Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

ҮШІНШІ АКТ

Үшінші сурет 

Наршаның ауылы. Келінді тосып отырған жиын.

А с а н . Келін келе жатыр, жақындап қалды. Енесі мен абы-

сын, қайнаға, қатарыңды түзей бер!



275

Т е к т і . Қатарымды түзеймін деп Қарагөздің алдында мен 

сызылушы ма едім? Енді Қарагөз бізге сызылсын! «Жар-жар» 

айтамын деп өлеңші ағасына ойындағы бар арманын айтқызған 

жоқ па еді?

Т о й с а р ы . Ол үшін кекті болсаң, келінің қолыңа келе жа-

тыр ғой, жазығын мойнына алып жаяулап (Күледі.)

Т е к т і . Қалай емексіткеніңмен, Сырым айтқан сөзді не қып 

ұмытайын!  «Е,  тәңір,  игілігін  көрсет!»  деп  жүрген  баламнан, 

«Мен  менсінбеймін,  ырза  емеспін!»  деген  сөзді  есітіп  алып, 

енді мен немен жұбатайын өзімді? Тіпті сол жұқалағандарыңа 

ырза емеспін әуелі.

Н а р ш а . Олай болса, Асан сенің өкпеңді қазір-ақ алдыңнан 

өлеңмен білдірейін деп тұр. Оны қалай көресің?

Т е к т і . Ол қай өлең? Беташар ма?

А с а н . Тіпті беташарды да қазір айтамын.

Т о й с а р ы .  Айтам  десең  –  айт.  Қарагөздің  жанына  еріп 

Сырым да салдарымен келе жатқан шығар. Шымылдық ішінде 

бар болса, оның да бетін аш! (Күлкі.)

Н а р ш а . Мен білген Сырым болса, осы шымылдық ішінде 

сол да бар.

Үлкен  шымылдықты  екі  жағынан  екі  келіншек  ұстап  әкеле  жатады. 

Шымылдықтың ар жағында, Қарагөздің қасында Сырым да келеді.

(Асанға.)  Сырым  ойын-сауықтың  перісі  болып  кетсе  де, 

өткеннің қаруын бір қайырып қалшы.

С ы р ы м  (Қарагөзге). Өз елім дер елім жоқ, туысқан-туған 

менде жоқ; осы сені қуантқан жерде қуанып, сені уатқан жерде 

уанып жүрсем, жетпей ме? Тек мына шымылдық осы күйінде 

алдымда  желбіреп  отырсын  да!  Ақыретке  апарса  да  соның 

жетегімен өте берем.

Д у л а т  (қасындағы келіншекті сүйіп). Мына қалқалармен 

қайда барсақ та арман емес. Шұбата бер шымылдықты.

А с а н  (өлеңдете сөйлейді).

Уа, қызыл жібек шымылдық бет пердеңіз,

Асыл келін олжалы, жек көрмеңіз!

Қасында жігіт болса, бас жақсысы,

Бөтенсіп әлдекім деп шет көрмеңіз!

(Күлкі.)

Бет пердең толқынады майда желдей,

Қуанттың ел-жұртыңды келер-келмей.



276

Болғанда жасау басы – басты жігіт

Ел жоқ-ау Қарагөзді берген елдей!

Қ а р а г ө з  (Сырымға). Сөзін жесір жібермей жауап бер!

С ы р ы м  (өлеңдете сөйлейді).

Қызыл гүл дауыл ұрып жерге соқты,

Ақ тоты бүгін саған тұтқын бопты.

Айдынның ақ құсындай қарағыма

Кез қыпты құзғындайын бассыз топты!

Қарагөз Қарауылдың ақ маралы 

Болғанда бетке сұлу, ой саналы.

Жеңбесе бойын тежеп өз көңілін,

Ешкімнің әкелген жоқ айла-амалы.

Кісі түгіл жасаусыз келсе дағы 

Сендерде сырт беретін күш шамалы!

Т о й с а р ы . Сырым сөйлесе, шеттігіне іліндіріп сөйлейді-

ау! Өрге айдамаса, көңілі көнши ме! Асан, Сырым екеуің әлі 

де талай шекісерсің! Енді мына қуанышын күтіп отырған ата-

ененің алдында Қарагөздің бетін аш!

Ж а р ы л ғ а п . Елдің баяғыдан жол қып айтып жүрген сөзін 

айтшы! Осы қоспа сөздерің мірдің оғындай болып, құлағымызға 

жат  тиіп  жүр.  Тіпті  біз  елемесек  те,  мына  құдағиларыңды 

жүдететін көрінеді.

А с а н  (беташарды бастайды).

Келіннен енді сөйлейін,

Көп дабырлап шуламай.

Құлағыңды саласың,

Қатесі болса сөзімнің,

Осы отырған әлеумет 

Сынға салып қарасын.

Құлағың сап тыңдап тұр,

Келінжан, менің тілімді!

Әдет жолын үйренбек,

Жас кісіге білімді,

Ақылсызға айтқан сөз

Дала кеткен шығын-ды. 

Бәрі саған керек іс 

Тыңдасаң, келін, жырымды.

Жырға қосып айтамын 

Бар өсиет сырымды.

Бұрынғы күнің – балалық,

Ержеткен күнің – бүгін-ді.

Келін боп келген қиын іс 


277

Жаңа өспірім балаға.

Қызмет қыл иіліп

Ата менен анаға.

Өзіңнен үлкен адамның 

Бетіне тікке қарама!

Үлкен кісі келгенде 

Қатарласып отырмай,

Кейін отыр панада.

Лажы болса шығып тұр,

Қайтқанынша далаға.

Бұрынғыдай ойламай,

Сабыр етіп шыдам қыл 

Аштық пенен тоғына;

Отырған адам көзінше 

Әр жеріңді қасыма.

Жаулығыңды шұбатпай,

Дұрыстап ора басыңа.

Астынан шығып жүрмесін,

Ие боп жүр шашына,

Біреу жаман айтты деп,

Болымсыз іске жасыма.

«Пәлен сүйдеп айтты» деп

Жарыңа сөзді тасыма.

Естісең де жаман сөз 

Жүргенің жақсы жасыра.

Сендерге енді келейін:

Қарт-қария, аталар,

Жапсарласа отырған 

Жастары үлкен аналар –

Ақылы артық даналар,

Біздерге енді қуаныш –

Жасы кіші балалар.

Бұрынғының бір жолы –

Келінді көрген адамнан 

Көрімдікке мал алар,

Қайын енеге бір сәлем!

Шымылдық төмендейді. Қарагөз қасындағы үш-төрт келіншегімен бірге 

иіліп  сәлем  етеді.  Шымылдық  түрілгенде,  Сырым  жолдастарының  қасында. 

Келін сәлем еткен соң, шымылдық қайта құрылады.

Т е к т і . Тәңір жарылғасын, абыройлы, бақытты бол, балам!

А с а н  (келін сәлем еткенде, Тектіге). Көрімдігін айтыңыз! 

Балаларыңның  ішінде  көркемдігі  көп,  ақылы  артық  келінің! 

Жал ғыз қара болмасын. Түйе болса – боталы, бие болса – тай-

лысы.

Т е к т і . Қалағаның болсын! (Жұрт күледі.)



278

А с а н .

Тым болмаса ен салдыр,

Түйенің кенже ботасы,

Биенің кіші тайына.

Малға шамаң келмесе

(Күлкі.)

Берсең де ырза боламыз 

Қаптағы құрт пен майыңа.

Қайнағаға бір сәлем!

Шымылдық түріліп, сәлем етіледі.

Т о й с а р ы . Ауданыңа атақты, ағайынға қадірлі, аулыңның 

көркі  бол,  қарағым!  Қосағыңмен  қартаятын  күнге  жеткізсін! 

Үбірлі-шүбірлі бол!

К ө п   д а у с ы . Бәрекелді, айтқаның келсін! Айтқаның кел-

сін!


А с а н  (Тойсарыға).

Келін-келін, келіңіз,

Көрімдігін беріңіз.

Ала-құла демеңіз,

Түсін айтып беріңіз!

Т о й с а р ы .  Ентелеткеніңмен,  саған  мал  берем  деп  өлең 

айт қызғаным жоқ. Ақ тілеуіммен Қарагөзді ырза қылсам болға-

ны. Атын айтпай-ақ айта бер қалған сөзіңді!

А с а н .

Қойды берсең – қоңырдан,

Өсеріне оңынан.

Абысынға бір сәлем.

Бұрынғыдай сәлем етіледі.

Т е к т і . Асан, балаларды шаршаттың ғой деймін. Өлеңің де 

бітті ғой. Енді рұқсат қылайық, үйге кірсін.

Бұл уақытта сахнаға Мөржан бәйбіше де нөкерімен келеді.

А с а н . Өлең біткеннен Құдай сақтасын! Әншейін өздерің 

үйге кірсін демесеңдер, мен ала қаптың аузын жаңа ғана аш-

тым.

Келіндер үйге қарай жүреді. Асан өлеңдете сөйлеп:



Жаңа өмір, міне, туды атқан таңдай,

Балалық дәурен өтті, кетті шалғай.



279

Қызыл жібек шымылдық мұнда әкелді,

Ақ үйің алтын сарай енді болғай.

Ағайын тілеуінде бірі қалмай,

Көп тілеуі қалған жоқ, сірә, болмай.

Атта да оң аяқпен босағаңды,

Тілеп кір «бере гөр» деп өмір балдай!

Т о й с а р ы .  Бәрекелді,  жақсы  айтасың,  айтқаның  келсін! 

Қарағым,  келін,  осының  тілегін  сен  де  тілек  қыл.  Артыңды 

онда көгертіп, алдыңды мұнда жасартсын!

Келіндер мен салдар үйге кіреді.

М ө р ж а н . Қарагөзім ақылымен толғанса, кімнен кем бо-

лар  дейсің.  Қойнымдағы  алтынымдай  сақтаған  асылым  емес 

пе? Құдай бұйырып, аруақ қолдаса, әлі-ақ аулыңның басы бо-

лар! (Кетіседі.)

Н а р ш а  (төмен салбыраған қалпынан көтеріліп, Қарагөзді 



оңаша  ертіп  бері  шығады).  Қарагөз,  ондағы  –  ол  еді,  бүгін 

міне – мұнда келіп көріп тұрғаным тағы мынау! Осындай от-

тай шарпыған ұят тегі жалғыз мені ғана ұялта ма, әлде саған да 

шарпи соғары бар ма? Шынымен-ақ осының бәрі үшін мен ғана 

күйіп-жанып жерге кірейін бе?

Қ а р а г ө з . Рас, сіз шын қиналыпсыз! Сізге солай батқаны 

маған да батады.

Н а р ш а .  Бәсе,  біз  ерлі-зайып,  ер  мен  жар  болсақ,  ортақ 

емес ие еді мұндайлық жара-жаза дерттері!

Қ а р а г ө з .  Тек  жазықты  сіз  де  емессіз,  мен  де  емеспін! 

Дерттің шыны сонда ғой...

Н а р ш а .  Сырымның  аузынан  шыққан  ащы  сөзді  мен 

айтқызғам  жоқ  қой.  Айтқызбақ  түгіл,  өзіме  сермелген  сон-

дай қанжар сөзді жатқа да тілемес едім, Қарагөз!.. Бірақ сенің 

ықтиярыңнан тыс, сен тілемеген, сенің рұқсатың болмаған жай 

болса, оны айтуға қай ауыздың жөні бар еді?!

Қ а р а г ө з .  Оныңыз  рас  болғанмен...  жөні-шыны,  мәні-

сыры басқа күй тағы бар ғой! Мен тұсаулы болғандығым үшін 

күйікті болсам қайтейін!..

Н а р ш а . Ойпыр-ай, Қарагөз-ай, не дедің? Бұлай болғанда, 

біз  ақ  тілеу,  ақ  бата,  жазықсыз  ата-ана  қосқан  жас  зайыптар 

емес,  тұсау  мен  бұғаудағы,  айдау-жазадағы  сорлылар  екеміз 

ғой!.. Осы ма еді айтпағың?


280

Қ а р а г ө з . Сол айтқаныңыздың бәрі болмастан, түу бастан 

тек өзіңізбен өзім болып ұшырассам... басқа болар ма еді менің 

жұлдызым! Жаңағы атағанның бәрінің аты, жиын аты, еріксіздік 

болса, менің бүгін үріккенім, жатырқаған қарсылығым, сізден 

де тітіркене тартынуым – бәрі сол зорлықтан болып жатса – не 

дейін? Сіздің адамшылығыңыз, маған сонша ерік беріп, осын-

дай сөйлетіп тұрғаныңыз да мені өлердей ұялтады. Жанымды 

жегендей қапа-қайғыға салады. Міне, мен өз алдыңызда... бар 

шыным,  бар  сырыммен  аян  боп  тұрғаным  осы.  Сұрадыңыз  – 

айтпасқа амалым жоқ. Мен шын дерттімін!..

Н а р ш а .  Қарагөз,  аяулы  ару  Қарагөз!..  Сені  мен  мендей 

шермендені  қазақ  баласы  білмеген-көрмеген  де  болар.  Бірақ 

енді мен жетер жеріме жеттім! Сен менің, адал тілеу, ақ бата 

қосқан  жарымсың!  Сол  жетті,  болды!  Енді  шектен  аспайық. 

Бұдан арғыға Наршаны сынама! Осыдан әрі майысар мұршам 

қалған жоқ, енді тек сынарым ғана қалды. Естідің бе – сол-ақ! 

(Қарагөзді қоя беріп, Асанды шақырып алады.) Жұрт тарқаған 

ба? Асан, менің жайымды сұраймысың, жоқ па?

А с а н . Не дейсің, не қыл дейсің? Тыныштық таба алмай-ақ 

қойдың-ау, сен де!

Н а р ш а .  Бүгін  таңда  тыныштық  табар  түрім  жоқ. 

Жүрегімнің түбінде зіл қара тас басып жатқандай.

А с а н .  Қарагөзге  енді  кімнің  ортағы  бар?  Өтер  күн  өтті. 

Қарауыл Қарагөзін ұзатты. Қайғының не орны бар?

Н а р ш а . Маған Қарагөз бір қайғы болса, Сырым тағы екі 

қайғы болды. Мені найзалағанын қоя ма, жоқ па осы? Сырым 

менің жайымды ескеруі былай тұрсын, тіпті күннен-күнге жау 

болып  барады  ғой.  Қарагөздің  бар  сырын  осы  біледі.  Маған 

соның білгенін біліп бер. Жасырса – менімен жау болғаны. До-

сым ба, жауым ба, соны айырып берші!

А с а н . Қазір осыны не деп айтамыз оған? Келмей жатып 

кінәласу лайық бола ма?

Н а р ш а . Тәйірі, Сырымға ой-қыры бар ма? «Кеше келдім, 

бүгін кеттім» дей ме екен ол? Сөйлесіп бер! (Нарша кетеді.)

А с а н  (отаудың есігінен қарап). Сырым құда, бері шығып 

кетші: жалғыз ауыз сөзім боп тұр.

С ы р ы м  (өлеңдете сөйлейді).

Асан сал, сал ішінде бір алуаны,

Тозған заң, азған заман балуаны.



281

Сал болмай, көбінесе жеңге болып,

Жүрген түрі, мінекей, қалып әні!

Жеткіз деп қандай сөздің тасымалын,

Қандай жан жіберді екен бозбаланы?

А с а н . Уай, Сырым, қой, жаным! Сен менің соқтықпайтын 

кісімсің. Сенің сөзің асау қандай, басқа шапшитын болған соң, 

мен жырақ жүремін. Саған мен жол бердім ғой, көп таласпай-

мын. Бірақ сөйтсе де, сөз барымтасы жаман, жаман болады.

Ү й д е г і   с а л д а р . Олай болса, айтып жібер: ер шекіспей – 

бекіспейді!

А с а н . Жоқ, мен Сырыммен шайқаспай-ақ, тыныш жүрем. 

(Сы рым шығады.) Сырым, саған белгісіз жай жоқ. Сен дағдың-

нан жаңылмайсың, бірбетсің ғой.

С ы р ы м   (салқын  қарап).  Иә,  Сырымға  сый  істеп-ақ 

жатырсың. Аңдадық.

А с а н . Сен Қарагөзді жылаған қыз деп шашпауын көтердің, 

наразылық мұңын да айттың. Жүзі жүдеу, көңілі жадау күйінде 

жырлап келесің. Бірақ бұл сөзің екі жүзді семсердей болды. Екі 

басы бірдей ыстық темір болды. Бір жағы Қарагөздің қайғысын 

шығарса,  тағы  бір  жағы  Наршаны  күйдіріп  жатыр.  «Әнеугі 

сөз – анау, бүгінгі сөз – мынау. Сірә Қарагөздің қайғысы Сы-

рымнан жасырын емес, Қарагөз өзі айтпайды. Сырымның мен 

де  туысқанымын  ғой,  сезген-білгенін  айтса  қайтеді?  Көптеп-

көмектеп Қарагөздің көңілін жазсақ не етеді?»– дейді. Бұған не 

дейсің?


С ы р ы м .  Мен  айтсам,  Қарагөздің  жұртқа  білінген  нара-

зы көңілін айттым. Ол Наршаға да белгілі болса, менен несін 

сұрайды. Жігіт сияқты жігітке сол білгені жетпей ме? Одан әрі 

бірде-біреудің атын сұраймын десе, менен оны біле алмайсың-

дар. Мен Қарагөздің басын былғап, бұлдық сатып алмаймын.

А с а н .  Сырым-ай,  маңайыңды  бастырмайсың.  Бірде-бір 

жанға құрбы болмағандай жат тұрасың-ау! Наршаның басы бір 

әйелге тең емес пе? Екеуінің түз-еңбегін жарастырып жіберсең, 

аз көмек етемісің?

С ы р ы м . Сырым – теріс біткен бір бұтақ. Қалай өсіп, қалай 

басып бара жатқанымды мен өзім де білмеймін. Алдымда менің 

не күтіп тұр! Қайда-қайда тартып бара жатқан тағдырым бар?.. 

Бұл сәтте оны да білген, аңдаған мен емеспін. Сол Сырым сенің 

еліңе  келгенде,  қайта  туам  деп  келген  жоқ.  Жат  елдің  адамы 

19–1247


282

болғанда, Қарагөзді жолға салып, жөнін түзеймін деп, мен ба-

луан шығатын орын жоқ. Бұл сөзді өздерің ақылдас.

Жүре береді.

 

Қарагөз, Ақбала шығады. Қарагөз Сырымның қасына келеді.



Қ а р а г ө з . Мені тұншықтырып барады мынау ауыл. Тыны-

сым біткен сияқты. Шатасып барамын. Есімнен айырыламын 

ғой деймін. Қайтермін, жаным, айтармысың бірдеме?!

С ы р ы м . Мені сөзден тыйған жоқпысың? Арман айтардан 

қалған кісі емеспін бе мен!

Қ а р а г ө з .  Рас,  рас,  жаным!..  Сенің  жүдеген  жүзің, 

шытынған қабағың менің үзілмес уайымым боп барады. Жаңа 

Нарша келіп тіл қатып еді, оның да іші толғап азап, шер...

С ы р ы м .  Сен  енді  соны  қорғамақ  боласың  ба?  Оны  да 

түсінбек,  аямақ  болғаның  ба?  Жанашыр,  мейірбан  Қарагөз 

жүрегі енді барды кешірер әулие-жүрек болғалы тұрғаны ма?

Қ а р а г ө з .  Ол  емес,  олай  емес,  жаным  Сырым!  Ол  жан 

қатаң  болсашы!  Бүйткенше  топас,  тоңмойын  болса  етті!  Өз 

ойында  жазықсыз  ғой,  сонысы  қинайды.  Оның  басындағы 

уайымның қаншалық көп екенін білмейсің бе? Бір жағынан на-

мыс... намыс... «Қалыңдығы менсінбеді» дегенді намыс көріп, 

ішіне  бар  дертін  тықпақ  болады.  Ол  от  өн  бойын  шарпиды; 

оның үстіне, беріп қойған малы, «алам, алдым» деген жесірі... 

бата... қырсық бата!..

С ы р ы м .  Лағынет  болғыр  арамның  малы!  Лағынет 

болғыр  сор  бата!..  Ендеше,  соның  бәрін  айта  кеп,  арылғалы, 

айырылғалы тұрсың ба тағы менен?

Қ а р а г ө з . Жоқ, мен айырыла алмаспын сенен... Осы сәтте, 

әсіресе бар жан-тәніммен сезіп тұрмын. Сенен айырылу менің 

сол  жан-тәніме  бірдей  түскен  жарадай...  Дәл  бір  ауыр  терең 

жара – қаны сорғалап тұрған жарадай! Тек «айырыламын-ау» 

деген ойдың ғана өз жарасы... Қазір жер тар! Сөйлескім келеді. 

Мені тастама, шыдауға дәрменім жоқ... Ақбаламен ақылдасып, 

жақында оңаша кездесетін орын байлаңдар. 

:

С ы р ы м . Рас па? Тағы да айнитын болсаң, өзіңді де, бізді 



де әурелеме!

Қ а р а г ө з  (әлсіреп бұрылып бара жатып). Айттым ғой!

Асан  Қарагөзбен  бірге  кетіп  бара  жатып,  артта  тұрған  Сырымға  қарап 

өлеңдетеді.



283

А с а н .

Сұлу қыз бен келіншек – елдің сәні,

Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.

Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,

Бұлбұл кетсе тоғайдың жоғалды әні.

С ы р ы м . Рас... рас...

Жүректің жатқа кетсе – қалағаны,

Үміттің қайта үзілсе – жамағаны.

Бетінен жат боп кеткен оралмаса,

Жас төгіп егілмеске шама кәне!

(Аһ ұрады.)

А с а н .  Әй,  азамат,  мына  түрің  тегін  емес-ау?!  (Басын 

шайқап.) Білмедім... білмедім!..

Шымылдық.

Төртінші сурет

Жарық  айлы  түн.  Нарша  ауылының  сырты.  Өзен,  тоғай.  Алысырақта 

күзетшінің әні естіледі. Сырым, Дулат шығады.

С ы р ы м . Өзгелер қайда? Аттар дайын ба екен?

Д у л а т .  Дәулеткелді  мен  Қоскелді  аттарды  дайындатып, 

кешегі ақ қайыңның түбінде тосып тұрамыз деп кетті (Пауза.

Бірақ бұл күнге дейін бір жұмысты бұл қалай деп сұрап көрген 

жоқ  едім.  Ал  осы  жолы  дәл  осы  істің  лайығын  сұрайын  деп 

тұрмын. Өзге болған жүрістің жолы – бір басқа. Мынауымызды 

жұрт не дейді осы?

С ы р ы м . Осы сөзді шын айтып тұрмысың?

Д у л а т .  Шын  айтам.  Сен  істеген  істен  бойым  тартып 

қалмаймын. Істеймін. Бірақ мәнін ұғындыр.

С ы р ы м .  Қоскелді  мен  Дәулеткелді  сұрамай-ақ  еріп 

жүр  ғой.  Соларда  ең  болмаса  сұрай  білетін  ақыл  бар  емес 

пе?  Сен  олардан  тартымды,  сақ  кісі  болғаның  ба?  Немене-

ге қобалжыдың? (Пауза.) Бірақ сұрадың – айтайын. Сен жұрт 

құптайтын лайығы десең, «ол қандай жұрт?» деп мен сұрасам 

қайтесің? Жұрттың да жұрты бар емес пе? «Жұрт» деп менің 

аталасым – Өсер ауылын айтсаң, менің бұл ісімнің де лайығы 

жоқ.


284

Д у л а т . Өсектеймін, жаманатқа ұшыратамын деген Өсер-

дің  жау  жандары  аузына  келгенін  айта  береді  ғой.  Мен  оны 

өзің дей-ақ  елемеймін.  Тек  өзімізше  не  деп  жориық?  Соны 

білдір деген едім.

С ы р ы м .  Ендеше,  мен  Қарагөз  жоқ  жерде  өз  басыма 

тірлік жоқ дейтін күйге жеттім. Жолында жаным шықсын деп 

сүйгемін... Бүгінгі бар тірлігім де, тынысым да – сол!.. Жаның 

құрбы жассың, досымсың. Жазығым болса – осыным ғана.

Д у л а т . Осы жасқа келгенше, талайдың талаймен жақын-

дасқанын көрген ек. Өз басымыздан да көпті атқардық, бірақ 

дәл  сен  екеуіңдей  жалындап,  үзіліп  тұрған  жандарды  көрген 

жоқ ем. Бұл дүниеде болар деп ойлаған да емес екем. Жаңағы 

сұрағаным – сондай бір сыпатыңды сезгендей болған ем. Өзің 

де өзек жарған барды айттың.

С ы р ы м . Жә, біздің осы күйімізде, осындай жалын атқан 

шағымызда не жазық бар? Не сұмдық бар?!. Қарагөздің басын 

мен  сияқтанып  қандай  әке  сүйеді  екен...  Олардың  «жанашы-

ғаным», «жақсы көргенім осы», деген сөзінің бәрі жалған. Ол – 

бітпес жараны тілмен жалау. Маған айтқызбай, Қарагөздің өзіне 

айтқызып көрші! Бірақ керегі не? Бұған қарайтын дүние жоқ. 

Мен сондықтан да ондағы-мұндағы ауылдың бар әлеміне жат-

пын. Көріп тұрсың, ендеше, міне – жалғыз осы-ақ жол қалды.

Қарагөз бен Ақбала шығады. Сырым қарсы қозғалып:

Күнім-ай,  мұнша  неге  жүдедің?..  Аппақ  шөлмектей  өңің 

қалай еді, не болған?! Ауырып тұрмысың әлде?

Қ а р а г ө з  (Сырымның мойнына білегін арта салып). Ауру 

емеспін... Бірақ менің бұл күнгі саулығымда не баға бар? (Жы-



лап, Сырымды құшақтап.) Сәулем!.. Мен сужүрек болуға ай-

налдым. Өне бойым, жаныммен бір жаманшылықты сезгендей 

боламын.

С ы р ы м . Не сездің – айтшы, күнім, айым?! Білдірші маған!

Қ а р а г ө з .  Білмеймін...  Өзім  де  білмеймін.  Не  осы 

қайғыны  көтере  алмай  өлемін.  Не  жұртқа  бар  сырымды  өзім 

ашып, соның ұятынан өртенемін. Уланып елтіген кісідей мас-

пын.  Сенің  кететініңді  ойлаған  сайын  ақылестен  айырылып, 

езіліп барам, қуатым! Біз ор жағалап жүрміз ғой, құлаймыз ғой 

бір күні осыған. Не боламын, қайтіп адам боламын? (Пауза.

Әттең, мына тор!..


285

С ы р ы м . Сен тіліңмен айтпасаң да, тек жүзің мен көзіңнен 

ұқпаймын ба, оқымаймын ба барыңды. Жүзіңді көрмесем, өз 

көңілімнің  қайғысынан  және  де  сенің  жан  сырыңды  жаттай 

оқимын.  Енді,  міне,  бұл  қалыпта  қалудың  өзі  өлімнен  артық 

азап болды екеумізге де. Осыны ойлайық (Карагөз құшақтап 



жылайды.) Жыламай, ойланып жол табайық. Мен әуелі сен ой-

лансын деп тұрмын.

Екеуі үндемей сүйісіп, сахнадан шығып кетеді. Сахнаға Ақбала мен Дулат 

шығады.


А қ б а л а . Құдай-ау, өмір бойы маңына ешбір жанды дарыт-

пай, ешкімге көзін салмай, жұрттың бәрін менсінбей келгенде, 

мұны  Молда  жігітке  кез  қылып,  мұндайлық  қасіретке  душар 

етер ме!


Д у л а т . Ақбала, Қарагөз бен Сырым ақыл-ойға ешкімнен 

кем емес. Кінәластырсаң, осы күнде де ешкімнен жеңілмейді. 

Біз  бұл  жағын  қояйық.  Өздеріне  берейік  те,  ерейік.  Шын 

асықтың адамнан жауы ғана болмасын, досы да болсын. Ол біз 

болайық. Бұл өз алдына. Ал жаңа сен «сезіктеніп жүрген кісі 

бар» дедің, сол кім? Соны айтшы?

А қ б а л а .  Бірдемені  білген  кісі  сияқтанып  жүрген  бірен-

саран кісі бар. Бәрінен де маған сезікті көрінетін – Асан мен 

Матай.  Әсіресе  Асан!  Соның  құйқылжыған  тұспалында  бір 

нәрсені ішіне тығып жүрген жан сияқты.

Д у л а т . Талай шытырманның ішінен бойымызды көрсет-

пей аман шығушы едік. Бүгінде білініп бүлінсе, кім біледі?

А қ б а л а . Жай кісі сезбегенмен, Асандар алаяқ сырқынды 

ғой. Өз басынан да талайды атқарған, жер танып алған жырын-

ды қу емес пе?

Д у л а т  (күліп). Ақбала-ай, айналайын-ай, ақылшы болуға 

қандай жақсысың?

А қ б а л а   (күліп).  Е...  бізді  қыз  болмады,  жас  болмады 

деймісің! Өзің сияқты жол-жобаны үйреткен жандар да болған 

шығар (Қүліп.) Жә, оны қой, мына жайларыңды айтсаңшы!

Д у л а т .  Мен  білсем,  Асан  да  басқадан  жырындылығы 

асып бірдеме сезіп жүрген жоқ. Осы тұста біздің бозбала мен 

бойжеткеніміз өздері олақ боп кетті.

А қ б а л а .  Қайтсін!..  Күні  бітіп,  құмарлығы  асқан  сайын 

сүлдер құрымас па?! Бұл екеуінікі әншейін емес, шын асықтық 

қой.  Баяғының  асықтары  дейтін  осылар  екен  ғой.  Қалқам-ау, 



286

сынайын деп айтқаным емес, осы соңғы бір жұманың ішінде 

Көзжақсым Молда жігіт жоқ жерде жады болған кісідей есінен, 

сөзінен  жаңылып,  жай  сөзімнің  өзін  ұқпай  кетеді.  Мүлде 

ақылынан шатасқандай боп та отырады.

Д у л а т . Рас айтасың. Сезіктенген жұрт сондайдан сезініп 

жүр.

А қ б а л а . Осыны сен Молда жігіт пен Көзжақсыма айтсаң, 



сақтандырсаң не етеді?

Д у л а т . Жай-күй оған қалса айтармыз. Тек қазір тұра тұр. 

Сырым Қарагөзбен осы кеш басқа сөз сөйлескелі келді.

А қ б а л а . О не сөз?

Қарагөз бен Сырым шығады.

С ы р ы м .  Мен  сенімен  уәделесіп  сөйлескенім  жоқ.  Бірақ 

қазір осы уақытта Дәулеткелді, Қоскелді бізді ат ерттеп тосып 

тұр. Мен сені алып кетемін деп келіп тұрмын.

Қ а р а г ө з . Не дейсің?.. Қайда, жаным-ау?

С ы р ы м . Қаракесекке – менің нағашыма. Бұл ел саған да ел 

болмайды. Сен мені сүйгелі, арсыдағы арманыма жеткелі мен 

тыныштықтан  айырылғам.  Сені  ұзатарда:  «Қайтып  көрме йін, 

енді мен қаңғып кетейін. Бұрынғы маған жоқ болсын!» – деп 

едім. Мені елге тастамадың. Мен сонда енді өзіме екі-ақ жол 

қалды дегем. Бірі – көз көрмес, құлақ естімеске сені әкету. Сенің 

жолыңда, сенімен бірге құшағымды айырмай өлу. Бір қабірге 

бірге түсу. Енді біреуі – бөтендігім бөрідей болып, жұлысып-

жұлқысып кету жау жұртпен. Бүгінде, міне, сол екеуінің бірінен 

басқа таңдау қалған жоқ. Қай жолыма түс дейсің – өзің биле, 

өзің нұсқа! Құдірет әміріндей күтем мен сенен!..

Қ а р а г ө з   (ойланып).  Не  деймін?..  Не  айтармын?..  Со-

дан  басқа  істер  шара  қалмағаны  да  рас!  Не  бүгінгі  күн  бір-

бірімізден  айырылу,  жат  болысу...  өлемін,  үзілемін  десем  де, 

бүгін саған «ере алмаймын» деген жауабымды беру керек. Не 

болмаса  –  етегіңнен  ұстау,  еру!..  Мезгілдің  өлім  сағатындай 

бұйрық сағатына жеткені рас.

С ы р ы м  (құшақтап тұрып). Ойлан!.. Ойла да қазір бекін, 

байла!  Екеумізге  берген  тағдыр  таңдауы  ешкімнің  басына 

берілмеген. Қадірлей білейік қасиетін!

Осы  шақта  Матай  ақырын  бұғып  келіп  бір  ағаштың  түбіне  баспалап 

тұрады.


287

Осы  сырымыз  ашылмаған  бетте  бізге  лағынет,  қарғыс 

айтқаннан басқа, бүгінгі айналамызда аяйтын, есіркейтін, жай 

ұғатын жан жоқ. Ал іштегі сәулені, қос кеудедегі күн-сәулені 

бітеу жара қып сақтап жүрер шама жоқ. Біз жасырын жүрсек, 

жалын үдеп тағат қылуға, бойды жеңуге ырық бермес болды. 

Не маған «бетіңмен кет!» де, болмаса ер маған!.. (Тым-тырыс.)

М а т а й  (сыбырлап, өзіне). Ә... сұмдық мұнда ма еді?! Бәсе, 

сал-серілік  жөні  бір  басқа.  Асанның  айтқаны  келді  ме?  Енді 

мұны  жалғыз  мен  білмеймін...  (Сырымдарға  қарап.)  Сендер 

сөздеріңді пісіре беріңдер! (Жүгіріп кетеді.)

Қ а р а г ө з . Мені сен жеңдің. Сен биледің! Дүниеге тоқтауы 

жоқ,  тойымсыз  еттің!  Енді  адасқанды  бетінен  жарылғасын! 

Өзі берген қасіретін Құдай өзі жеңілдетер әлде. Әлде бізге де 

жарық күн бар шығар? Екеумізді де жетімдіктің үстінде, ана-

ларымыз  қатар  өліп  жылап  қалған  күнде  бір-біріңді  уат  деп, 

әуелі  бауыр  етіп  үйір  қылып,  артынан  асық  деп,  жан  дескен 

асық етіп қосып еді ғой. Бізді жаман ниет қосқан жоқ-ты. Мен 

саған еремін, Сырым! Ермеске жолым тар. Тыным бітті. Тәңір 

бетімізден жарылқасын!

С ы р ы м  (қатты құшып сүйіп тұрып). Олай болса, бүгін 

кетеміз. Біз жалынды ыстық жар өмірін сүретін боламыз. Қазір 

кетейік, сәулем!.. Аттар тосып тұр.

Қ а р а г ө з . Сырым, Құдай қосса – бұл байлау нық байлау. 

Енді көңілге күдік кірмес. Бірақ шыдау керек. Бұл ниет бүгін 

орындалмайды.

С ы р ы м . Енді қашан? Неге орындалмайды?

Қ а р а г ө з .  Бізді  аяйтын  туған-туысқан  болмаса  да,  мына 

ауылда біздің ауылдың бар үлкені жатқанда кеткеніміз лайық 

емес. Солар кеткен соң болсын болар іс!

С ы р ы м .  Бізді  қуса,  жаулық  қылса,  солардан  үлкен  жау, 

солардан әрі кететін жат жоқ. Бірақ Қарауылдың елін елемей, 

белін сындырғандай болармыз. Бұл сөзіңді теріс дей алмаймын. 

Солар кеткен соң-ақ бетті түзерміз. Келші енді, кел, сәулешім!.. 

Құшақпен қоса тілек қосайықшы мәңгіге!

Қ а р а г ө з . Мәңгіге!..

Дулат пен Ақбала шығады.

Д у л а т .  Уа,  шіркін  шерменделер...  Дүниеден  осы  құшақ-

тарың айырылмай өтіңдер.


288

С ы р ы м .  Кәне,  Дулат,  енді  жаңа  ниетке  бір  тілеу  тілеп, 

сөйлеп  жібер!  Біз  емін-еркін  екеуіңнің  батаңды  алып  тұрып 

сүйісейік.  (Карагөзді  құшақтап  тұрады.  Дулат  өлеңмен 



сөйлейді.)

Д у л а т .

Жолды оңғар, тілекті бер, о, жасаған!

Қашсақ та, қусақ тағы сендік саған. 

Болғанда дұшпандар көп, біз әлсізбіз,

Сол үшін жүрек қорқақ, үміт шабан.

Сақтай гөр қара күннен аты жаман,

Дегендей тілек бітті, қызық тамам.

Екі жас арманына жолды оңғарып,

Мақсатқа енді жеткіз есен-аман!

Қ а р а г ө з   (жылап,  Сырымды  құшақтап).  А,  Құдай,  осы 

тілек  –  шын  тілегім!  Жолымды  оңғармайтын  болсаң,  осы 

тілеудің үстінде ал!

Бұл сәтте сахнаға жылдам басып Нарша, Асан, Матай, Жарылғап, Мер-

жан, Жабайлар шығады.

Н а р ш а  (шыға бере сөйлеп келеді). Аталы ұлдың азғаны, 

мінекей...  Мынау  серілік  емес,  осалдық!  Бұл  жасырынның 

ашылып, абыройдың шашылғаны. Міне, әкелері – балаларың! 

(Еңіреп жылайды.)

Ж а б а й  (ақырып). Құдайдың қарғысы тиген жүзіқаралар!.. 

Не қып тұрсың?! Құдай-ау, мынаны көргенше, көр көзім неге 

шықпайды  менің?!  (Сырымға.)  Сені  өлтірмесем,  кәпір  бола-

йын! Байла екеуін де!

С ы р ы м   (ұмтылғандарға  қарсы  қанжар  суырып  алады. 



Жасқап жуытпайды). Тарт! Мен өлсем, өз бетіммен өлем!

М ө р ж а н   (Карагөзді  ұстап  алып).  Жүзіқара,  жерге  кір! 

Жүзің неге күймей тұр, арсыз! Өлтір, өлтір екеуін де!

Ж а б а й . Ұста! Ұста арсызды!

Көп жұрт жабылғысы келеді. Сырым әрқайсысын қағып ұшырып, сахна-

дан шыға жөнеледі.

Ж а р ы л ғ а п . Мылтық әкел, ат итті! Өлтір осы жерде.

Көп жұрт шулап қуып кетеді.

М ө р ж а н  (Қарагөзді екі кісіге ұстатып). Сал кісенді! Та-

банын  тіліп,  күң  қылыңдар! Бетің  тіліңгір,  қайтіп  шыдап  тұр 

мына бетің?!


289

Қ а р а г ө з  (есі шығып жүдеген, өңі қашқан, әлсіз)Мен... 

мен... өлтірт мені, тірі қойма! Мен... бәрібір өлім... Ал... Құдай!.. 

Ал мені ақ өліміңмен!

Екі жігіт қолын байлайды.

М ө р ж а н .  Кеселді,  өл  енді!  Не  бетім,  не  дейім  енді  ел-

жұртқа!?

Кеткендер қайтып келеді.

Ж а б а й . Жерге кірсең қоймаспын, Сырым! Жаратқан, мұн-

дай итті бергенше, қубас қып, сорлы қып неге қоймадың? Жер-

ге кірсе – қоймаймын. Қуамын, қолымнан бауыздап өлтіремін!

А с а н . Ойпыр-ай, мынау не пәле боп кетті?

Ж а б а й . Мына қызды кісенмен босағаға таңыңдар! Екеуін 

бірге өлтіреміз. Қайда, қайда мылтық?..

Жүріп кетеді.

Н а р ш а  (жерге құлаған Қарагөзге тақап). Өзіне не болған 

мынаның? (Қарагөзге қадалып.) Неғып жатыр?

Ж а р ы л ғ а п . Не болғанын қайтуші едің? Енді бұл өлсін, 

қарасы өшсін! Қара жерге қара басым кіргенше кетпес таңба 

болды ма?! (Жылап.) Мендей де сорлы әке болар ма екен?

М ө р ж а н  (талықсып отырған жерінен). Жердің үстімен 

келіп,  астымен  қайттым  ба?  Менің  көзім  тіріде  менен  туған 

арам қыз мұны істеді ме? Әкет, Жарылғап, мені таң атпай. Қара 

түнді жамылып, қара тұтып күңіреніп кетейін!

Бәрі  кетуге  беттейді.  Қарагөзді  сүйемелдеп,  сүйретіңкіреп  екі  жігіт  пен 

Нарша әкетуге айналады.

Қ а р а г ө з   (көйлегінің  омырауы  жыртық,  көзі  аларып, 

жүзі  есінен  шатасқандай  бұзылып,  шашы  дудырап),  Мен 

өлдім...  өзім  де  өлдім...  Шуламаса  да  өлдім...  Ә...  о?  Не  боп 

қалды осы?.. Дулат неге ән салмай қойды? Сырым неге қанжар 

ұстады?.. Мені өлтірді. Өлім... Өлім...

Н а р ш а   (тоқтап,  шошыған  күйде).  Мынау  не  дейді?.. 

Жын данған  кісіше  не  дейді?..  Құдай-ау,  не  болған  мынаның 

өзіне?..

Кетіседі.

Пауза


290

Қоскелді,  Дәулеткелді  шығады.  Қарбалас.  Қарсы  алдынан  Дулат  келе 

береді.

Д у л а т . Не болды, жандарым? Не деп шуласып жатыр?



Қ о с к е л д і .  Не  болсын?  Өрт...  Артымыз  қалың  шу,  өрт 

дерсің!


Д ә у л е т к е л д і .  Келді  ғой  бұл  дүниенің  асты  үстіне! 

Бәрінен жаманы – Қарагөз! Есіл Қарагөз!..

Д у л а т . Не бопты Қарагөз? Оны не деп аяп жатыр?

Қ о с к е л д і . Сорлы Қарагөз... Жынданып кетіпті жаңа.

Д у л а т . Не дейсің... Сұмдық... Жап-жаңа ма?

Д ә у л е т к е л д і . Жынданыпты, қайран асыл Қарагөз! 

Сырым шыға бере естіп қалады.

С ы р ы м . Қарагөз айым!.. Ай сәулелі Қарагөзім! Не дейді, 

ойбай, мыналар?.. Сәулем, сәулешім Қарагөз!.. (Еңіреп жылап 

жібереді. Өзгелер үнсіз ұзақ жылап, өксіп-өксіп зар етіп алып, 

ұзақ тым-тырыстан соң.) Лағынет! Лағынет, лағынет болсын 

саған  –  Өсер  ауылы!  Лағынет  сұм  қадам  жұрағатыңа  сенің!.. 

(Кекете.)  Өсер...  Өсер...  не  өсер?  Тек  зұлымдық  өсер  нөсер 

болып сенен! Сор өсер, ар өшер!.. Өскенде тек зар өсер сенің 

лағынет табаның астында (Пауза). Алдың ба тартып барымды? 

Аяулы сәулем, күн сәулелі сәнімді? Өшірдің бе әнімді? Жә-жә... 

кетістік  те  кешпеске!  Кешпес  кекке  кеттім  мен  де  келмеске! 

Білем, сенің де шымбайыңа батады. Алам, шашам, Өсер, сенің 

қалтырай құшқан малыңды!.. Судай төгем өзгені зорлау-қорлау 

үшін  құрал  еткен  барыңды!..  Айрандай  төгем  «ақты-бозды» 

дейтұғын, Өсер таңбалы құтыңды! Құртам мен де, аузы қанды 

бөрің  болам!  Шайқаймын,  қарғыс  атқыр  мүлкіңді.  Кегім... 

кегім... Қарагөзім! Аяулы ару ардақтарым! Арнадым саған сол 

әділ ашу-кегімді!..

Сахнадан жөнеліседі.

Шымылдық.


291



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет