БЕС ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ РЕФОРМА:
АДАМИ ДАМУҒА ЕКПІН БЕРІЛУДЕ
Бақыт СҰЛТАНОВ,
ҚР Қаржы министрі
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
6
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Еліміз биыл атап өткен Қазақ
Хандығының 550 жылдығы біздің
мемлекеттілігіміздің қайнар
бастауын және жарқын болашақ
үшін игі істерді жүзеге асырған
тарихи есімдерді еске алуға септік
етті.
XV ғасырдың ортасында Қазақ
хандығының шекарасы нақты бір баға-
налармен белгіленбесе де, әрқашан
да абыроймен қорғалғаны анық. Қа-
зақ хандығының араб графикасының
нұсқасындағы өзіндік жазу мәдениеті
және сауда саттықта есеп айырысатын
монеталар соғу жүйесі болды. Одан
бөлек қазақ хандарының заңдар жи-
нағы, билер соты, тағы мен тәжі, сырт
елдермен тарамдалған байланыс
жүйе сі болды.
Қазақ хандығының Орталық Азия-
ның саяси картасында пайда болуы
Шыңғыстықтардың атауымен тікелей
байланысты, Жошы хан ұрпақтары –
Әбілхайыр Шибанида және Керей мен
Жәнібек ханның жақын туыстары.
БӘРІ ҚАЛАЙ БАСТАЛҒАН ЕДІ
ХV ғасырдың бірінші жартысында
Қазақстан аумағында Әбілхайыр хан-
дығы – Өзбек ұлысы болды. Әбілхайыр
ханның билігінің әлсіреуіне бір себеп,
оның 1457 жылғы Жетісу жері арқылы
Сығанақ, Сайрам, Ясы (Түркістан) және
Ташкентке дейін дендей енген қал-
мақтардан (ойраттар-батыс моңғол-
дары) ойсырай жеңіліс табуы болды.
Екінші себеп, Әбілхайыр ханның өзінің
ішкі қарсыластарын басып жаншуға
ұмтылуы. 1450 жылдардың аяғында үл-
кен ұлы Шах-Будақ сұлтанның өліміне
кек қайтару үшін Әбілхайыр хан Деш-
ті Қыпшақ еліндегі Жошы ұрпағының
бірқатар ханзадаларының көзін құр-
тып, оның халқын жан-жаққа быты-
ратып жіберген болатын. Әбілхайыр
ханның жошылықтарды, Тұқа-Темір
ұрпақтарын қудалауы нәтижесінде
Керей мен Жәнібек те ығыса көшкен
болатын. Билік құмар Әбілхайыр хан
өз билігін ұстап қалу үшін өзіне жақын
сұлтандарды қыспаққа ала бастады.
Бұл олардың наразылығы мен қар-
сылығын тудырғаны заңды да еді. Мах-
муд бен Уәли «Айбынды ақсүйектердің
ұшан-теңіз құпиялары» атты шығарма-
сында былай деп жазады: «Әбілхайыр
хан өзінің ағаларының Дешті Қыпшақ
аумағындағы балаларын тықсыра
бастаған кезде Тұқай Темір хан ұр-
пақтары, Жошы хан ұлдары, Керей хан
және Жәнібек хан оған бағынысты ау-
мақтан шығып, бағынудан бас тартып,
атамекендерін тастап, жыраққа кету-
ге бел буды. Ата-бабаларынан мұраға
қалған елден бас тартып, олар жат
жерге қарай ат басын түзеді. Өзінің бір
топ жақтастарымен бірге олар Моғол-
станға қарай бет түзегенді жөн көрді.
ТЕК РУХЫ МЫҚТЫ ХАЛЫҚ ҚАНА
МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРА АЛАДЫ
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
7
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
Ол уақыттарда Моғолстан аумағында
Шыңғысханның ұлы Шағатай ханның
ұрпақтарының бірі Уәйс ханның ұлы
Исан Бұға хан билік құрып тұр еді».
Көшпенділер қоғамында өздеріне
тиімсіз тәртіп пен жүйеге қарсылық
танытудың халықтық бір сипаты рудың
тайпаны немесе халықтың бір бөлі-
гінің бұрыннан орныққан жерлерінен
көшіп кету болды, яғни өзінің әділетсіз
билеушілерінің қол астынан бөлініп
кету. Орыс ханның ұрпағы, қос сұлтан
Жәнібек пен Керей өзіне бағынышты
румен бірге бөлініп кеткен болатын.
Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр
ханнан бөлініп кетуі қазақтың өз ал-
дына еркіндік алып қалыптасуының
тек қана алғашқы қадамы ғана болды.
Т.И. Сұлтанов өз еңбегінде: «Керей
мен Жәнібектің өз ұлысының адамда-
рымен Моғолстанға қоныс аударып
келуі Есен бұға ханның билік еткен
кезі еді. Ол оларды қуана қарсы алып,
Шу және Қозыбасы асуынан жер бе-
реді» дейді. Керей және Жәнібектің өз
ұлысының адамдарымен моғол ханы
Есен бұғаның қол астына келуін 1459-
60 жылдармен белгілеу қажет. Керей
мен Жәнібекті Есен бұға өзі шақырып,
олардың көмегімен өз жерін Жүніс
ханнан қорғауды ойлас
тырған бо-
латын. Керей мен Жәнібек Есен бұға
ханға көп күш көмегін көрсетті, ал
олардың Жетісуға көшіп баруы 1459
жылдан бұрын болған. Осылайша
бөлініп кетудің басты себебі болып
бір атадан тарайтын Жошы тармақта-
рының, Тұқа Темір және Орда Ежен
ұрпақтарының, Керей мен Жәнібек
ханның шөберелері болып табылатын
Ақорда ханы Орысханның тұқымына
тікелей қатысты тармақтардың кү-
шейіп кетуіне жол бермеуге ұмтылған
Әбілхайыр Шиванида ханның автори-
тарлы билігі табылады.
Қазақ сұлтандарының күшеюі 1462
жылы Есен бұғаның қазасынан бастал-
ды. Сол кезде Моғолстандағы ішкі
алауыздықтың басталуы Жәнібек және
Керейдің саяси бағытының өзгеруіне
алып келді.
«ҚАЗАҚ» ПОЛИТОНИМІ
Қазақ хандығының нығаюы және
аумағының кеңеюі сол кезеңдердегі
бірқатар оқиғалармен қатар өрбіді.
Хандық нығая түскен сайын «қазақ»
атауы да этникалық сипатқа ие болды.
Егер Қазақ хандығы құрылғанға дейін
«қазақ» термині көбінесе әлеуметтік
сипатқа ие болған болса, 60-шы жыл-
дардан соң өзбек, қазақ, одан кейін
Керей мен Жәнібектің этникалық
тобын «қазақтар» деп атай бастады.
Жәнібек және Керей ханның адамда-
рына «қазақ» деген атау тағылды. Бұл
«еркіндік сүйгіш, еркін, өз ұлысынан
бөлініп кеткендер» деген мағынаны
берді. XV ғасыр аяғы, XVI ғасыр ба-
сындағы дерек көздері XV ғасырдың
50-ші жылдары Керей және Өзбек
ханның бастауымен Әбілхайыр ханнан
бөлініп, Моғолстанға (Жетісуға) көшіп
барған және кейін Арал маңына қайта
оралған кезінде осындағы Өзбек рула-
рымен біріккен көшпенділерді «өзбек
қазақтар» деп атайды. Одан кейінгі
(XVI ғасыр ортасына таманғы) оқиға-
ларды сөз еткен кезінде Махмуд бен
Уәли тек қана «қазақ» терминін қолда-
нады. «Қазақ» терминінің әу бастан-ақ,
Керей және Жәнібектің адамдарының
этникалық атау емес екендігін «Та-
рихи Рашиди» еңбегінен де көруге
болады. Осылайша Мұхамед Хайдар
былай деп жазады: «Олар бұрынғы
орныққан жерінен ауып, ұлысынан
бөлініп, біраз уақыт жоқшылық көріп,
үдере көшіп жүргендіктен оларды
қазақтар деп атады. Осы атау оларға
бекіп қалды». Осы терминнің әлеу-
меттік маңызына орта ғасырлық тағы
бір тарихшы Махмуд б.Әмір Уәли де
назар аудартады. Ол: «Моғолстанға
келгенге дейін олар оқтын-оқтын қал-
мақтарға шабуыл жасап, ұрлау тонау,
көшіп қону аумақтарының шалғай
жерлерінде қарақшылық жасаумен
айналысқандықтан оларға «қазақ» де-
ген атау тағылды». Тек Қазақ хандығы-
ның құрылуымен ғана «қазақ» термині
этносаяси (политоним) мәнге ие бол-
ды. Тек XV-XVI ғасырлардың шегінде
Шиванилардың қол астындағы өзбек
тайпаларының Орта Азиядан кетіп,
Шығыс Дешті Қыпшақ және Түркістан-
дағы қалған ру тайпалардың Қазақ
хандығының қол астына бірігуінен кей-
ін «қазақ» термині этникалық мағынаға
ие болды. Осылайша қыпшақ (XIII-XIV
ғғ.), ноғай (XIV-XV ғғ.), өзбек (XIV-XV ғғ.)
атаулары бұрыннан біртұтас этнос
есебінде бар болса, XVI ғасырда олар
«қазақ» деген этнонимге бірікті. Ал
олардың елі – Қазақстан деп аталды.
ҚАЗАҚ ЕРКІНДІГІ
Табанды да, батыл қазақ хандары
уақыт өте келе моғол билеушілеріне
бағынудан бас тартты. «Ол кезде, –
деп жазды Мырза Хайдар, өзбек ұлысы
Әбілхайыр хан өлгеннен кейін (1468
ж.) іштей бұзылып, алауыздық етек ала
бастады. Олардың басым бөлігі Керей
және Жәнібек ханға көшіп кетті. Ке-
рей мен Жәнібек ханның маңындағы
адамдардың саны екі жүз мың адамға
жетті». Оларға «өзбек-қазақтар» деген
ат тағылды. Моғолстанға келгенге дей-
ін олар оқтын-оқтын қалмақтарға ша-
буыл жасап, ұрлау тонау, көшіп қону
аумақтарының шалғай жерлерінде
қарақшылық жасаумен айналысқан-
дықтан оларға «қазақ» деген атау
тағылды. Ол кезде Керей хан мемле-
кет басшысы деп аталды. Керей мен
Жәнібек Дешті Қыпшаққа қайта ора-
лып, оларға Орталық Қазақстан дала-
сындағы орныққан халықтың басым
көпшілігі қосылды. Осылайша, Қазақ
хандығы 1469 жылы Дешті Қыпшақ
көшпенді тайпаларының дербес
мемлекеті ретінде саясат сахнасына
шықты. Сол уақытта Батыс Қазақстан-
дағы қыпшақ тайпаларының басшысы
Мұса Керей мен Жәнібектің билігін
мойындады.
Көшпенділерге «өзбек-қазақтар»
деген ат тағылды. «Қазақ» термині ол
кезде ешқандай ұлысқа кірмейтін,
ешқандай билікке бағынбайтын дала-
ның еркін еркелері дегенді білдіретін.
Ақсақ Темірдің өзі де Мәуренахрды
жаулап алғанға дейін өз еркі өзінде,
қазақшылық жасап жүрген болатын.
ХV ғасырдың ортасына дейін «қа-
зақтар» атауына этникалықтан гөрі,
әлеуметтік сипат тән болды. Көпшілік-
тің ұғымында қазақ атауы бостан-
дықты, еркін өмірді сүюшілер деп
аталды. Орыс тілінде түрікшеден каль-
каланған “уйти в казаки”, “казаковать”
деген сөз бар. Осы қазақшылық ету ту-
ралы анағұрлым кең және әдемі сурет-
теулер Н.В. Гогольдің «Тарас Бульба»
повесінде кездеседі. Осы дәстүр ұзақ
уақыт Еуразия даласында сақталған,
өйткені, қыпшақтар мен оғыздар бұл
дала құбылысын кем дегенде қазақ,
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
8
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
орыс, украин халқына дарытқанға
ұқсайды. Осылайша, бұрынғы Алтын
Орданың әр түкпірінде, Еуразиядағы
авторитарлы бытыраңқыхандық ре-
жимдерінің кезеңдерінде Қазақстан,
Ресейдің оңтүстігі, Украина жерлерін-
де ежелден дала қазақтарының еркін-
дігі қалыптасқан.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1468 жылдың соңындағы
Әбілхайыр ханның қазасы мемлекет-
те саяси дағдарыстың ушығуына алып
келді. Мәліметтер бойынша, оның
мұрагері ұлы Шейх-Хайдар болған,
бірақ 1469 жылдың аяғы, 1470 жылдың
басында Шейх-Хайдардың жақтаста-
ры талқандалып, ханның өзі өлтіріліп,
оның иелігі үш бөлікке бөлінді.
Қазақ азаткерлері Керей мен Жәні-
бектің Әбілхайыр хан ұрпақтарымен
Дешті Қыпшақ үшін күресі 1469 жыл-
дан басталды. Осы күрестің нәтижесін-
де Батыс Жетісу, Орталық Қазақстан,
Сырдарияның орта ағысы Керей мен
Жәнібек ханның қолына өтті. Осы жер-
лер Қазақ хандығы деп атала бастады.
Қазақ хандығының негізі Жетісу
аумағының батыс бөлігі болды. Керей
мен Жәнібектің жақтастары Дешті
Қыпшақ жеріне Жетісудан оралғасын
Қазақ хандығын құрды. 1470 жылдың
өзінде Сырдария маңы даласында қа-
зақ жасақтары пайда болды. Жәнібек-
тің үлкен ұлы Махмуд Созақты, ал екін-
ші ұлы Еренші Сауранды басып алды.
Осы жерде Еренші Мұхаммед Шай-
бани әскерімен кездесіп қалып, оның
соңында ұласқан ұрыста талқан болып
жеңіліп, Бұхараға қашуға мәжбүр бола-
ды. 70 жылдардың басында Қазақ хан-
дығы екі қанатқа бөлінді. Сол қанатты
(шығыс) Керей ханның өзі басқарды.
Ал Мұса және Едігенің-Жәнібек басқа
да ұрпақтарының жерлері енетін оң
қанатты (батыс) Жәнібек басқарды. Бұл
тұста дала тарихында ежелден белгілі
біріге басқару институты туралы айта
кетуге болады. Хандықтың шекарасы
Ертістен Жайыққа (Орал) дейін со-
зылып жатты. Маңғыт билері Керей
мен Жәнібектің қол астынан шығуға
тырысып, олардың айтқандарынан
шықпайтын сұлтандарды хан етіп жа-
рияламаққа жанталасты. 1472 жылы
Мұса мырза Мұхаммед Шайбанимен
одақ құрады, оны бүкіл Дешті Қыпшақ
ханы етіп жариялаймын деп уәде бе-
реді. Бірақ Керейдің ұлы Бұрындық
сұлтанның Қаратау тауларындағы
Сағұнлық асуында, одан кейін Отырар,
Түркістан, Арғұқта жеңіске жетуі Шай-
баниді тағы да қашуға мәжбүр етіп,
үмітінің күлін көкке ұшырды.
Қазақ хандығы әу бастан құрылған-
нан-ақ Дешті Қыпшақтағы барлық
тайпалардың басын қосып, Сырда-
рия маңындағы қалаларды біріктіруге
күрес жүргізді. Керей хан 1474 жылы
қаза болғаннан кейін оның ұлы Бұрын-
дық (1474-1511) хан болды. Осылай-
ша XV ғасырдың соңында Сырдария
атырабы үш мемлекетке бөлініп кетті.
Олар өзбек, қазақ және моғол мемле-
кеттері. Сырдария маңындағы қала-
ларға арқа сүйей отырып, Бұрындық
хан Жетісу, Орталық, Батыс Қазақстан-
ның көшпелі руларын біріктіре алды.
Бұрындық Оралдың төменгі саға-
сындағы Ноғай ұлысының бұрынғы
астанасы Сарайшық қаласына қысқа
мерзімге орнықты. Мұса мырза қай-
тыс болғаннан кейін маңғыт руының
басым бөлігі қазақ ханы Бұрындықтың
билігіне өтті. Бұрындық және Қасым-
ның (Жәнібек ханның ұлы) арасында
билік үшін күрес басталды. Бұл ымы-
расыз таласта 1511 жылы Қасым жеңіп
шықты.
Сол уақыттан бастап жоғарғы билік
ұзақ уақытқа Жәнібек хан билігіне өтті.
Қасымның тұсында қазақтарға Сыр-
дария маңындағы қалалар түпкілікті
бекітілді. 1519 жылы маңғыттарға қар-
сы жеңісті жорығының нәтижесінде
өзінің Батыс Қазақстандағы билігін
нығайта түсті. 1519 жылы маусымда
маңғыттардың негізгі күштері Хаджи
Тарханда талқандалып, батыс шекара
Еділ(Волга) өзені болды. Сондай-ақ
Жетісу мен Тяньши маңы да Қазақ хан-
дығының құрамына кірді.
Сол кезеңнен бастап 1519 жылы
Қазақ хандығы халықаралық қатынас-
тардың субъектісіне айналды. Қазақ
хандығымен алғаш дипломатиялық
байланыс орнатқан мемлекеттердің
бірі – Мәскеу мемлекеті болды. Қырым
ханы түрік билігімен жазысқан хатта-
рында қазақтардың батыс бағытында
кеңейе түсуі жайында өз алаңдау-
шылығын білдірді.
Қазақстан аумағын моңғолдар жау-
лап алғаннан кейін алғаш рет қазақ
рулары мен тайпалары, соның ішін-
де Жетісу да бір мемлекетке бірікті.
Замандастары Қасым ханның халқын
миллион адам болды деп айтқан де-
ректер бар. Оның тұсында Қазақ хан-
дығы туралы батыс елдері де білді.
ЕКІ АУЫР ҒАСЫР
20 жылдары, Қасым өлген соң жо-
шылық сұлтандар арасындағы өзара
тартыс Қазақ хандығын бір сәт әл-
сіретіп жіберді. Сондай өзара ұрыс
кезінде Қасымның мұрагері Мамаш
хан қаза тапты. Хандық өмірінде-
гі жағымсыз факторларға өзбек пен
моғол билеушілерінің қазақтарға қар-
сы біріккен одағы да жатады. Осы тұста
хандық Сырдария маңы қалаларынан
айрылды.
Қазақ ханы Тахир (1523-1533) Сыр-
дария маңы қалаларын қайтару үшін
Ноғай ордасымен күресте сәтсіздікке
ұшырады. Ішкі алауыздықтар Тахирді
Жетісуға қашып баруға мәжбүр етіп,
сондағы қырғыздармен одақтаса оты-
рып, осы аймақтағы билігін қалпына
келтіруге талпынып жүрген Моғол
ханы Сайд сұлтанның бірнеше рет
бетін қайтарды.
Бұйдаш хан тұсында, Тахирдың ба-
уырлары, қазақтар 1537 жылы моғол
ханы Абд ар-Рашидтен жеңілді. Олар-
мен бірге 20 қазақ сұлтаны қаза бол-
ды. Іс жүзінде XVI ғасыр соңына дейін
Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан
(Ясы қаласы XVI ғасырдан бастап
осылай атала бастады) және басқа да
Сырдария маңы қалалары Шайбанид
Мәуренахрлар құрамына кірді.
Осы кезеңде Қазақ хандығы оңтүс-
тігінде Сырдарияның төменгі ағысы
мен Қаратау аумағымен шектелді.
Хақназар хан әкесі Қасымның тұ-
сында Қазақ хандығының кең байтақ
жерін құраған қазақтардың жерге қа-
тысты құқығын қайта қалпына келтіру-
ге талпынды. Бірақ күрделі ішкі саяси
жағдайға байланысты бұл іс орындал-
май қалды. Оның тұсында қазақ дала-
сының шекарасына Қазан, Астрахань,
сосын Сібір хандықтарын жаулап
алғаннан соң Орыс мемлекеті жақын-
дай түсті. Қазақ даласында ноғайлар,
башқұрлар, сібір татарлары, Сырда-
рия жақта қарақалпақтар, Жетісуда
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
9
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
ойраттар(жоңғарлар) қаптап кетті.
Қайбір кезеңдерде қазақ билігі «Үлкен
Чертеж Кітапта» көрсетілген, шама-
мен, Ұлытаудан оңтүстікке, Сарысуға
дейінгі, Солтүстік Арал маңы, Қаратау,
Батыс Жетісу аймағындағы жерлерді
ғана бақылай алды. Хандық шекарасы
негізінен ішкі саяси жағдайларға бай-
ланысты өзгеріп отырды.
Сонымен қатар қазақтардың бір
бөлігі сол кездері өздері жайлаған
жерлерінде қалып, көрші мемлекеттер
мен билеушілердің бағынышына ай-
налды. Әсіресе, өзге билеушілер билі-
гінің астына жазық далада көшпенді
мал шаруашылығымен айналысатын
халық өтіп жатты, мәселен, қазақ ру-
лары Сібір хандығы жерінде көшіп
қонып жүріп, чат татарлары орныққан
Барабин далалығына шығып кететін.
Ал Хақназардың Ембі, Арал теңізі, Сыр-
дариядағы билігіне кейін қазақтың кіші
жүзіне араласып кеткен ноғайлардың
бір бөлігі өтті.
Қол астына Ноғай ұлысының бір
бөлігін ала отырып Хақназар хан Сыр-
дария, Арал маңынан Ембіге дейін
және Жайықтың сол жағалауын өз
бақылауына алды. Оның көкейінде
одан әрі батысқа қарай жылжи беру
бар еді. Алайда, Қазақ хандығының
батыс, сол сияқты солтүстік шекарала-
рында оның кеңеюіне Орыс мемлекеті
кедергі болды.
Хақназар хан Оңтүстік Қазақстан-
дағы сауда-қол өнер және егіншілік
орталықтарына шығар жолы жоқ өз
иеліктеріндегі жерді кеңейткісі келді.
Баба сұлтан да қазақ ханынан көмек
сұрап, оған Ясы және Сауран қалала-
рын беруге уәде етті, алайда, көмек
алып болғасын, оған келісімге келуге
барған қазақ сұлтандарын, оның ішін-
де Хақназардың екі ұлын да опасыз-
дықпен өлтірді. Көп ұзамай Хақназар
ханның өзі де қаза тапты.
ХVІІ ғасырда Қазақстанның ішкі
саяси өмірі тұрақтылығымен ерекше-
ленбеді. Қазақ хандығы одан сайын
ыдырап, феодалдық тартыстар күшей-
ді. Көшпенді ақсүйектердің түрлі топ-
тары өзара бәсекеге түсті.
1635 жылы Жоңғар хандығы
құрылуымен ойраттардың қазақтың
Ертіс маңы және Жетісу маңы жер-
лерін басып алу қаупі күшейді. Қа-
зақтар оңтүстік және батыс бағытқа қа-
рай тықсырылып, мұнда олар өз жер-
леріне орныққан өзбектер, қарақал-
пақтар, ноғайлар, башқұрлардың
қақтығысына ұшырады. Қазақстанның
ауыр экономикалық және саяси ахуа-
лына Орта Азия билеушілерімен қаты-
настың тұрақсыздығы, үздіксіз алауыз-
дық та себеп болды
Қазақ хандығының бытыраңқылығы
мен әлсіреуі хан билігіндегі тек мемле-
кеттік аумақтың ғана емес, этникалық
бүтіндігіне де әсер етті. Хандардың,
сұлтандардың, рубасылардың билік-
ке, бағынысты халыққа, жайылым-
дық жерлер мен қалаларға таласы
қоғамдық-мәдени даму қарқынын
баяулатып жіберді де, Қазақстан тер-
риториясында, оның байырғы халқын
тиімді қорғауға мүмкіндік берер мем-
лекеттілікті нығайта түсу үшін жағдай
туғызуға кедергі жасады. Қазақстан-
ның оңтүстігіндегі қалалар өмірінің
біртіндеп өшуіне сүбелі себептердің
бірі жоңғар бүліктері болды. Жоңғар
шабуылдары маңызды сауда жолда-
рын кесіп тастап, бейбіт елдің шаруа-
шылығына зор шығын келтірді.
Қазақ хандығының Тәуке ханның
(1680–1718) билігі тұсында қырғыз дар
мен қарақалпақтармен одақ құрып
нығаюы жоңғарлардың қазақ жеріне
қысымын уақытша әлсіретті.
Ыдырап бара жатқан хандықтағы
саяси жағдайды Тәуке хан едәуір
тұрақтандыра алды. Ол хан билігі бе-
делін көтеру, ақсүйектер жікшілдігі-
нен арылту, халықты біріктіру мақ-
сатында бірқатар шаралар қолдан-
ды. Оның билігі кезінде мемлекеттік
құрылымдар және құқық тәртібінің
негізгі қағидаларын анықтаған «Жеті
жарғы» қарапайым құқық нормалар
жиынтығы құрастырылды. Ол көрші
мемлекеттермен бейбіт қарым-қаты-
нас орнатудың және одақтасудың
жолдарын іздеді.
ТӘУКЕ ХАННЫҢ ЗАҢ ЖИНАҒЫ –
«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ
МӘЛІМЕТТЕР
Қазақ аңыздарында «Жеті жарғы-
ны» шығарушы ретінде Тәуке хан есімі
аталады. Кеңесу үшін ол үш биді – Ұлы
жүзден Төле биді, Орта жүзден Қа-
зыбек биді, Кіші жүзден Әйтеке биді
шақыртып, олармен қазақтар ара-
сындағы дау-жанжалдарды талқылап,
бірнеше заң ережелерін жасап, бекіт-
кен-мыс.
Ал басқа бір аңыздарға сүйенсек,
Тәуке хан Күлтөбе (Сырдария облысы)
шатқалына жеті биді жинап, ол билер
Касым мен Есім хандардың ескі салт-
тарын «Жеті жарғы» атты жаңа салтқа
енгізген. Сондықтан ғылыми әдебиет-
те «Жеті жарғы» Тәуке «Заңдары» деп
те аталады және ол қазақ мемлекет-
тілігінің негізін құраушы құжат ретінде
саналады.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы (қа-
зақшадан аударғанда «Жеті заң») келе-
сідей негізгі бөлімдерден тұрды:
• Жайылымдық жерлер мен
суарымдар дауын шешу туралы Жер
туралы заң
• Отбасы мүшелерінің мүлік
құқығы, жұбайлардың міндеттері мен
құқықтары, некеге тұру және бұзу
тәртібі заңдастырылған Отбасы-неке
туралы заң.
• Әскербасыларын таңдау
және бөлімшелер құру, әскери
бағынысты міндеттемелерін жолдап
тұруын реттейтін Әскери заң
•
Соттың істі қарау тәртібін
талқылау жөніндегі сот процесі тура-
лы ереже.
•
Адам өлтіруден басқа түрлі
қылмыстарға жаза бекітетін қылмыс-
тық Заң.
•
Ауыр дене жарақатын салу
және адам өлтіруге жаза бекітетін Құн
туралы заң.
•
Жесірлер мен жетімдердің
жеке және мүлік құқығын, сондай-ақ
оларға қауым және өлгендердің туыс-
тарының қатынасын реттемелеуші Же-
сір туралы Заң.
Олардың пайда болу уақытын та-
рихшылар XVII ғасырдың 70 жылдары
деп есептейді. Бұл Қазақ хандығы та-
рихындағы қиын кезең болды: Тәукеге
екі майданда соғыс жүргізуге тура кел-
ді, оның үстіне хандықтың ішінде де
алауыздық толастамады. Бұл заң ере-
желері хандықты нығайту үшін қабыл-
данып, онда іс жүзінде өмірдің барлық
жақтары қамтылды.
«Жеті Жарғыға» сәйкес мемлекет-
тегі жоғарғы билік ханның қолында
болды. Ел басқару сұлтандар мен әр
рубасылар арқылы құрылтай жасау
жолымен жүргізілді. Халықтық жиын
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
10
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
саналған құрылтайға қатысушылар өз-
дерімен бірге қару алып жүрулері тиіс
болды. Сонымен бірге Тәуке сұлтан-
дардың билігін шектеп, жауапты билер
арқылы үш жүзді басқару жолымен ор-
талықтандыруды нығайтуға талпынды.
Қылмыстық-құқықтық ережелер
мынадай қылмыстарды қарастырды:
адам өлтіріу, зақым болу, зорлау,
сабау, зәбір көрсету, перзенттік бо-
рышты орындамау, ұрлық, зинақор-
лық, т.б. Жазалау қанды кекпен қарас-
тырылды: қанға қан, зәбірлік көрсет-
кенге зәбірлік. Жазалаудан құн төлеу
арқылы құтылуға болатын. Дарға асу
және таспен ұрып өлтіру түріндегі
өлім жазасы күйеуін өлтірген әйел-
дерге, заңсыз бауырына басып алған
баланы өлтірген әйелдерге, зинақор-
лық жасаған әйелдерге, құдайға тіл
тигізушілерге және тб. жағдайларда
кесілді.
Құн мөлшері қылмыскер мен
жәбірленушінің әлеуметтік жағдай-
ына байланысты болды. Мысалы, қа-
рапайым ер адам өлімі үшін қылмы-
скер марқұмның туыстарына 1000,
ал әйел адам үшін 500 қой беріп
жазадан құтылса, сұлтан немесе қо-
жаны өлтіргендер жеті қарапайым
адамға есептелетін құн төлеген. Жал-
пы алғанда қара пайым құқық норма-
лары қазақ ақсүйек терінің меншігін,
артықшылықтарын қорғауға қолай-
лы етіп жасалды. Тәуке хан уақытша
ғана ішкі өзара тартыстарды еңсеріп,
жүздер тыныштығын қалпына келтіре
алды, сол арқылы қазақ руларының
көшін сыртқы басып алу қаупінен
сақтады.
Достарыңызбен бөлісу: |