Тақырып 8. Қаржылық міндеттемелер мен қаржылық инвестиция есебі. Дәріс 15 1.Қаржылық құралдар.
2.Қаржылық инвестициялар.
3.Қаржылық инвеститцияның бағалануы және бастапқы танылуы.
4.Қаржылық инвеститцияның бағалануы мен келесі кезең есебі.
Дәріс 16 1.Әділ құн есебі.
2.Пайыздардың тиімді ставкасын қолдану арқылы амартизациялық құнның есебі.
3.Қарыздар есебі.
4.Қаржылық міндеттемелердің есебі.
2.Қаржылық инвестициялар. Қаржы инвестициялары бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар»;
1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»;
1130 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв»;
2110 «Ұзақ мерзімді берілген қарыздар»;
2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары»;
2130 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв»;
85. Қаржы міндеттемелерімен жасалатын операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
3010 «Қысқа мерзімді алынған қарыздар»;
3020 «Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар»;
4020 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
Мемлекеттік мекеме мынадай әдістерді пайдалана отырып, қаржы инвестицияларының мынадай есебін жүзеге асырады:
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестициялары:
өзіндік құн бойынша;
үлестік қатысу;
өзге қаржы инвестициялары:
әділ құн бойынша;
амортизацияланған құн бойынша.
3.Қаржылық инвеститцияның бағалануы және бастапқы танылуы. Алғаш таныған кезде қаржы инвестициялары мәміленің бағасы болып табылатын әділ баға бойынша бағаланады. Қаржы нәтижесіне мойындау арқылы әділ құн бойынша ескерілмейтін қаржы инвестициялары алғаш танығанда оларды сатып алған құн бойынша көрсетіледі, оған оларды сатып алуға немесе шығаруға тікелей байланысты мәміле бойынша шығындар қосылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде вазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға немесе жарғылық капиталын толықтыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бөлінген ақша қаражатын аударған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі дивидендтер мен инвестиция объектілерінің таза кірісі бір бөлігінің төлемдерін есептеуді мынадай жазбамен көрсетеді: 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті, бір мезгілде: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері инвестициялар объектісінің пайдасында (шығынында) қатысу үлесін мынадай жазбалармен көрсетеді:
пайда үлесі: 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті бойынша,
шығындар үлесі: 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар» шотының дебеті және 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының кредиті бойынша.
Егер инвестиция объектісінің шығындарындағы инвестордың үлесі инвестициялардың баланстық құнына тең болса немесе асса, онда инвестор есептілікке өзінің болашақ шығындарының үлесін қосуды тоқтатады.
Егер нәтижесінде инвестициялар объектісі өз есептерінде пайда көрсетсе, инвестор өз пайдасын көрсетуді танылмаған шығындар үлесіне тең болғаннан кейін ғана қалпына келтіреді.
Инвестиция объектісінен алынған кірісті көрсету мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының дебеті және 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының кредиті.