Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет21/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
4.Биологиялық активті түгендеу.
Түгендеу барысында анықталған биологиялық активтердің жетіспеушілігін өндіріп алу кінәлі тұлғалар есебінен жүргізіледі. Залалды немесе жетіспеушілікті есепте көрсету осы Ереженің «Дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу тәртібі» бөлімінде көрсетілген.
Мемлекеттік мекемеге жануарлар мен өсімдіктер түскен кезде және ауысқанда тұрақты әрекет ететін комиссия екі данада Нысандар альбомының БА-1 «Биологиялық активтерді (жануарларды) қабылдау – тапсыру (ауыстыру)актісі» нысанды актісін, Нысандар альбомының БА-1А «Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) қабылдау – тапсыру (ауыстыру) актісі» нысанды актісін жасайды. Материалдық жауапты тұлға бас бухгалтерге қол қою үшін және мемлекеттік мекеме басшысы немесе уәкілетті тұлғалар бекіту үшін рәсімделген актіні қосымша құжаттарымен бірге бухгалтерлік қызметке тапсырады.
Барлық биологиялық активтер мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлғалардың жауапты сақталуында болады. Жауапты тұлғалар биологиялық активтердің түгендеу тізімдерін Нысандар альбомының «Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (жануарларды) есепке алудың түгендеу карточкасы», «Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алудың түгендеу карточкасы» БА-3 пен БА-3А нысаны бойынша объект бойынша жүргізеді. Жауапты тұлғалар сақталуын қадағалайды және барлық өзгерістердің есебін жүргізеді. Нысандар альбомының БА-3 және БА-3А нысанды түгендеу карточкалары Нысандар альбомының ОС-10 нысанды мемлекеттік мекемелердегі ұзақ мерзімді активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкаларының тізімдемесінде тіркеледі. Тізімдеме бір данада жасалады. Ондағы жазба карточкаларды ашу жылын көрсете отырып, ұзақ мерзімді активтердің топтары бөлінісінде жүргізіледі. Нөмірлеу 1-нөмірден бастап әрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда әрбір қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша сол тәртіппен жүргізіледі. Ұзақ мерзімді активтер шығып қалған және ауысқан кезде тізімдеменің «Ескертпе» бағанында мемориалды нөмірдің мерзімі (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Түгендеу карточкалары бухгалтерлік қызмет картотекаларында сақталады, онда олар өз ішінде материалдық жауапты тұлғалар бойынша, орталықтандырылған бухгалтерияларда – қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер бойынша да бөла отырып, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша орналастырылады. Жауапты тұлға ауысқан кезде оның сақталуындағы биологиялық активтерді түгендеу жүргізіледі, ол туралы Нысандар альбомының БА-1 және БА-1А нысаны бойынша қабылдау-өткізу актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді . Биологиялық активтерді есепке алу олардың сақталу орны мен жауапты тұлғалар бойынша түгендеу объектілері бөлінісінде жүргізіледі. Түгендеу карточкалары бухгалтерлік қызмет картотекаларында сақталады, онда олар өз ішінде материалдық жауапты тұлғалар бойынша, орталықтандырылған бухгалтерияларда – қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер бойынша да бөла отырып, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша орналастырылады. Оның негізінде төлдеуден алынған малдың жас төлі кіріске жазылатын құжат төлдетуге арналған акт болып табылады, оны мемлекеттік мекеменің тұрақты әрекет ететін комиссиясы жасайды.
Жануарлардың жас төлін талдама есепке алу - түрлері мен жас
топтары бойынша, ал жемдеудегі жануарлар бойынша - тек түрлері бойынша Нысандар альбомының 395 нысанды жануарларды есепке алу кітабында жүргізіледі. Деректерді есепке алу жануарлардың тірі салмағы, өсімі, салмақ өсімі туралы мәліметтерді алуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Биологиялық активтердің шығып қалуы мен есептен шығуы Нысандар альбомының БА-2 «Биологиялық активтерді (жануарларды) есептен шығару актісі» және БА-2А «Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есептен шығару актісі» нысанын ресімдеумен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет