайым ұзақ жолға, әсіресе, қысқы жолға мінетін аты осы 
еді.  Үстінде  қара  құлын  жарғағы  бар,  күміс  кісе  буынған,  қара  мақпалмен 
тыстатып, қызыл түлкі тымақ киген Құнанбай сырт жағынан қарағанда тіпті зор, 
көрнекті  еді.  Қара  жарғақ  сары  атқа  жақсы  жарасады.  Тайпалған  қатты  жорға 
өзге  жүргіншінің  бәрін  сар  желдіріп  келеді.  Абайдың  Аймаңдайы  кейде 
Құнанбай  жүрісі  баяуласа,  жол  жорғасын  салады  да,  сары  жорға  қатты 
тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі. Желісі бір түрлі қатты, мазасыз. 
- Ойпыр-ай, желісінің қаттысы-ай!.. Дәл бір бөренеге мінгізіп қойып, солқ-
солқ  ұрып  отырған  сияқты,  -  деп,  Абай  Қарабасқа  Аймаңдай  аттың  жүрісін 
шағып  қояды.  Шынымен  алғашкы  күнгі  жүрісте  Абайдың  іші-бауыры 
солқылдап, етегін де қымти алмай, икемі кетіп отырды. 
- Іштеңе  етпейді.  Аздан  соң  етің  қатып,  үйреніп  аласың...  Етегіңді  қымтап 
отыр!.. - деп, Қарабас ақыл айтып қояды. 
Абайдың  еркіне  салса,  асықпай  жол  жорғамен  жүрер  еді.  Бірақ  елге  жету 
үшін бірнеше күнді санап ап, сол мелшерде жетем деп тартқан Құнанбай жүріс 
шамасын  өзгеге  билететін  емес...  Жолды-жолсыз  жердің  барлығында  суыққа 
қарсы  қасқарып  ап,  топты  бастап  келе  жатқан  себебі  де  сол.  Әншейінде 
аямайтын атшылар мен шабармандарды да алдына салмайды. 
Осы жүріс бір бүгін емес, талай күндік жолдың бойында үнемі осылай боп 
отырды.  Бірақ  күндізгі  уақыттар  Құнанбай  асығып,  суыт  жүргенмен,  жолдағы 
белгілі-белгілі  ауылдарға  көп  түскенде  үнемі  тез  аттана  алмай  қалады.  Жол 
бойындағы  Шұбартау,  Абралы,  Дегелең,  сонан  соң  Шыңғыстың  батыс  жақ 
сілеміндегі  Тобықтының  шеті  болсын,  баршалық  қоналқаға  түскен  ауылдары 
Құнанбайды хажыдан келе жатқандай қарсы алады. 
Бәрінде  де  ақсақал,  атқамінер  молда,  сопының  аузында:  «Мешіт,  мешіт». 
Кейбір  жағымталсыған  кәрілер:  «Қарадан  хан  тудың!»  деп,  «Қырғында  қылау 
салмай  шықтың!»  деп,  «Қоңыраулы  бұйра  нардай  болдың?»  деп,  көпе-көрінеу 
қошемет,  жорғалық  та  істейді.  Құнанбай  аттанып  кеткенге  шейін  мұндай 
ауылдар «құрақ ұшып», қалбақ қағып күтеді. 
Жол 
бойындағы 
осы 
бірталай 
ауылдардың 
атқамінер 
адамдары 
Қарқаралыда  дәл  қыс  ішінде  Құнанбай  алдында  болып,  дау-шарын  бітіріп 
қайтқан  екен.  Ақы  төлеуін,  айып-анжысын  алып,  есебін  айырып,  егескен 
жерлерінен Құнанбай арқылы өш алғандары да бар екен. 
Шұбартау,  Абралы  ішінде  төрт-бес  жерде  осындай  ауылдар  Құнанбайды 
аттандырар  кезде,  оңшарақ  шығарып-ап,  жүрістен  бөгеп,  жасырын  сәйлеп  те 
қалады.  Және  сондай  ауылдың  барлығынан  жетек  аттар,  ту  биелер  қосылып 
қалады. 
Осындай  олжадан  түскен  екі  қара  жорға,  бір  қызыл  ат,  тағы  үш  торы  ат, 
казірде  Қарабас  сияқты  атшылардың  жетегіне  ілесіп  жүретін  болды.  Абай  бұл 

 
98 
жетектерге таң қалса да, алғашқы күндер көңіл бөліп, мәні-жөнін ескерген жоқ. 
Бірақ  ілгері  жүріп,  Тобықтыға  қарай  басқан  сайын  осы  жетек  молая  берді. 
Әрберден  соң  қосарына  жетек  ат  алмаған  жүргінші  бірен-саран-ақ  боп  қалды. 
Тобықты  шетіне  ілінер  кезде  осы  жылқылардың  саны  он  беске  жетіп,  енді 
жетек емес, топталып, жеке айдалып отыратын болды... 
Мұның  бәрі  аға  сұлтан  сапарының:  «олжа  мен  сыйдан  қоюланып  келе 
жатқанына»  айғақ  еді.  Құнанбай  аулында  дәл  осы  күнде  құмалақ  салған  кісі 
болса,  жүргіншілердің:  «Бүйірі  тоқ,  қанжығасы  берік,  қос-қосардан  олжасы 
бар!»  дер  еді.  Жорыққа  аттандырған  барымташыға  түсетін  құмалақ  бұларға  да 
түсер еді. 
Қоналқа  жерде  бөгелгені  болмаса  түстікке  аялдамай,  күндіз  баласында 
үнемі  суыт  жүріп  отырған  топ  Қарқаралыдан  шыққанына  жетінші  күн  дегенде 
Шыңғыс тауының батыс жақ тұмсығына кеп ілінді. 
Осы  жетінші  күні  Құнанбайлар  Төлепберді  мен  Қамысбай,  Бурахан  - 
үшеуін қуып жетті. Абай олардың неге бұрын кеткенін білген жоқ-ты. 
Алдағы  бір  сар  жотадан  қалың  жылқы айдап  бара  жатқан  топты  көргенде, 
Майбасар: 
- Әне, анау сол біздін жігіттер болар! -деген. 
Айтқандай сол жаңағы үш жігіт Құнанбайдың мал айдатқан адамдары екен. 
Олардың алдында жүз қаралы жылкы бар. 
Өңшең бір төңкерілген доға жал ту бие мен ылғи іріңдей, ірікті аттар екен. 
Қарабас айдап келе жатқан он бес ат та осыған қөсылды. 
Құнанбай жылкы ортасына кеп, айдаушылармен сараң амандасты да, азын-
аулақ бөгеліп, тұрып қалған еді. 
Абай қатты бір күдік ойлап, Қарабастың қасына келіп сұрастыра бастады. 
- Бұл не қылған жылқы? Кімнің жылқысы өзі? 
- Е, олжа, әкеңнің олжасы емес пе? 
- Олжа не? Кімнен алынған? 
- Өй,  тәйір,  баламысың?..  Әкеңнің  қол  астына  қараған  халық  аз  ба? 
Қарқаралыда күні-түні басып жатқан қара нөпір ел кәне... Сондағы еңбек үшін 
ақы алмай ма? Текке істей ме? - деді. 
Абай бұдан әрі сұраған жоқ. Бірақ барлық өзгеше жайды ұғынып, өз-өзінен 
қысылды  да  қып-қызыл  боп  кетті.  Дәл  қасында  жүргенмен,  мынау  әкенің, 
мынау барлық үлкеннің қиын сырын сезбеген екен. 
Шөже  есіне  түсті...  «Ортасын  дарияның  қарға  шоқыр...»  деп  еді.  Шөже 
Құнанбайдан  алыс,  шалғай  жүргенмен,  бар  сырды  біледі.  Білгендіктен  соны 
айтқан екен ғой. 
«Не деген ұят?» деп, Абай көңлі, әсіресе, Шежеден ұялғандай болды. 
Жүргіншілер тағы да соқтырып жүріп кетті. Абай желіп келеді. Бүгін бұлар 
Қарашокыдағы  Күнкенің  ауылына  да  жетпек.  Туған-туысқан  баршасын  осы 
кеште  көреді.  Бірақ  көптен  асықтырған  сағыныштың  өзі  де  Абайдың  жаңағы 
ауыр сезімін айықтыра алмады. 
Ойлап,  бойлай  берген  сайын  тағы  талай  құнсыз  істер  тапты.  Алшынбай 
аулына  жіберілген  елу  қара  да  осы  шоғырдың  бір  бөлегі.  Қалыңмал...  Абайға 
әперетін келіннің қалыңмалы да бұлдырдан... 

 
99 
«Иегі  ителгінің  тамағындай»  деп  қызықтырған,  асықтырған  қалыңдық? 
Ділдә!..  Мұның  жары!  Не  боп  барады!..  Көңілдегі  қандайлық  күнәсіз  дүние 
кірленіп,  жүдеп,  нәрсіз  боп  барады...  «Жар!  деген  ат  та  соншалық  жазықсыз 
қалпынан, хасиетті орнынан осындай боп  қор болады екен!» деп ойлады. Абай 
өзі үшін де, Ділдә үшін де наразы боп кетті, наразы ғана емес, ашулы еді. 
Парақорлық  -  кітап  айтатын  күнәнің  үлкені...  Парақорлық  бұрынғы 
Кеңгірбай  сияқты  атақты  бидің  де  сүйегіне  басылған  таңба  еді.  Өшпес  міні, 
кешпес  сұмдығы  сол  болатын.  Ол,  әсіресе,  қысылған  жандардан,  жазықсыз 
жұрттан түсетін жем. 
Көпшілікке  айтқызсаң,  Барлас,  Шөжелерге  айтқызсаң  -  ол  ең  бір 
кешірілмейтін  күнә...  Абырой,  атақ  әперіп  отырған  «құдай  үйінің»  өзі  де 
көптен-көп осындай малдан салынбады ма екен?.. 
Парадан  жиылып  та  мешіт  боп  қалқиып  тұрады  екен.  «Арамнан 
салындым» деп қаусап қалмайды. Оның ішінде де кұдай аты аталып, пайғамбар 
атынан  «құтпа»,  «уағыз»  сөйленеді.  Сәлделі  имам  көзін  сүзіп,  «тәбәрәкті» 
созып, «Бұқар мақамын күңірентеді екен. Жақсы көрдім деген баланың, жақсы 
тілеумен  айттырдым  деген  келіннің  ақ  тілеуі,  ақ  күмбезі  де  жем-парадан  үзік 
жамылып, жем-парадан шымылдық тігіледі екен». 
Осы  күні  кешке  Қарашоқыға  жеткенмен  Абай  әке  қасында,  Күнкенің 
аулында  қалған  жоқ.  Қасына  Жұмағұлды  ертіп  ап,  Жидебайға  қарай  асыға 
жөнеліп, жол бойы ылғи шауып, жортып отырды. 
Терезе  түбінен  қатты  жүрген  аттылар  етіп,  ауыл  иті  шабаланып  үріп  қоя 
берген уақытта үйдегі шешелер ояу еді. Кешкі астарын ішкен де жоқ екен. 
Бойы  ұзарып,  ірілеп  қалған,  беті  тотыққан  бала  жігіт  сәлем  беріп  кіріп 
келді.  Байсалды  бір  үлкен  жолаушыдай  боп,  қалың  киім  киген.  Салмақпен 
басады. Осындай тұтқиылдан Абай кеп  кіргенде Жидебайдағы үлкен үйдің  іші 
қатты қуанып, шу етіп: 
- Абай!.. 
- Абайжан!.. 
- Қарағым!.. 
- Қоңыр  қозым!..  Абайжан!  -  деп  дабырлай  сөйлеп,  ерекше  шат  боп  қарсы 
алды. 
Үй  іші  тегіс  аман-сау!..  Әжесі  мен  шешесі  күйлі!..  Екеуі  Абайды  кезек-
кезек  сүйіп  жатыр.  Оспан  да  ұйқтамапты.  Айғайлап  қуанып  кетіп,  секіріп-
секіріп түсті. Өзін-өзі санға шапалақтап, ойнақтап жүр. 
-  Әпкел,  базарлығыңды  әкел!..  Тәттің  кәні?..  Берсеңші  шапшаң?  -  деп 
Абайды  шешелерімен  де,  Ғабитхан,  Тәкежандармен  де  амандастырмай 
асықтырып жатыр. Қойнын тінтіп, қалталарына қол жүгіртіп, қайта-қайта: 
- Әпкел!..  Бол  енді!  -  деп  дегбірсізденіп  қояды.  Осыдан  үш-төрт  күн 
өткенге шейін Абай үйде болды. 
Ешқайда  қыдырған  жоқ.  Әсіресе,  әке  қасына  барған  жоқ.  «Қарашоқыда 
қалың жиын бар екен. Күнкенің аулын қонақ басып жатыр екен. Мырзаға сәлем 
бере,  амандаса  барған  ел  ұшан-теңіз  екен»  дескен  хабарлар  Жидебайға  күн 
сайын  келіп  жатты.  Бұл  ауылдан  Құнанбай  қасына  кеткен  Тәкежан  ғана 
болатын. 

 
100 
Ол  Абай  келген  күннің  ертеңінде  Жұмағұлдан  олжа  жылқылардың  жайын 
есітіп: 
- Ылғи  сәйгүлік  аттар  дейді.  Бар  жақсысын  тағы  да  Құдайберді  таңдап, 
меншіктеп  қояды,  -  деп  Күнкеден  туған  ағасы  Құдайбердіден  жақсы  аттарды 
қызғанып,  -  таңдаулысын  алам!  Алып  келем!..  Осы  жолы  ма?..  Көрерақпын!  - 
деп, асыға жөнеліп еді. Сол кеткеннен әлі қайтқан жоқ. 
Абай  бұл  күндерде  екі  шешесі  мен  Ғабитханға  Қарқаралыда  көргендерін, 
сезгенін көп-көп әңгіме қып айтып жүрді. Кейде мұның әңгімесін тоқал шешесі 
сұлу Айғыз кеп тыңдайды. 
Бөжеймен  болған  татулықты  да  айтты.  Бірақ  бала  беру  жайын  білдірген 
жоқ.  Ол  өз  ішінде  жатқан  ауыр  күдіктің,  Абай  мынау  аналардың  қуанышпен 
қарсы  алған  күндерін  мұңайтқысы  келмеді.  Бұл  аналар  әкеменен  не  деседі? 
Оны көрер, әзірше Абай аузынан естігенде ең алғаш сезері, айтары - ашу, күйік 
болуға  мүмкін.  Ондайды  мезгілінен  бұрын  шығарып  Абай  қайтеді?  Ендеше 
қинамай тұра тұру қажет. 
Абай Жидебайға келетін күні осы жайды ойлап ап, жанындағы Жұмағұлға 
да: «Бұл ауылға айтпай-ақ тұра тұр» деп тапсырған. 
Осымен төрт-бес күн өткен шамада: «Бөжей де келіпті» деген хабар жетті. 
Құнанбай  сол  қарсаңда  Жидебайдағы  үйіне  Қарабасты  жіберген  екен.  Сол 
Зере мен Ұлжанға кеп: 
- Мырза сәлем айтты, ертең көп кісімен осында келеді. Және Бөжеймен бас 
қосып  табысатын  осы  үй,  осы  үйдің  қара  шаңырағы  бопты.  Мұнда  Бөжей, 
Байсалдар да келеді. Осыған қам істеп, күтіп алсын деп тапсырды! - деді. 
Ұлжан  ол  хабарға  сасқан  жоқ.  Айғыз  екеуі  екі  күндей  қам  істеді.  Үлкен-
үлкен  теңдерді  шешіп,  қымбат  кілем,  әсем  тұскиіз,  алаша,  көрпелерді  алып, 
Зере отырған үлкен үйді де, қонақ үйді де, Айғыз үйін де жақсы жасап қойысты. 
Астау-астау  бауырсақ  пісіріп,  қой  үйтіп,  құрт  ездіріп,  астарын  да  ықшамдады. 
Бірнеше қарындағы сары майдың ішінен тұзы дәл, дәмі жақсы, түсі асыл майды 
таңдап ап, сондай қарынды әдейі арнап бұздырды. 
Келесі күні айтқанындай Құнанбай, Бөжейлер бар нөкерлерімен тұтас кеп, 
ошарылып қалды. 
Бөжей  үлкен  үйге  кіргенде,  Зере  орнынан  тұрып,  қарсы  барып  бетінен 
сүйіп жылады да: 
-  Қарағым,  бауырың  суып,  қатыбас  боп  кетпедің  бе?  Балам  сен  едің  де, 
анаң мен емес пе ем?.. - деді. 
- Алда жарықтық-ай!.. 
-  Алда  бақыр  анамыз-ай!..  -  десіп,  Байдалы,  Сүйіндік  сияқты  Бөжейге  ере 
келген кісілер де босаңсып еді. 
Бөжей  де  шынымен  шіміркенді.  Зерені  құшақтап,  қысып  тұрып,  қатты 
күрсіңді  де,  қолымен  ақырын  ишарат  қып  орнына  отырғызды.  Өзі  де  Зеренің 
қасына отырып қалды. 
Аздан соң үндемей отырып, басын изеп, осы үйдегі балаларды көрді. Абай 
әжесінің  төменгі  жағыңда  отыр  еді.  Бөжей  ең  алдымен  соны  шақырып  ап, 
бетінен иіскеп, содан кейін Оспан, Смағұлды да беттерінен сүйді. Зере мінезіне 
орай етіп істеген туысқандық жауабы. 

 
101 
Бөжей  шынында  бұл  үйді  бөлек  бағалайтын.  Құңанбайдың  ғана  үйі  емес 
осы бір атаның ортақ үйі және жалпыға мейірбан, момын, адал үй деп санаушы 
еді. 
Бөжейлер жайласып отырғаннан кейін осы бөлмеге Құнанбай да кеп кірді. 
Қасында Қаратай, Майбасар, Құлыншақ сияқты нөкерлері көп екен. 
Абай  Бөжей  мен  өз  әкесінің  беттесіп  отырған  пішінін  көруден  ұялғандай. 
Өзінен  өзі  именіп  төмен  қарады.  Үлкендерге  орын  босату  керек.  Соны  сылтау 
қып, бұл үйден шығып кетті. 
Осымен бұл кеште де, ертең таңертеңгі аста да әкелерінің үстіне кірген жоқ. 
Жай  сырттан,  шешесінен  сұрастырғанда,  Бөжей  мен  Құнанбай  көп  үндеспей, 
шешіліспей, сыпайы ғана сыйласты дегенді есітті. 
Ертеңінде Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естіген жат сөзінің 
шешуі жетті. 
Өз  үйінде  жер  бауырлап  жылап,  Айғыз  жатыр  екен.  Қарабас  мұның 
қолынан  Кәмшатты  алып,  шарт  киіндіріп,  үлкен  үйге  апарыпты.  Екі  көзі 
қарақаттай жайнаған, аппақ Кәмшат, мұндағы барлық үлкендерге: 
- Аға, ата! Ата... аға!. - деп, кішкентай нәзік саусақтарын созып, жалт-жалт 
қарайды. 
Мұның  әлдеқандай  жалынышты  түрін  көруге  шыдамай  Ұлжан  шығып 
кетті.  Үнсіз  жылап,  бүктүсіп  Зере  қалды.  Үлкендердің  арасынан  аяз  лебін 
сезгендей боп Абай да атқып шығып кетті. 
Құнанбай  босаңсығаң  пішіндердің  барлығына  жалғыз  көзін  оқтай  қадап, 
атып  жібергендей  қарайды.  Қарқаралыдағы  байлау  бойынша,  мұның  Айғыз 
қолынан тартып алып беріп отырған баласы осы. 
Үй  ішінде  түк  өзгеріс  сезбеген,  бұрынғысынша  былдырлаған  Кәмшат, 
тысқа қарай бір бөтен, үлкен кісі ала жөнелгенде ғана шошынып еді. 
- Апа!.. Апа!.. Әже!.. - деп, шырылдап қоя берген. 
Кішкентай  жүрегін  қорқыныш  қысып,  зар  қаққан  бала  дәл  бір  от  басып 
алғандай шыр-шыр етеді. 
Осы  зарлаған  үні  Бөжейлер  аттанып  ұзап  кеткенше  басылмады,  алыстаған 
сайын,  отқа  өртеніп,  не  суға  жұтылып  бара  жатқан  жанның  зарындай  боп, 
ызың-ызың естіліп тұрды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
102 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ШЫТЫРМАНДА 
 

 
Абай  Қарқаралыдан  қайтқан  соң  атқа  мініп  ел  аралаған  жоқ.  Көбінесе 
Жидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болды. Көктемге шейін күндіз-түні 
кітап оқуға салынды. Медреседен қайтқалы кітапқа анықтап оқталғаны осы еді. 
Арап,  парсы  тілін,  бірталай  сөздерін  ұмытыңқырап,  қарайып  қалған  екен. 
Алғашқы  бір  жұмадай  Ғабитханның  тәпсіріне  қарап,  бұрынғы  білген  тілдерін 
қайта  құрастырып  алды.  Содан  әрі  мұның  қолына  түскен  әрбір  қалың  кітап 
соншалық  бір  қатты  сағынып  жолыққан  ыстық  қымбат  досы  тәрізді  болды. 
Ғабитхан  да  кітап  оқығыш  болатын.  Соның  кітаптарының  ішінен  өзін 
қызықтырған көп-көп асыл бұйымдар тапты. Мұнда Абулқасым Туси-Фердауси, 
Низами,  Фзули,  Науаи,  Бабырлар  бар.  «Жәмшид»,  «Сеидбаттал  Ғази»,  «Мың 
бір  түн»,  Табары  жазған  тарих,  «Жүсіп  -  Зылихалар»,  «Ләйлі  -  Мәжнүндер», 
«Көрұғлы»  сияқты  хикая  дастандар  да  бар.  Абайдың  бас  алмай  оқығандары 
осылар.  Аздан  соң,  кешкі  шайдан  асқа  шейінгі  мезгілде  Абай  кейбір  оқып 

 
103 
шыққан  кітаптарын  үй  ішіне  әдемі  әңгіме  қып  айтып  беріп  отыратын  әдет 
тапты. Бұған әжесі себеп болды. 
Зере Абайдың кітапқа берген ықласын байқап, бір күні кешке: 
-  Қарағым,  осының  ақыл.  Ішкен  менен  жегенге  мәз  боп,  мойны-басы 
былқылдап,  ақылдан  да,  өнерден  де  кенде  боп  жүрген  бай  баласы  аз  ба?  Осы 
ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға!.. - деген. 
Әжесі  кітап  қадірін  жақсы  айтқанға  Абай  риза  болып,  жаңағы  сөзден  соң 
күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп, 
баршасы  телміре  тыңдайтын.  Анда-санда  Айғыз  да  кеп  естуші  еді.  Ол  Кәмшат 
кеткелі  қатты  жүдеу.  Үлкен  қара  көздері  аларыңқырап,  барлық  жүзі  сұрланып 
ақшыл тартыпты. Шеке тамырлары көкшілденіп, әдемі жүзіне уайым көлеңкесі 
түскен тәрізді. 
Үнсіз уайымдаған ана қаралы. Абай бұл шешесінің күйін қабақпен таниды. 
Ол келген кештерде әңгімесін ерекше ықыласпен айтады. 
Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады, Ғабитхан, тіпті өзі 
оқып  шыққан  кітаптарды  Абай  хикая  қып  айтқанда,  бар  бейілімен,  жақсы 
ілтипатпен тыңдайтын. 
Бір жаманы, жалғыз-ақ көктем болып, мал төлдей бартаған уақытта қызық 
кітаптың бәрі тегіс оқылып, бар әңгіме айтылып қалды. 
«Әңгіме,  әңгіме»,  -  деп,  Абайға  емініп  отыратын  үй  іші  енді,  алғаш  Абай 
айтқан  әңгімелерді,  кейбір  малшы  қатынға  немесе  балаларға  қайта  айтқызып, 
қайта тыңдасатын болды. ... Бірақ олардың айтуы Абайдай емес, дәмсіз, үстірт. 
Ұлжан соларын сезіп, кей кезде тоқтатпақ боп: 
- Қыс өтті. Жаз шығып, мал төлдеп қалды. Ертектің кезі өтті. Әйтпесе, қыс 
аяғы ұзап кетеді. Қой-ақ қой! - деп қалжың етіп, тоқыратып тастайтын. 
Бірақ  шешелер  оңашада  Абайға  жақсы  кітаптың  жақсы  хикаяларын 
қайтадан ескерте беруші еді. 
Ғабитхан  мен  Абай  екеуі  маңайда  кітабы  бар  молда  сүрей  кәріден,  шала 
сопылардан  бірен-саран  кітап  тапқызып  алысты.  Тағы  бір  кезде  Ғабитхан 
әдейілеп  тұрып,  Қарашоқыға,  Күнкенің  аулына  барып,  екі  қоржын  басы  кітап 
әкелді. 
Құнанбай  Қаркаралыда  Хасен  молда  арқылы  бірталай  қызық  кітаптар 
алғызған еді. Оны елге де жеткізген. Бірақ Абай бір рет: 
- Бізге беріңіз! - деп сұрағанда: 
- Қасымда  отырып,  өзіме  де  естіртіп  оқып  бер!  Сүйтсең  берем.  Әйтпесе 
қызығын өзім көріп, өзім ғана білем дегеніңе бермеймін! - деп, бергізбей қойып 
еді. 
Абай  әке  қасына  барғысы  келмегендіктен  ол  кітаптардан  да  кұр  қалып 
жүрген.  Ғабитхан  соның  есесін  тауып,  бірер  күн  сұрап  жүріп,  алып  келді.  Үй 
ішіне де, Абайға да Ғабитханның табысы үлкен олжа еді. 
Бірақ  дәл  осы  кітаптар  келген  күннің  ертеңінде  Абайға  шақырту  кеп, 
Қарашоқыға жүріп кетті. 
Күнкенің  аулына  Абай  келісімен,  Құнанбай  мұны  Құлыншақ  аулына 
жұмсады.  Әкесінің  Құлыншаққа  айтатын  сөздерін  Абай  ұғынып  ап  тысқа 
шыққанда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұр екен. 

 
104 
Құлыншақ  аулы  алыс  емес  болатын.  Қарашоқының  күнбатыс  жағы, 
бұрынғы  Қодар  қыстауының  арғы  жапсары  Торғай  руына  тиісті.  Құлыншақ  - 
сол Торғайдың басты кісісінің бірі. 
Қарашоқыны бөктерлеп, Аймаңдай аттың жол жорғасымен жүріп отырып, 
Абай: 
- Шыңғыстың  бөктері  тегіс  көктепті-ау!  -  деп,  айналаға  көз  жіберіп  келе 
жатты. 
Аласа,  алкүрең  бетеге,  даланы  да,  бөктер,  беткейді  де  тегіс  көгертіп, 
жасарта бастаған. Бірақ, аспан ашық емес. 
- Жалғыз-ақ осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен! - деді. 
Екі-үш  күннен  бері  бұл  өңірде  күн  бұлыңғыр  болған.  Және  кыстың  соңғы 
салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді. 
- Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті 
ғой! - деп, Қарабас қыстыгүні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты. 
- Неге?  Сәуір  қыстың  айы  емес!  Жаздың  айы  емес  пе?  Жылда  бүйтед 
деймісің? 
- Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді? 
- Апрель дейді. 
- Ендеше, сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар 
текке  айтпаған.  Сәуірдің  басындағы  суық  бітпей,  жаз  шықпайды  дегені,  -  деп, 
Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады. 
Бұл  жөнінде  Қарабас  атшабарда  Абай  сезбей  жүрген  көп  білім  бар  екен. 
Сәуір  -  бұл  айдың  арапша  аты.  Қазақша  -  мамыр.  Одан  соң  маусым...  Абай 
қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды. 
Бірақ  сәуір  турасындағы  жаңағы  сөзді  алғаш  есіткені  осы  еді.  Жазға 
салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді. 
- Осьі «отамалы» немене? Не деген сөз өзі? - деп, Абай соны сұрады. 
- Отамалы  көкек  айының  он  бірінде  кіріп,  он  жетісінде  шығады.  Желсіз, 
борансыз  өтпейді.  Қыстың  ең  соңғы  зәрі  сонда.  Отамалы  деп  атанғаны  бір 
байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! 
Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі, қойды жайылысқа шығармайық, боран 
болады.  Қойдың  қыстан  титықтап  шыққан  кезі,  малыңнан  айрыласың  десе, 
байы  бір  діні  қатты  кәпір  екен.  Сен  тоғышарлық  қып  алдап  отырсың  деп, 
Отамалыны  сабап-сабап  қойды  жайылысқа  шығартады.  Сол  күні,  құдай 
көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып 
кетіп  қырылыпты  да,  қойдан  қалмаймын  деп,  Отамалы  бақыр  да  үсіп  өліпті. 
Көкектің  суығы  -  «отамалы»  атанғаны  содан  дейді.  Әжең  бақыр,  соны  біледі 
ғой, - деді Қарабас. 
Осыдан  соң:  «Айдың  тоғамы»  деген  не?  «Өлі  араның»  не  мәні  бар?  «Қыр 
куйек»  неден  қойылған?  Абай  осыларды  да  сұрастырып,  көп  қызық  әңгімелер 
есітті. Аздан соң есепшілер жайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып: 
- Күн  қайырып,  есеп  айтуға  өзің  қалайсың?  -  деді,  жаңағының  бәрін  біліп, 
бәрін  жақсы  әңгіме  еткен  Қарабас  есепшіден  аман  емес  шығар  деп  ойлап  еді 
Абай. 
Қарабас күліп: 

 
105 
- «Күнәң  аз  болса,  күн  есепте!»  дейді  екен  осы  күнде  молла,  қожа.  Бірақ 
қолдан  келсе,  есепші  болған  жақсы-ақ  қой.  Мен  құнт  қылмай,  құр  қалып 
жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады, - деді. 
Бірқатар  жол  жүріп  кеп,  екі  салт  атты  Қодар  қорасының  тұсына  жетті. 
Абай,  Қодар  мен  Қамқаның  басына  бұрылып  құран  оқып,  үндемей,  томсарған 
күйінде ілгері тартты. 
Анада  көрген  қатал  суық  суреттер  көз  алдына,  дәл  бүгін  таңертең 
көргендей  боп  қайта  елестеп  еді.  Өзінің  сол  күні  аққан  ыстық  жасы,  хасірет 
жасы да есіне түсті. 
Ауылға  кеп  түскенде  Абайдың  түсі  үлкен  кісінің  түсіндей  боп  томсарған, 
салқын еді. 
Құлыншақ  аулы  әлі  қыстауда  екен.  Күн  жылынғаң  кезде  тамнан  шығып, 
қыстау  жанына  кигіз  үй  тігіп  отыратын  әдет  болушы  еді.  Қарашоқыдағы 
Құнанбай аулы сүйткенмен Құлыншақ олай етпепті. 
Өзін  бала  көргенмен,  Құнанбай  жібергенін  ескеріп,  Құлыншақ  Абайды 
үлкен кісідей қарсы алды. Қонақтар отырып, амандасып болған соң: 
- Уай, қатын, қазан көтер мына қонаққа! - деп бұйрық етті. Құлшыншақтың 
«бес  қасқа»  деп  атанған,  бес  мықты  ұлы  болатын.  Олардан  қазір  Манас  қана 
үйде отыр. Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ мандайлы, нұр 
жүзді, балуан тұлғалы жас жігіт Құлыншақтың немересі еді. Үндемей отырып, 
домбырасын тыңқылдатып тартады да, қонақтарға салқын қарап қояды. 
Үйде әзір тұрған шай бар екен. Манастың келіншегі дастарқан жайып, шай 
жасай бастады. Жүзі жұқалау келген, самай шашы жып-жылтыр, қырлы мұрын, 
қара  торы  келіншек  аса  бір  таза,  шапшаң  көрінді.  Бар  козғалысында  әдемі 
сыпайылықпен қатар, ширақ сергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық 
бергендей келісті әйел. 
Соның кірген-шыққан қимылына қарай отырып, Абай: 
- Құлыншақ аға! - деп, сөз бастады. 
Құлыншақ  Абайға  қарай  түсіп,  үлкен  сар  шақшасын  тырнағымен 
сыртылдата  кағып  отырып,  бір  кезде  көк  бұйра  насыбайын  екі  танауына 
құшырлана тартып қойды. 
- Әкем сізге сәлем айтып еді... 
- Сәлемет болсын... 
- Айтқаны,  мына  жердегі  Беткұдық  жайы.  Бұрын  Борсаққа  тиісті  қоныс 
екен. Ақперді Борсақ қыстауын алған соң, қонысы мен өрісін тегіс алдым дейді 
ғой.  Соған  былтыр  күздігүні  қыстауға  кірер  алдында  сіздің  ауыл  қоныпты. 
Бірталай отырыпты. Қазір жаз шыға: «Қорасының жаны болған соң, тағы қонып 
жүре  ме?  Мен  ірге  тигізбей,  күздігүні  пішенін  шауып  алайын  деп  ем,  осыны 
Құлыншақ маған қиса екен! Қонбаса екен!» деп, әкеме өтініш айтыпты. 
- Е-е, Ақперді оны айтсын, ал, әкең не дейді? 
- Әкем  Ақпердінің  осы  сөзі  орайлы  ғой.  Құлыншақ  қонбаса  жақсы  болар 
деп, осы сәлеммен жіберді, - деді. 
Қысылған да іркілген де жоқ. Баппенен, үлкен кісідей айтып шықты. 
Құлыншақ үндемей, басын изеңкіреп отырып мырс ете берді де: 
-  Шай  іш!  Кәне,  жақындаңдар!  -  деп  шайға  қарай  қозғалды.  Абай  да  шай 
іше бастап, Құлыншақтың жауабын күтіп отыр. 

 
106 
Құлыншақ  бірер  шыны  шай  ішкенше  үндемей,  сазара  түсіп,  бір  уақытта 
Абайға оқыс бұрылды да; 
- Уай, балам, әкең осы Бетқұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме 
екен? Борсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой. Көгі болса бұрын да 
орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді ме? - деді. 
-  Оны  білген  көрінеді.  Бірақ  тегінде,  меншік  бар  да,  келісім  бар  ғой, 
ақсақал.  Даусыз  иесі  Борсақ  еді.  Соның  меншігі  еді.  Құлыншақ  иелік  жөнімен 
емес, келісім ретімен үлес алып келген еді. Келіссе, Ақпердімен де соны істер. 
Тек, меншік Ақпердінікі екенін ойласын деді. 
- Е-е,  ат  иесі  Ақперді  десеңші!  Ендеше,  алдына  ат  иесі  мінет  те,  артына 
бізді  тілесе  мінгізіп,  тілемесе  мінгізбес.  Қыстауыңның  іргесінде,  желі  асындай 
жерде  тұрса  да,  Беткұдықтан  бетті  жу  десеңші!  -  деп,  Құлыншақ  наразы  боп, 
томсарып қалды. 
Абай  Құлыншақтың  ренжіген  жайын  ұғады.  Өз  басы  ренжітейін  деп  те 
ойлаған  емес.  Басында  әке  сәлемімен  келседе,  мұңын  арты  үп-үлкен  шаруа 
жайы  екенін  онша  бағалаган  жоқ-ты.  Енді  мынандай  үлкен,  нағыз  адамның 
амалсыз ренішіне қарай, өзі айтқан жайдың ауырлығын ұқты. 
- Менің әкелгенім осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз біліңіз. 
- Қайтпек  керек?  Ақперді!  Ақперді!  Ақпердіге  құдай  бақ  берді,  -  деп, 
Құлыншақ ащы бір мысқылмен күліп қойды. 
Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып, күліп жіберді. Тартысам 
деп  келген  емес.  Және  әке  қарызынан  құтылды.  Сондайды  шапшаң  болжап 
шыққан Абай жаңағы Құлыншақ қалжыңын іле жөнеліп: 
- Бақ  берген  емей  немене.  Борсақтан  қалған  аз  жерді  менікі  деп  тап  берді 
деңіз! - деді. 
Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді. Шай құйып отырған Манастың 
келіншегі,  әсіресе,  ырза  болды  білем,  қып-қызыл  боп,  қатты  күліп  жіберіп, 
Абайға жалт етіп қарап, тамсанып қойды. 
Құлыншақ шалқая беріп, Абайға: 
- Е,  балам-ай,  мынау  лебізің  қалай  жақсы  еді.  Тек  осыныңды  Ақперді 
есіткей етті! - деп, ырза боп қалды. 
Осыдан Құлыншақ Бетқұдық әңгімесін былай қойып: 
- Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен? Айғыз бишара 
жылап  қалды  деп  еді,  ол  қалай?  -  деп,  Абайдың  үй  ішін,  Зере  жайын,  Ұлжан 
күйін сұрастыра бастады. Кәмшат туралы Абай ешнәрсе айтқан жоқ. Құлыншақ 
қайта оралып: 
- Айыпқа  мал  бермеді  деп,  Бөжей  жағы  қомсынады  білем.  Сол  кішкене 
қарындасыңның  күтімі  де  келісті  емес  деп  есіттім-ау.  Айғыз  бақыр  соны  сезіп 
қайғырады ғой, - деп, қайдағы бір көңілсіз, шетін жайларды қозғай бастады. 
Абай  бұл  арада  ол  әңгіменің  ешқайсысына  сыр  беріп  ішін  ашпақ  емес. 
Құлыншақ жетектеген сөздерге басқан жоқ. 
Азырақ үндемей отырып, өзінше бір жөн тауып: 
- Ақсақал,  осы  сіздің  балаларыңыздың  «бес  қасқа»  атанатын  себебі  не? 
Соның мәнін ұқтырыңызшы? - деді. 
Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен. 

 
107 
«Байыпты  бала-ау  өзі.  Салмақ  бар  ғой.  Сыр  ашпайын  деп  отырғанын 
қарашы. Бұған да үйреткен екен...» - деп ойлады. Алғашқы сөздерін тастап: 
- «Қасқа  дегені  -  батыр  деп  айтқаны»  деп  болмайды  ғой  мыналар  түге. 
Жөнін  мынаның  өзінен  сұрасаңшы,  -  деп  Манасты  нұсқап  қойып:  -  Батыр  боп 
кімді мұқатып жүргенін кім білсін. Әйтеуір  қолтыққа дым бүрку ғой. Болмаса, 
анау бір кезде Бөкенші, Борсақ «Қарашоқыны бермеймін, өлісем» деп келгенде, 
әкеңнің  жалғыз  ауыз  сәлемін  есітіп,  осы  бес  баламды  ертіп  барған  мен  едім. 
Сонда иесі кетіп жатқан иен жерден тым құрыса бір құдық тиер деп ем. Тигені 
мынау  ма?  Қасқаның  тұмсығы  тасқа  тигені  осы  да!  -  деп  алғашқы  сөздеріне 
тағы бір оралып соқты. 
- Бүлінген  елден  бүлдіргі  алма  дегені  қайсы?  Бөтен  болса  бір  сәрі.  Бөгде 
емес,  Бөкеншіні  қуып  алған  кімге  құт  болады  дейсіз?  Өкініп  қайтесіз?  -  деп, 
Абай аса бір байсалды мәслихат айтты. 
Манас пен келіншегі осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жок. 
Ол  осыдан  соңғы  әңгімелерде  Құнанбайға  өкпелі  болған  кісінің  қабағын 
білдірді. 
Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: «Бөкенші, Борсақтан жер 
олжа  қылмадым»  деген  арман  екенін  білді.  Соны  ұғынумен  қатар,  жерден 
басқаны, жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа ішінен наразы боп 
аттанды. 
Абай  әкесіне  Құлыншақтың  көнгенін  айтса  да,  өкпесін  айтқан  жоқ.  Істеп 
келген ісін қысқа ғана баян етіп еді. 
Бөлек  жерде  Құнанбай  Қарабастан  да  сұрастырған.  Абайдың  айтқан 
сөздерін түгел есітті. Қарабас Абайдың бүгінгі мінездеріне ырза екен. 
-  Балаңыз  сөзге  ысылып  қалыпты.  Тіпті  бір  үлкен  кісідей  орамды  жатыр. 
Құлыншақ  екен-ау,  ұтылады  екем-ау  -  демеді.  Қалай  болса  да  тең  сөйлеседі!  - 
деп, мақтай бастап еді. 
Құнанбай  «Жетті,  доғар»  дегендей  ишарат  қылды  да,  Қарабасты  тоқтатып 
тастады. Осының ертеңінде Құнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол 
Қарабасты қосып, енді Сүйіндікке жіберді. 
Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келді. Өз қыстауынан айрылып, 
қарауылдың бас жағын -  Түйеөркеш деген жерді  қыстаған Сүйіндік аулы қазір 
тамда  емес,  киіз  үйде  екен.  Мал,  жан  көп,  бай  ауыл  осы  орынды  қыстауға 
лайықтап алғанмен, әлі жаңа  қыстау сала алмай, ескілеу тар  қораға сыя алмай, 
күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты. 
Сүйіндіктің  аппақ  үлкен  үйі  жылы  екен,  іші  тола  тірелген  жүк,  буулы  тең 
менен сандықтар. Оның ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, түскиізбен 
қоршалыпты. 
Саптама  мен  тиін  ішікті  әлі  тастамаған  Абай  бұл  үйде  тоңазитын  емес. 
Биылғы  көктемде  алғашқы  рет  киіз  үйге  қонғалы  отырғаны  осы.  Мұнда  бір 
жеңіл  салқындық,  кең  тыныс  бар.  Көктемдегі  киіз  үй  Абайға  әрқашан  таңсық 
болатын. 
Үлкен  үйдің  ортасында  ала  көлеңкелеу  жанған  тас  шам  бар.  Сүйіндік 
бәйбішесімен  және  екі  баласы  -  Әділбек,  Асылбекпен  -  бәрі  де  қонақтармен 
бірге  болды.  Бұл  үйге  әсіресе,  өзгеше  көктем  нұрын  енгізген  бір  жан  бар.  Ол 
Сүйіндіктің  қызы  -  Тоғжан.  Абай  келгеннен  бері  Тоғжан  үлкен  ағасы 

 
108 
Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, 
әлдеқандай  былдырлаған  тілменен  Тоғжанның  келері  мен  кетерін  паш  етеді. 
Құлақтағы  әшекей  сырғасы,  бастағы  кәмшат  бөркі,  білек  толған  неше 
білезіктері  -  баршасы  да  бұл  өңірден  Абайдың  көрмеген  бір  сәні  сияқты. 
Толықша  келген,  аппақ  жүзді,  қырлы  мұрын,  қара  көз  қыздың  жіп-жіңішке 
қасы  да  айдай  боп  қиылып  тұр.  Қарлығаш  қанатының  ұшындай  үп-үшкір  боп, 
самайға қарай та-тылған қас, жүрекке шабар жендеттің жебесіндей. 
Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір 
түйіле  түсіп,  бір  жазылып  толқып  қояды.  Елбіреп  барып  дір  еткен  қанат 
лебіндей.  Самғап  ұшар  жанның  жеңіл  әсем  қанатындай.  Биікке,  алысқа 
мегзейді...  Абай  көпке  шейін  Тоғжан  жүзінен  көзін  ала  алмай,  телміре  қарап 
қалады. 
Қыздың  көп  кіріп  шығысы  қонақтардың  қамы  екен.  Аз  уақытта  дастарқан 
жайғызып,  күтуші  әйелге  шай  құйғызып,  өзі  әкесінің  төменгі  жағына  отырып, 
шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады. 
Абай  Сүйіндіктен  де  қысылған  жоқ.  Бала  емес,  ысылған,  ашық, 
үлкендерше сөйлейді. 
Тоғжан кеп отырғаннап кейін, Сүйіндікке қарап: 
- Сүйіндік  аға,  осы мына  сіздің  жердің  алдындағы  Қарауыл  дейтін  жалғыз 
биік, не себепті Қарауыл атанды екен? - деді. 
Сүйіндік: 
- Кім білсін, шырағым, - дей түсіп, аз отырып: - Е, Тобықты мен Матайдың 
шабуылы,  жаулығы  қалған  ба?  Сондағы  куғыншы  мен  жортуылшының  бірі 
койған аты-дағы. Өзі өзге таудан бөлініп, айдалаға оқшау барып тұр ғой. Содан 
қарауылдамай, қайдан қарауылдасын! - деді. 
- Сүйтіп,  бұл  атты  Тобықты  қойған  дейсіз  бе?  Тобықты  келмес  бұрын 
сондай ат жоқ па екен? 
- Қайдан болсын! Бұл өңірдегі барлық атты Тобықтының өзі қойған. 
- Әй, білмеймін-ау! Бар атты өзі қойса, Шыңғыс дегені несі екен? Шыңғыс 
деген Тобықты бар ма? 
- А, жоқ! Мынауың жаны бар сөз. Бәсе, бұ Шыңғыс деген осы үлкен алып 
таудың  аты  неге  Шыңғыс  атанды  екен  бұл?  -  деп,  Сүйіндік  өзі  де  ойланып 
қалды. 
Әділбек әкесінің мүдіргенін намыс көріп: 
- Шыңғыс  деген  сөз  «шын  қыс»  дегеннен,  қысының  қаттылығынан 
болыпты-мыс деседі ғой! - деп еді. 
Абай бұған күлді де: 
- Олай болмас. Шыңғыс деген белгілі хан аты ғой, - деді. 
- Бәсе, осы сөз менің де құлағыма бір тиген еді. Жадымда қалмапты. Кәне, 
білсең өзің айтшы, шырағым, - деп Сүйіндік Абайды тыңдағысы келді. 
Жас қонақ Шыңғыс хан жайында өзі білген, есіткен әңгімелерін айтып кеп, 
ақырында өз көңіліндегі біраз долбарды қосып: 
- Тауының  «Шыңғыс»,  биігінің  «хан»  аталғаны  содан.  Және  сонау  бір 
бөлек  тауы  «Орда»  аталғаны  да  сол  Шыңғыс  ханның  мекен  еткен  қонысы 
екенін  паш  етеді.  Қарауыл  демек  те  сол  кезден  қалған  ат  емес  пе  екен?  -  деп 
тоқтады. 

 
109 
Сүйіндік Абай сөзін қатты ықыласпен тыңдады. Алдындағы шайы ішілмей, 
кесесі  суып  қап  еді.  Тоғжан  әкесінің  соншалық  тыңдағанын  енді  байқады.  Ол 
Абайға таңдана қарап, бірталайға дейін көз алмады... 
Үй  іші  Абай  айтқан  жаңалықтарды  қызыға  тыңдап,  көңілденіп  қап  еді. 
Асылбек, Қарабастар: 
- Қисынды-ақ екен, - десті. 
Шыңғысты былай қойып, тақ осы Сүйіндік қыстауы Түйеөркештің қасында 
тұрған  «Хан»  биігін,  онан  соң  Мамай  қыстайтын  анау  «Орда»  деген  таудың 
бәрін  де  шешті.  Соны  осы  күнге  шейін  неліктен  аталғанын  білмей  жүру, 
мұндағы үлкеннің бәріне енді ғана орасан көрініп еді. 
Сүйіндік Абайдың шынысын өзі әперіп:  
-  Жеп  іш,  Абай!  -  деп,  енді  қонағының  алдына  жент  пен  майды  да, 
бауырсақты да молырақ ысырып қойды. Әкесінің жас қонаққа жасаған осындай 
бейілін де Тоғжан сезіп отыр. 
Бірер мезгіл Абай өзіне қараған Тоғжанның әдемі қара көзін байқады. 
Солғын қарау емес, Абайды анықтап, түстеп, барлай қараған сияқты. 
Абайдың  да  әйелге  анықтап  қызыға  қараған  жолы  осы  сияқты.  Тоғжан 
ұзағырақ  қадалып,  көз  алмай  отырып  ақырын  қызғылт  тартқандай  болды  да, 
көзін тайдырды. 
- Көп  жасаған  білмейді,  көп  тоқыған  біледі.  Осылайша  ұққаның, 
тоқығаның  жақсы,  балам!  -  деп,  Сүйіндік  бір  тоқтады.  Абай  осы  сөзге 
жалғастырып: 
- Өзіңіздей  кісіден  есіткен  сөздер  ғой,  Сүйіндік  аға!  –  деп  аз  отырып,  - 
рұқсат  етсеңіз,  осы  өзіңіз  айтқан  кейбір  сөздерді  де  өз  аузыңыздан  ұғынайын 
деп ем! - деп Сүйіндікке  қарады. Тұрпайы емес, сыпайы бастап, орамды келді. 
Сүйіндік: 
- Е, сұра, айт, балам! Не сұрамақ ең? - дегенде: 
- Ендеше, осы жаңағы кіші Орданың тұсында Көжекбай, Құлжабайдың жер 
дауына билік айтқаң екенсіз. Сонда: «Мен қойдың бөлігін бөлмеймін, құдайдың 
бөлігін  бөлемін!»  депсіз.  Осының  мағынасы  қалай?  Соны  сұрайын  деп  ем!  - 
деді. 
Бұл  сұраққа  Қарабас,  Әділбек,  Асылбек  те  күліп  жіберді.  Тегі,  Абайдан 
басқаларына  жөні  мәлім  болу  керек.  Сүйіндік  Абай  сұрағына  аз  тіксініп,  қалта 
қарап, ойланып қап еді. 
- Шырағым, бұл сөзді әкеңнен ұғынсаң етті. 
- Менің әкем баламен ашылып сөйлей бермейді ғой. Білесіз ғой. 
- Бірақ жаңағы іске әкеңнің қатысы бар ғой! Оны білуші ме едің? - Қарабас, 
Асылбектер әлі күліп отыр. Олар Сүйіндіктің қашқалақтағаны мен сыпайылық 
сақтағанына және Абайдың жансыз әңгімені қадала сұрағанына күледі. 
- Әкемнің қатысы барын білемін. 
- Ендеше,  әкең  аты  араласқан  сөзді  ең  әуелі  әкеңнін  өзінен  ұғынғаның 
мақұл! 
- Бәрекелді!  Сүйіндік  аға,  оныңыз  жақсы  ақыл!  Бірақ...  сол  билік  тұсы,  сіз 
бен менің әкем екі араңыздың суысқан тұсы болды, дейді. Ол рас қой? 
- Рас! 

 
110 
- Ендеше,  сізбен  қалай  араздасқанын  мен  өз  әкемнен  ғана  біліп  қойсам, 
мына  Әділбек  пен  Асылбек  ағам  сізден  ғана  ұғынып  қойса  не  болады?  Анық 
шынға  жете  алмай,  сыңар  жақ  кетеміз  ғой.  Бірден,  адасамыз.  Екіншіден,  бала 
мен  бала,  мына  біздер,  сырттан  қырбай,  сырттан  шалғай  кетісеміз  ғой.  Сіз 
маған, менің әкем бұл кісілерге айтып отырса таразының басы тең баспас па еді? 
Сүйіндік  те,  үй  іші  де  Абайдың  мына  дәлелдерін  дұрыс  көрді.  Қарабас 
сүйсініп кетіп: 
- Дұрыс-ау  осынысы  баланың?  -  деп,  Сүйіндіктің  әңгімесін  айтқызуға 
бейімдеді. 
- Балам-ай,  алды-артымды  орап  алдың-ау  осы  сен,  ә?  -  деп,  Сүйіндік 
ақырын күле түсіп, екі ойлы боп қалды да Асылбекке қарап: 
- Ей,  менің  балаларым,  мына  бала  қонағың  тартымды  жатыр-ау  өзі, 
ойлаймысыңдар?  -  деп,  жақсы  жадырап,  шын  бейілденді.  Тоғжан  шай  ішіліп 
болса  да,  дастарканды  жиғызбай,  күлімсірей  түседі.  Жиі  қарап,  Абай  көзімен 
кездескенде, көптен бергі сыйлас танысына жасайтын ілтипат білдіреді. 
Абай әңгімені алғаш өзі ойлаған жаққа бұрды. 
- Сол  менің  әкеммен  қырбай  боп  қалған  жеріңізді  өзіңіз  ұғындырыңыз, 
Сүйіндік аға! 
- Өтінсең,  айтайын!  Біле  жүр!  Сенің  әкең  Мамай  ішінде  Жамантаймен 
көңілдес боп жүріп, өкіл күйеу болғанда екі жүз қой кит киген. 
- Өкіл күйеуі қалай! 
- Өкіл күйеуі шын күйеу емес, тамыр есепті нәрсе. 
- Онда «тамыр» деп неге аталмайды? 
- Тамырлық құрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісімен жас 
жігіт тамырласам десе, кейде осылайша өкіл куйеу боп аталады. 
- Иә, сонымен?.. 
- Бертінде  сол  Жамантайдың  баласы  Көжекбай  өзінің  Құлжабай  деген 
кедей  ағайынымен  жерге  таласты.  Мырза:  «Соған  билік  айт,  жер  бөлігін 
айырып  бер»  деп,  мені  апарды.  Мен  екі  жағының  сөздерін  ұғынып,  өз 
көңілімше әділдігін топшыладым да, «Бөлік былай болсын» деп жүріп отырдым. 
Сенің  әкең  өзі  де  басы-қасында.  Арт  жағымда  Көжекбайлармен  бірге  келе 
жатыр.  Мен  бөлікті  өз  көңіліме  сыйған  әділетпен  бөлмекпін.  Байқаймын, 
жүрісім Көжекбайға жақпайды. Тыжырынып, жарыла жаздап келеді. Аздан соң 
мырзаға сыбырлап, жалпылдап айта бастады. Әкең сенің Көжекбайды құп көрді 
білем,  арт  жағымнан  саңқ  етіп  дауыстап:  «Уай,  алапес!  Сен  қалай  жүріп 
барасың?» дегені. Мен екі жағына тең би емеспін бе? Ыза боп кетіп: «Уай, тәңір, 
койдын  бөлігін  бөліп  келе  жатқаным  жоқ,  құдайдың  бөлігін  бөлемін»  дедім,  - 
деп тоқтап қалды. 
- Я, сонан соң не болды? - деп, Абай ар жағын тағы айтқызбақ еді. 
- Арғысын  қайтесін,  сол,  шырағым?  Кетті  ғой  әйтеуір,  қым-куыт,  шым-
шуыт боп! -деп, Сүйіндік қолын бір-ақ сілтеді де, айтпай қойды. 
Абай  қып-қызыл  боп  кетіп,  шұғыл  ойланып  отырып  қалды.  Шамға  қарап 
қадалып  қалған  көздерінде  сол  шам  отындай  үлкен  қызғылт,  алыс  от  маздап 
тұрғандай. 
Тоғжан  қонақтың  мына  пішініне  енді  жай  ғана  емес,  тамашалап,  қызығып 
қарады. 

 
111 
Сүйіндік  үйінде  Абайдың  үндемей  қалғанына  ішнен  күліп  отырған  да  кісі 
бар.  Ол  Сүйіндіктің  кіші  баласы  -  Әділбек.  Асылбектей  емес,  ол  ожар,  тоң 
мінезді  болатын.  Енді  Абайдың  аңырып,  дағдарып  қалған  пішініне  қарап  өз 
ішінен: 
«Ал, тілегенің сол болса, қарық бол!» - деп, жымиып отыр. 
Бірақ  Абай  қатты  ойланып  қалғанмен  жасыған  жоқ.  Аздан  соң  және  өзі 
бастап  екінші  бір  әңгімені  сұрады.  Онысы  Сүйіндіктің  тағы  бір  сөзі. 
Өскембайға ас берген тұста айтқан сөзі еді. Сүйіндік оны да айтпақ болды. 
- Мырза  өз  әкесі  Өсекеңе  ас  берем  деп,  Көкшетауға  сауын  айтып,  қалың 
елді жиды ғой. Тобықтының одан үлкен асы болған жоқ. Естіген шығарсың? 
- Естіп ем. Соған сіз де бардыңыз ба? 
- Әкеңмен ол кезде қырбай едім! Бармадым. Бірақ Айдос, Жігітектен, тіпті 
анау  Мамай  Жуантаяқтан  да  ел  қалған  жоқ.  Жұрттың  бәрі  көшіп,  сонау 
Көкшетауға  барып,  ұлы  дүбір  мереке  жасады  ғой.  Сонда  Бөжей  мен  Майбасар 
келіспей  қапты.  Майбасар  старшын.  Жуантаяқтың  бір  ұрылары  Наймандағы 
Бөжейдің  нағашыларына  барып,  көп  жылқысын  әкеп,  қырып  тастапты.  Соның 
қуғыншысы  келіп,  Бөжейге:  «Есемді  әпер!»  дейді  ғой.  Бөжей  Майбасарға 
асылады. «Ақылдастыр, малын әпер!» -  дейді. Соған Майбасар: «Сандалып, не 
айтып  жүрсің?»  деп,  ренжітіп  тастайды.  Бөжей  өкпесінің  басы  осы  еді  ғой. 
«Ажарым әтпейтін болса, шашпауыңды несіне көтердім?» деп өкпелеп қалады. 
Сүйтеді  де,  ас  тарқамай  көшіп  кетеді.  Бұған  еріп  Жігітек,  Байшора, 
Жуантаяқтан да кеткендер болды. Осы орайда мен үйде жатып, бір-екі ауыз сөз 
айтып ем, қадағалап отырғаның со ғой. 
- Не айтып едіңіз сонда? 
- Білмексің гой, оны да айтайын: 
 
Өзге егіз болғанда, құдай жеке,  
Алдыңда ата-анаң ол бір Меке, 
Қырық үйліні қырық пышақ қылып едің,  
Өз асың да бұзылды-ау, Өскенеке? – 
 
деп ем. Жұрт дегеннің ұмытпай жүргені со-дағы! - деді. 
Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді. 
- Мынаның ар жағы да бар ғой. Онысын айтсаныз қайтеді? 
- Ар жағың қайсы, балам-ау? 
- «Қырық үйліні қырық пышақ қылдың» дедіңіз ғой! Ол би атамның ісі ме, 
жоқ басқаның ісі ме еді? 
- Абайжан-ай,  қайдағыны  айтқыздың-ау!  Айыпты  Өскенекеңнің  өзі  емес. 
Тағы  сенің  өз  әкең  еді.  Енді  сен  маған  осыны  айтқызып-айтқызып,  ертең 
әкеңмен екеумізді тағы араз қыласың-ау, сығыр! - деп, Сүйіндік күліп қойды. 
- Жок,  Сүйіндік  аға,  білейік  деп  сұрадым.  Сіздің  үстіңізден  шағым  жиям 
деп сұрамаймын ғой! 
- Рас  айтасың,  балам!  Ендеше  «қырық  үйлі»  деген  анау  Көкен  тауының 
баурындағы  Уақ  болады.  Сол  ел  ішінара  араздыққа  басып  жүргенде  Құнекең 
араласып,  Қонай  деген  батырды  сүйейді.  Егес  күшейіп  келген  кезде,  Қонайға 
ақыл салып, жау жағын шапқызып жібереді. Қапыда калған ел қарсыласа алмай, 

 
112 
көл жағасындағы қалың  қамысқа қашып кіреді екен. Құнекең қамысты өртетіп 
жібереді.  Сонда  өрттен  қорқып,  қашып  шыққан  елді  қуғызып  жүріп  сабатып, 
Қонайға жеңгізіп берген еді. Осыны айтып ем! - деп, әңгімесін бітірді. 
Абай осыдан соң өзге әңгіме сұраған жоқ. 
Аздан кейін ет пісіп, жұрт асқа отырды. Абай мен Қарабасты үй іші бөгде 
қонаққа  санаған  жоқ.  Сол  себепті  күндегі  дағды  бойынша  дастарқан 
айналасына  Сүйіндіктің  барлық  балалары  да,  бәйбішесі  де  отырған-ды. 
Әкесінің төменгі жағынан шешесімен екі ортадан отырған Тоғжан Абайға қазір 
бұрынғыдан  да  жақындай  түсті.  Абай  бағанадан  бері  Тоғжанға  бет  алдынан 
қараса, қазір көбінесе қырынан көріп отыр. 
Орташа  келген  қырлы  мұрыны  енді  анық  көрінді.  Қырынан  қарағанда 
біртүрлі  сүйкімді  екен.  Жұмсақ  жұмыр  иегінің  астында  жұқа  ғана  бір 
толқындай  боп,  нәзік  бұғағы  білінеді.  Жылтырап  таралған  шашы  қап-қара 
қалың  өріммен,  ерекше  аппақ,  нәзік  мойнына  қарай  құлап  түсіпті.  Үлкен  де, 
кіші де емес, әшекей сырғасы діріл қағып, дамыл алмай сілкіне түсіп тұр. 
Әлденеден, белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, қайта сұрланады. 
Толқып  қайтып  тұрған  ұяңдық  па,  басқа  ма?  Әйтеуір  өзінше,  өзгеше  тыныс 
алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар. 
Қонақасыға әрқашан аса мырза аталған Сүйіндік үйі бүгін де етті келістіріп 
асқан  екен.  Қарабастың  өткір  сары  пышағы  қыстан  қалған  семіз  жаяны  да, 
алтындай  сары  уілдірікті  де  льш-лып  сызып,  жапырақтап  жатыр.  Жалғыз  сүр 
емес, сары ала қып асқан екен. Қыс бойы бордаққа байлаған, жаңада сойылған 
қойдың  жас  сүбелері  де  бар  екен.  Бапты  қып  жемек  болған  семіз  қойды  жай 
сойғызбай,  үйіткізіп  алыпты.  Жас  ет,  үйіткен  қойдың  еті  болғанда,  мына 
табаққа тағы да өзгеше дәм бітіріп, нәр берді. 
Бірақ  ас  осындай  бапты  боп,  үй  іші  тегіс  ерекше  көңілденіп  жеуге  кіріссе 
де, Абай жөнді жемеді. Тоғжан да білезікке толы аппақ жұмыр білегін табаққа 
қарай сирек созады. Сүйіндік пен Асылбек Абайды қайта-қайта: 
- Же, шырағым. 
- Жесеңші, Абай! Алмадың ғой! - деп, әлденеше қозғап көріп еді, Абай жей 
алған жоқ. 
Ет  артынан  Сүйіндіктің  көптен  сауғызып  отырған  қысырларының  сары 
қымызы да келді. Оны да жақсы әңгімелесіп, ұзақ отырып ішісті. 
Бұл  кештің  соңғы  кезінде  Абай  алғашқыдай  емес,  тартынып  қалғандай, 
баяу еді. 
Үй  иелері:  «Жас  қонақтың  ұйқысы  келді»  деп,  соған  жорыған.  Ақыры, 
төсек  салынатын  боп  барлық  еркектер  тысқа  шықты.  Абай  көңілі  бұл  кеште 
өзгеше бір күшті сезімнің әсеріне толы. 
Бұрын  «ғашық  жар»  көп  оқыған  хикаяларда,  көп-көп  естілген  ауызша 
әңгімелерде  болса,  бүгін  Абайға  ең  алғаш  рет  кітап  емес,  әңгіме  емес,  өзінің 
анық,  аппақ  мүсінімен,  күлкісі,  қозғалысы,  тынысымен:  «Сол  мен  едім»,  «мен 
мұндамын» деп келгендей. 
Сүйіндік  әңгімелерінің  артынан,  әуел  кезде  көңіліндегі  тұнып  жүрген  бір 
ауыр сезім ренжіткендей, бірер төңкеріліп түсті де, қайта шегіп қалды. 
Ол емес, тысқа шығып өз-өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рақат 
қуанышпен қарап тұрып, кең тыныс алды. 

 
113 
Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып 
барады.  Жүректі  де  реніштен,  лайдан  құтқарып,  сондайлық  биікке,  қазіргі 
бұлтсыз ас пандай алысқа, тазалық рақатқа шақырып, жырақка мегзейді. 
Түйеөркештен  Шыңғыстың  жақын  биіктері  жартылап  қана  көрінеді  екен. 
Қарақошқыл  таулар  ай  астында  көкшіл  мұнараға  оранып,  жым-жырт  қалғып 
тұр. Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді. 
Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тына алады. Асылбек, 
Әділбектер жатуға кетті. Көгал сайда отырған бес-алты үйлі ақ ауылдың түнлігі 
тегіс жабық. Ай астында ақ үйлер де мызғып, қалғып тұр. Сүйіндік пен Қарабас 
аттардың  маңында  жүр.  Абай  мынадай  көктем  түнінен  соншалық  бір  тазалық 
сезіп, таң лебін танығандай. 
Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей. 
«Махаббат  па?  Осы  ма?  Осы  болса,  мынау  дүние  мынау  маужыраған 
тынысты нәзік түн... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой». 
Сүттей  жарық,  айлы  түн.  Таң  әлі  жоқ.  Бірақ  жоқ  екенін  білсе  де,  Абай 
әлдеқандай  өзгеше  «таңды»  сезеді.  Күйік  те,  үміт  те,  қуаныш  та,  азап  та  бар,  - 
жүрек  таңы.  Кеуде  толған  өзгеше  ыстық,  өзгеше  жұмбақ,  мол  сезім.  Соның 
шалқи  түсіп  шарықтауы  көп.  Лыпыл  қаққан  қанаттай  тоқтаусыз  құбылып, 
тыныштық ала алмай лепіреді. 
«Нені айтады? Не деп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барам? Тағат, 
сабырым қайда?» 
Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де 
тулап кеп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей. 
«Таң... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бс? Жарығымбысың, кімсің?» 
Көз  алдында  Тоғжанның  аппақ  жұмыр  білегі,  жас  баланың  етіндей,  ақ 
торғындай мойыны!.. Таң осы да... өзі ғой! 
...Ақ етің аппақ екен атқан таңдай! 
Шынымен  бар  жайымен  құлай  табынған  сұлуға  қарап,  бар  сезіммен  үнсіз 
жырлап  тұрған  тәрізді.  Тоғжанға  арналған,  ең  алғашқы  «ғашығым»  деген 
жарына арналған жай жырының тұнғыш жолы осы еді. 
Ойша екі-үш ауыз махаббат сәлем айтып шықты. Біртурлі оңай, рахат боп, 
өз-өзінен құйылып тұрған тәрізді. Бірақ сол кезде Қарабас үйге қарай шақырды. 
Екеуі  тыста  жалғыз  қапты.  Абай  үйге  таман  келе  жатып,  жаңағы  өлеңін  қайта 
есіне  түсірейін  деп  еді,  «Ақ  етің  аппақ  екен  атқан  тандай!»  дегеннен  басқасы 
есіне әзір қайта түспеді. 
Қарабас  пен  Абай  үйге  кіргенде  Сүйіндік  пен  бәйбішесі  биік  төсекке 
жатып  қалған  екен.  Сарғыш  шегірен  шымылдық  үлкендердің  жататын  орнын 
қоршап тұр. Кең үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек салынып жатыр. Одан 
басқа өзге кісі жататын жай сезілмейді. 
Тоғжанның  өз  үйі  басқа  ғой.  Ол  Сүйіндіктің  кіші  әйелі  Қантжанның  қызы 
екен.  Жаңа  үйге  кірерде  Қарабас  айтқан.  Тоғжан,  әрине,  өз  үйіне  кеткен  болу 
керек. Үйге кірген жерде Абайдың ойлағаны осы. Үйткені төсек салып жүрген - 
бағанағы шай құйған сары келіншек. 
Абай  төрге  қарай  қозғала  беріп  еді.  Бір  уақытта  шегірен  шымылдық 
толқып  барып  қозғалды  да,  есік  жақтағы  шетінен  шолпы  сылдыры  естіліп, 

 
114 
Тоғжанның  әсем  бойы  көрінді.  Қолына  бір  торғын  көрпені  алып,  бері  шығып 
келеді екен. 
Асықпай,  тіпті  ақырын  қозғалады.  Шолпысының  ендігі  сылдырынан  өзі 
қысылған тәрізді. 
Келіншек  Абай  жататын  төсекті  баптап  салып  болып  қап  еді.  Тоғжан 
қолындағы  торғын  көрпені  кеудесіне  көтеріп,  бауырына  қысыңқырап  тұрып, 
келіншекке әдеппен ғана бұйрық етіп: 
- Аяғын, аяқ жағын биіктесеңші! - деді. 
Абайға  бұ  да  дәл  өзіне  ғана  арналған,  өзгеше  ықылас  сияқты  көрінді. 
Бірдеме  айтар  еді...  айтқысы  кеп  еді.  Бірақ,  жүрегі  лүпілдеп,  аузына 
тығылғандай  боп,  түк  сөз  таба  алмады.  Құр  ғана  қызарып  қысылды  да,  сырт 
киімін шеше берді. 
Тоғжан  ақырын,  сыпайы  ғана  кеп,  Абайдың  төсегіне  торғын  көрпені 
жазыңқырап қойды да, есікке қарай қозғалды. 
Үнсіз бейіл белгісіндей үлкен ілтипат жасады. Бірақ бары сол ғана. «Шын-
ақ бары сол ма?» Әлде, тіпті, бар қонаққа істейтін дағдылы сыйлық сияқты ма? 
Сол ғой! Үлкен үйдің есігіне жеткенше Тоғжан ақырын басып, келіншекті ертіп 
кетіп барады. Қайта бұрылмайды. 
Дәл шығар жерде ғана, өзінен бұрын есік ашқан келіншекті ілгері шығарып 
жіберіп,  өзі  біртүрлі  сұлу  қозғалыспен  сырт  айнала  беріп,  төрге  таман  ақырғы 
рет бетін беріп, үй ішінен сыртымен шықты. 
Тоғжан  есікке  қарай  қозғалғанда,  Абай  қадалып,  телміре  қарап  қалып, 
бешпентін  екі  иығынан  шеше  беріп  еді.  Бірақ  Тоғжан  бір  қарамағанға  қайран 
боп, кеткенін қимағандай қалт тұрып қапты. 
Енді  Тоғжан  есіктен  шығар  жерде  бір  сәтке  көз  қиығын  тастағанда 
Абайдың  тапжылмай  сілейіп  тұрып  қалғанын  көрді.  Бешпенті  екі  иығынан 
түсіңкірепті  де,  аппақ  көйлегі  ашылып  тұр.  Екі  қолы  бір  нәрсеге  таңғалғандай 
жазылып, ыңғайсыз түрде асылып қапты. 
Абай  дәл  байқады  ма,  жоқ  па?  Бірақ,  шыға  берген  Тоғжанның  аппақ  жүзі 
қайтадан  тағы  бір  рет,  соңғы  рет  қою  қызғылтпен  ду  ете  түскендей  көрінді. 
Және  сонымен  қатар  жымия  күлген  ерні  аппақ  маржандай  тістерін  айқын 
көрсеткендей болды. Үнсіз күлкімен езу тартып кеткен сияқты. 
«Бұл  не,  мысқыл  ма,  ұят  мінез  істедім  бе?»  деп,  Абай  өз-өзінен  қысылып 
қалып, тез шешінді де, торғын көрпеге оранып, бүк түсіп қалды. 
Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраздан соң 
анда-санда  бір  ғана  шылдыр  ете  түсіп  ұзап  барады.  Абай  өз  жүрегінің  аттай 
тулап  соққан  дүрсілін  естіді.  Шолпы  үнін  сол  басып  барады.  Өзгеше  ыстық 
қымбат  шолпы  ең  соңғы  рет  бір  шылдыр  етті  де,  білінбей  кетті.  Түн 
тыныштығы ұрлап кеткендей жұтып кетті. 
Шамды Қарабас өшірді. 
Шам өшсін-өшпесін, Абайдың көз алдына қазіргі мезгіл, бұл сәт самаладай 
жарық. Шамның өшкенін байқаған да жоқ. Көзі жұмулы, көңілі тыныштықтан, 
сабыр ойдан айрылған. Кұйын үстіндегі алай-түлейде. 
Бұл  түнде  таң  аппақ  атқанша  Абай  бір  секунд  те  көз  ілген  жоқ.  Күн 
шығарда ғана азғантай мызғыды. Бірақ үй іші оянғанда бірге оянып, ерте тұрды. 
Өңі  сұрғылт  тартып,  жүдеп  тұрды.  Шай  алдында  тысқа  шығып,  далада  бой 

 
115 
жазып  жүрген  уақытта  Тоғжан  жатқан  үйді  ойша  іздеді.  Сүйіндіктің  үлкен 
үйіне жақын тұрған кішілеу ақ үй бар. Асылбектің отауы болу керек. Содан әрі 
алты  қанат  ақ  үй  тұр.  Кіші  үй  сол  болуға  лайық.  Абай  қайта-қайта  сонда 
қарайды.  Бірақ  ол  үйдің  түңлігі  жабық,  Тоғжан  да,  шешесі  де  әлі  оянбаған, 
тұрмаған сияқты. 
Далаға  Сүйіндік  те  шыққан  еді.  Әкесі  тапсырған  алық-берік  жөніндегі 
сәлемді Абай сонда айтып, бұл ауылға келген жұмысын осы таңертеңгі уақытта 
бітірді. 
Шай  уақытында Тоғжан келген  жок.  Асылбек,  Әділбектер де өз үйлерінде 
болу керек. Таңертеңгі мәжіліске араласпады. 
Шаруа  біткен  соң  Қарабас  ертеңгі  салқынмен  қайтайык  деп  байлаған. 
Сондықтан дастарқан жиылған соң, ол аттарды ерттегелі шығып кетті. 
Абайдың бұл ауылдан кеткісі келмеді. Қонағуар, жылы жүз, жақсы мінезді 
үлкендердің  үйі  аса  бір  сирек  кездесетін,  жайлы  ұя  сияқты  екен...  «Осы 
ауылдың  туысы,  жақыны  болар  ма  ем?  Сұраусыз  келіп,  санаусыз  қонып, 
түстеніп кетіп жүрер ме ем?» - дегендей. Бірақ кетпей болмайды. 
Үйде  Сүйіндік  пен  Абай  және  Сүйіндіктің  бәйбішесі  ғана  қалған  уақытта 
Сүйіндік Абайдан Зере жайын, Ұлжан күйін сұрастырып отырып: 
- Аналарыңа сәлем айт, балам! - деді. 
Түннен  бері  үндемеген  бәйбіше  де  Ұлжанға  сәлем  айта  отырып,  Айғызды 
есіне алды. Содан барып Кәмшат есіне түсіп: 
- Шырағым-ау, осы анада Бөжекең аулына жіберген кішкене қыз не жайда? 
Айғыз бишара қайтып қиды соны? Жылатып айырып, қайтіп қана жіберді екен? 
-  деп,  бір  жағынан  наразы  боп,  сұрастыра  бастады.  Абай  амалсыздан  сөйлеп, 
қысқа ғана жауаптар қайырды. Бәйбіше бұл жөнде шешіліңкірей бастап: 
- Бөжейдің  әйелі  қатыбас  кісі  еді.  Өзінен  де  туған  қызы  көп,  күтеді 
деймісің кішкене пақырды? - деп, қынжылып отыр. 
- Е,  е,  Бөжей  бар  емес  пе?  Қатыны  ойламаса,  Бөжей  ойлайды  ғой!  Неге 
күтпесін! - деп, Сүйіндік майдаламақ болды. 
- Әй,  білмеймін!  Ауыл-аймағымен  тегіс-ақ:  «Айыпқа  берген  қыз  ғой. 
Малын  қимай,  жанын  қиды  ғой  айыпқа!»  десіп,  жаман  сөздер  сөйледі  деп 
есіттім  ғой.  Жас  баланы  жылатқандары  бекерлік  болған  ғой  өзі.  Не  десе  де 
іштен шықпап па еді? Айғыз бишарада не сүлдер жүр дейсің? - деп, бәйбіше өз-
өзінен  босаңсып  барып,  жылап  жіберді.  Екі  көзі  жасқа  толып,  қып-қызыл  боп, 
үндемей, мұңайып қалды. Анда-санда күрсіне түсіп, тамсанып қояды. 
Абайға  бұл  ананың  мейрімі  тіпті  бір  қымбат  адамшылық,  шын 
рақымшылық боп танылды. 
Жидебайдағы  өз  үйінде  Кәмшат  жайы  осындай  бір  айықпас  мұң,  уайым 
боп  алған-ды.  Сондағы  әжесі  мен  Айғыз  және  өз  шешесінің  осындай-осындай 
көзі жасты, көңілі қаяу болған көп шақтарын есіне алды. 
Бірақ  олар  Кәмшатты  құр  сағынып,  құр  аяғаны  болмаса,  мына  кісі  айтқан 
суық  сөздерді  есітпеген  сияқты.  Кеше  Құлыншақ  та,  бүгін  мынау  ауыл  да 
Кәмшат  жайын  ылғи  «жетім  жандай,  күңдікке,  қорлыққа  кеткен  бишара,  әлсіз 
сорлыдай»  сөйлейді.  Тегін  емес-ау!  Жидебайға  қайтысымен  әжелеріне  осы 
есіткендерін айтып, Кәмшаттың күйін білдіру керек. Әке не десе о десін, бұны 

 
116 
істемей  болмайды.  Абай  осыған  байлады.  Жүрерде  тағы  да  қымыз  ішіп,  жолға 
қарсы тоғайып ап, екі жолаушы атқа қонды. 
Сүйіндік  үйінің  жанынан  үлкендерге  «қош-қош»  айтып,  рақмет  айтып 
кетіп  бара  жатып,  Абай  кіші  үйдің  түңлігіне  тағы  қарады.  Түңлік  әлі 
ашылмапты.  «Тоғжан  енді  бір  көруді  ойламаған  ба!  Тұруға  да,  көруге  де 
асықпаған ғой!..» 
Бала  жігіт  көңілге  ала  қызған  толқын  алып,  амалсыз  тебініп  жүріп  кетті. 
Ауылдан алыстаңқырап бара жатқанда ең соңғы рет артына бұрылып, кіші үйді 
тағы қимай қарап еді. Үй жанында бір әйелдің бойы көрінді. Басына қара шапан 
жамылған, ақ көйлегінің етегі шұбала түскен. Тоғжан сияқты. Жаңа тұрған ғой. 
Бірақ  есіктен  шықты  да,  Абай  кеткен  жаққа  қарамай,  әрі  қарай,  көгал  дөңге 
қарай ақырын жүріп кетті. 
Абайдың  көңіліне  Тоғжанның  шолпысы  шылдыр-шылдыр  етіп,  ап-анық 
естіліп бара жатқан сияқты. Өз жүрегінің лүп-лүп соққан қатты толқын ырғағы. 
Амалсыз ұзап кетті. Аты жақсы Түйеөркеш, жан мекеніндей өзгеше ыстық 
Түйеөркеш,  мынау  сәуірдің  мынандай  әдемі  ашық  рақат  сәскесінде  тым  құрса, 
«қош» демей де үнсіз қалды. Жұмбақ мінезді боп, сұлу мекен, сұлу жан қалды. 
Тау ішінен шығып, Қарауыл өзенін қуалап, екі атты бөктерге қарай бұрылғалы 
келеді. 
Ойға  түсіп  бір  түрлі  баяу  келе  жатқан  Абай  бір  кезде  арт  жағынан 
дүрсілдеп  кеп  қалған  ат дүбірін  естіді.  Жүрегі  тағы  да  тундегідей  қатты  тулап, 
шұғыл бұрылып қап еді. Орынсыз үміт тез суынды. Сүйіндік үйінің адамы емес, 
бір толықша, қара жігіт екен. Мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт 
жұпыны  киім  киген.  Астында  құнанша  күзеген  күрең  биесі  бар.  Абайларға 
жақындай  бере  сәлем  берді.  Ашық  жарқын  жігіт  болу  керек.  Аппақ  сұлу 
тістерінің баршасын көрсетіп, ақсия күліп келеді. 
Жалғыз жүрген жолды көңілсіз көріп, алдыңғы жағында кетіп бара жатқан 
екі  аттыны  әдейі  әңгімелесіп  отыру  үшін  қуып  жеткен  екен.  Күрең  биенің 
омырауы терлеп қапты. Танаурап, демігіп келеді. Екі езуінде көбік те бар. 
Қарабас пен Абай да жаңа жүргіншінің қосылғанын теріс көрген жоқ. Жай 
сұрасқанда  бұл  жігіт  -  Суйіндіктің  ауылдасы,  Көмекбай  баласы  Ербол  деген 
жігіт боп шықты. 
Қарабас Ерболмен оп-оңай білісіп, әңгімелесіп кетті. Сөздерін тыңдап келе 
жатып  Абай  Ерболға  шын  ықыласпен  қарап,  әлденеден  ыстық  көре  бастады. 
Үйткені,  Ербол  Сүйіндік  аулының  аса  жақын  жігіті  екен.  Өзінің  шешесі  мен 
Тоғжанның шешесі Қантжан немере қарындас. Ол үйлерге бұл үнемі араласып 
жүретін  өз  кісісі  боп  шықты.  Әңгімешіл,  күлегеш  Ербол,  енді  Абайға  бар 
тұлғасымен ұнай бастады. 
Аздан  соң  бұл  екеуі  көбірек  әңгімелесіп,  Қарабас  шетірек  қалды.  Абай 
Қарауыл бойында құс көп екен деп, аңшылық мұратын білдіріп еді. Оған Ербол: 
- Қаршығаң бар ма? Қаршығаң болса, қыдырып келсеңші! Мен қасыңа еріп 
жүріп үйрекке де, қазға да кездестірейін, - деді. 
Үйде  Тәкежанның  көк  қаршығасы  бар-ды.  Абай  көңіліне  мынау  сөздер 
үлкен медеу болды. Бағана Түйеөркештен кеткелі: «Енді қайтып қашан келем?.. 
Не сылтаумен келе аламын?» деп өздігінен бабын таба алмай келе жатқан бала 

 
117 
жігітке  мына  Ерболдың  айтқаны  өте  бір  рақат  табыс  көрінді.  Абай  мен  Ербол 
құс жайына, ацңылық жайына ауысқан соң тату құрбы сияқтанып кетті. 
Екеуінің де айтар сөздері бітер емес. 
Бірак  бөктерге  шыққан  соң  Ерболдың  жолы  бөлінетін  боп  еді.  Ол  оң 
жақтағы  Көлқайнарға  бұрылмақ  екен.  Шаруасы  сонда.  Абайлар  болса, 
Шыңғысты бөктерлеп отырып, Қарашоқыға, Күнкенің аулына қарай тартпақ. 
Ерболды қиғысы келмеген Абай: 
- Көлқайнарда тығыз жұмысың болмаса, бізбен бірге жүрсеңші! - деді. 
- Е,  е,  не  деп  ерем?  Не  шаруаң  бар  дегенде  не  деймін?  -  деп,  Ербол  күліп 
жіберді. 
- Шаруаңда  жұрттың  не  ақысы  бар!  Қыдырасын,  қонақ  боласын!  Құл 
саламыз... 
Ербол Абай сөзіне қызыға бастап: 
- Айтқаныңа  қызығып  тұрмын!  -  деп,  аз ойланды  да:  -  Ә-әй,  бірақ  шаруам 
қалады ғой, болмайды! - деп, амалсыз байлау айтты. 
Аздаң  соң  Ербол  Абайлардан  бөлініп,  Көлқайнарға  қарай  тартып  кетті. 
Келгенінде  күліп  келгені  сияқты,  кетерінде  де  күле  қоштасып  айрылды.  Абай 
бұның сол көңілділігіне қызыға қарап қалды. Ерболдың алдында түк бөгет жоқ. 
Тілесе,  Тоғжанды  күнде  көреді.  Жақыны,  туысы.  Тоғжанға  сондай  жақын 
болудың өзі де бақыт сияқтанып, Абай мына жігіттің сондай халын қызғанады. 
Ербол  болса,  айнымас  қызықты  көңілмен  желе  жортып,  ұзап  барады.  Тоғжан 
турасындағы ең соңғы үміт - соншалық ыстық көрінсе де ұзап барады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет