Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет26/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
4.Қаржылық міндеттемелердің есебі.
Қаржы міндеттемелерін бастапқы тану кезінде мәміленің бағасы болып табылатын әділ құн бойынша бағаланады. Қаржылық нәтижеге мойындау арқылы әділ құн бойынша ескерілмейтін қаржы міндеттемелері алғаш танылған кезде оларды сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығыстарды қосқанда әділ баға бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер қаржылық нәтижеге әділ құн бойынша ескерілген қаржы міндеттемелерін есептемегенде тиімді пайыздық ставка әдісін қолдану арқылы амортизациялық құн бойынша бағаланады.
Қаржылық құралға немесе оның қаржы міндеттемесі ретінде жіктелген құрауышқа қатысты пайыздар, дивидендтер, шығындар және пайдалар қаржылық нәтиже есебінде түсімдер немесе шығындар ретінде көрсетіледі.
Танудың тоқтатылуы бұрын танылған қаржылық міндеттеменің мемлекеттік мекеменің есебінен шығарылуын білдіреді. Мемлекеттік мекеме қаржылық міндеттемені (немесе қаржылық міндеттеменің бір бөлігін) ол өтелгенде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалғанда, жойылғанда немесе оның мерзімі аяқталғанда есептен шығарады.
Алынған қарыздар мынадай жазбамен көрсетіледі: Шоттар жоспары ақша қаражатының тиісті қосалқы шотының дебеті және 3010 «Қысқа мерзімді алынған қарыздар», 4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме алынған қарыздар бойынша сыйақыны есептеуді 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетеді. Сыйақы төлеу кезінде мынадай жазба жүзеге асырылады: 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және Шоттар жоспары ақша қаражатының шоты тиісті қосалқы шотының кредиті.
Алынған қарыздар бойынша негізгі борыш сомасын өтеу 3010 «Қысқа мерзімді алынған қарыздар», 4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімінің шоты қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерінің талдамалы есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында және Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында әрбір түрі бойынша есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет