Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет25/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
3.Қарыздар есебі.
Бастапқы тану кезінде берілген қарыздар әділ құн бойынша және осы келісіммен тікелей байланысты шығыстар бойынша танылады.
Берілген қарыздардың әділ құны нарықтық пайыз ставкасымен дисконтталған (осы Ереженің «Дисконттау қағидаттары» бөлімі) болашақта күтілетін ақша ағындарының келтірілген (дисконтталған) құны ретінде бағаланады. Мәміле бойынша шығындар тек қарыз берумен тікелей байланысты шығындарды білдіреді, яғни егер тиісті қарыз берілмегенде шегілетін қосымша шығындар.
Қарызды беру 1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар», 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 3220 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша жазбамен көрсетіледі.
Нақты құн (берілген ақша қаражатының сомасы) мен нарықтық пайыздық ставка бойынша дисконтталған құн (құралдың әділ құны) арасындағы кез келген айырмашылық, егер ол оны актив немесе міндеттеме ретінде тану талаптарына жауап бермесе, қаржылық нәтиже ретінде танылады:
1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті ,
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті және 1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар», 2110 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар» шотының кредиті.
Берілген қарыздар бойынша негізгі қарыз сомасын өтеу 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар», 2110 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер тиісті соманы төлеу тіпті кейінге қалдырылса да, сыйақылар бойынша кірістер өздері туындаған кезеңде танылады.
Берілген қарыздар бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі және бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Қарыз алушы бюджетке сыйақы төлеген кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мынадай жазбаны жүзеге асырады: 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі әрбір есепті күндегі жағдай бойынша берілген қарыздардың құнсыздануының объективті белгілерінің болуын бағалайды. Қарыздардың құнсыздануының объективті белгілері болған кезде шығын шамасы активтің баланстық құны мен осы берілген қарыздың пайызының тиімді ставкасына (яғни алғаш танылған кезде есептелген пайыздың ставкасы) шығыс бойынша есептелген ақшалай қаражаттың (әлі шегілмеген болашақ кредиттік шығындарды есептемегенде) болашақ күтілетін ағымдарының дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Берілген қарыздардың құнсыздануы мынадай жазбамен көрсетіледі: 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және 1130 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» және 2130 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шотының кредиті.
Қаржылық есептілікте берілген қарыздарды тануды тоқтату мынадай:
қарыз алушы міндеттемелерді толық орындаған;
қарыз үмітсіз деп танылған (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес) сәтте жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет