қараша | ноябрь | november № 11 (23)
51
КОНКУРС
ол компания ның шаруашылық-қаржылық қызметі бойынша
барлық операцияларды жүргізіп, оның қаржылық есебін жа-
сайды, сондықтан оның моральдық қасиеті жоғары деңгейде
болуы тиіс.
– Сонда бухгалтер бүгінде сұраныстағы мамандық
па?
– Әлбетте. Менің қызметіме қарай, кәсіпорын басшылары
жиі байланысқа шығып жатады. Олар жақсы маманды, яғни
білімді әрі білікті бухгалтерді ұсынуды өтінген ұлттық компа-
ниялар, ішкі аудит қызметтері. Олармен әңгімелесу кезінде,
консультативтік органмен жұмыс істеу барысында, біз тағы да
сауатты бухгалтерлердің жетіспейтініне көз жеткізіп келеміз.
Ол туралы мынаған қарап та көз жеткізуге болады, салық
қызметкерлері оларға салықтарын жеткізіп есептеп беріп
жатса, бақылаушы органдар, солардың қатарындағы, Есептік
комитеті, Қаржылық бақылау комитеті олардың жұмыста-
рынан кемшілік тауып, бас бухгалтерлерге айыппұл салып
жатады.
Бізден қандай білім беру орталығынан білімдегі кемшілік-
олқылықтың орнын толтыруға болады деп сұрап жатады.
Абырой болғанда, Қаржы министрлігінде кадрларды дайын-
даумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын,
қаржы жүйесіндегі білім беру үдерістерінің өтінде тұратын
Қаржы академиясы бар.
Шын мәнінде бухгалтерлік есеп және аудит саласында
кәсіби білім алу – бұл үлкен қор жинау және үздіксіз процесс.
Тіпті, жаңағы АССА компаниясының өзінде 500-ден астам
адам тек модулдер мен оқыту бағдарламаларын жасаумен
айналысады.
Меніңше, бухгалтер – бұл жоғары интеллектуальды ма-
мандық. Мені ерекше қанаттандыратыны, стандарттар бух-
галтерлерді басшыларына қандай шешім қабылдау керектігін
түсіндіруге итермелейді. Бұл калькуляторды қолға алып, сан-
дарды қосып және көбейтіп отыратын жай ғана есеп жүргі-
зу емес. Жоқ, ол басшысына мынау немесе анау операция
баланстың қай бабына қалайша әсер етеді, қаншалықты бұл
баланс ертең инвесттартымды, қалайша былай немесе өзге-
ше қор жасауға болады, және оған қалай бақылау жүргізуге
болады деген мәселелерді түсіндіріп жеткізе білуі керек. Бұл
халықаралық бизнес тілінде сөйлейтін адам. Мынадай қағи-
да қалыптасқан, егер сіз МСФО-ны жақсы білсеңіз, онда сіз
барлық бизнес сөйлейтін қосымша шетел тілін меңгергенмен
бірдейсіз.
Мысалға, бір адам операция жасады, яғни инвестжылжы-
майтын мүлік – қымбат картина сатып алды делік, МСФО оны
толықтай біліммен жарақтандырады, оны қалай есептеу ке-
рек, сұрақтарға жауап беруді талап етеді: ол оны сату үшін
алды ма немесе өзінде сақтай отырып, кейін қымбатқа са-
туға алды ма, т.т. Осы сияқты әрбір жағдайды МСФО жіліктей
шағып беріп, басқарушылық шешімдер қабылдау үшін сенімді
білімдер береді.
– Айтыңызшы, республикалық байқауға қаты-
сушыларды іріктеу барысында қандай критерийлер
негізге алынбақ?
– Жарысқа жас шамасына қарамай барлық кәсіби бухгал-
терлер қатыса алады. Бастапқыда бірінші турға қатысуға 400-
ден астам қатысушыдан өтінім түсті. Бірақ, бұл байқаудың өт-
кізіліп жатқанынан көпшіліктің хабарсыз болуына байланыс-
ты көпшіліктің байқауды ұзарту туралы сұрауына орай, біз
бірінші тур бойынша түйіндеме жасап, 6 адамды екінші турға
өткіздік. Енді бірінші тур ұзартылды, бұрын өтінім тапсырып
үлгермегендерге, енді сайтта қайта тіркеліп, екінші турға өт-
кендермен бірге, жарысты әрмен қарай жалғастыру мүмкін-
дігі туды.
Бірінші тур 2015 жылдың 16 қараша мен 7 желтоқсан ара-
лығында өтеді, екіншісі 8-11 желтоқсан аралығында, үшіншісі
14 желтоқсанда өтеді.
Сөз реті келгенде, жүлде қорының қомақты екенін атап
өткім келеді: бірінші орынға – 1 млн теңге, екінші орын – 500
мың, үшінші орын – 300 мың теңге. Жеңімпаздар Тәуелсіздік
күні қарсаңында марапатталады.
Жеңімпаздарға ҚР Қаржы министрінің алғыс хаттары та-
бысталмақ. Ал 25 қатысушы Алматы қаласында «Қаржы акаде-
миясы» АҚ филиалында кәсіби бухгалтерлердің біліктіліктерін
арттыру экспресс-курстарына 30% жеңілдік беретін серти-
фикаттармен марапатталмақ. Ал байқау жеңімпазы ҚР Қаржы
министрлігі жанындағы бухгалтерлік есеп және аудит мәсе-
лелері бойынша консультативтік орган мүшесі болмақ.
– Қазылар алқасы жұмысының айқындылығы қа-
лай қамтамасыз етілуде?
– Қазылар алқасы құрамына Қаржы академиясы, кәсі-
би қауымдастық өкілдері – практиктер – аудиторлар енген.
Біздің бірде біреуіміз, өз ЖСН ұсынған қатысушылардың фа-
милияларын білмейміз. Тек финалда ғана олардың есімдері
– Мемлекеттік кірістер комитетінің деректер базасы арқылы
белгілі болады.
Дәлділік онлайн-режимде өтетін бірінші екі турды өткі-
зу есебінен де қамтамасыз етіледі. Конкурсқа қатысушылар
www.1ccc.kz сайтына кіріп, сұрақтарға жауап береді, ал бұл
адам факторының ықпалын болдырмайды. Үшінші тур көзбе
көз формасында өтеді. Жүзден жүйрік шыққандар жарыстың
финальдық бөлімінде жиналады. Мұнда олар қаржылық есеп
берудің халықаралық стандарттарына, оларды пайдалану
білу, сондай-ақ, ситуациялық міндеттерді шешуге қатысты
білімдерін көрсететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: