Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Баланстан тыс шоттарда ескерілген активтерді белгіленген тәртіппен түгендеу



бет43/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
2.Баланстан тыс шоттарда ескерілген активтерді белгіленген тәртіппен түгендеу.
Талдама есепке алу Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі:
жалға алынған активтер – активтердің әр объектісі бойынша жалға берушілер бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлері бойынша);
иегер мемлекеттік мекемелер, тапсырыс берушілер, түрлері, сұрыптары және сақталу орны, шартты бағалары немесе сатып алу бағалары бойынша – жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар;
борышкердің тегін, атын және әкесінің атын көрсету арқылы – төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі;
әр оқушы мен студент бойынша – оқушылар мен студенттердің берешегі;
әр зат пен оның құны бойынша - ауыспалы спорттық сыйлықтар мен кубоктар;
жолдама түрлері, саны және нақты бағасы бойынша – жолдамалар (жолдамалар ақшалай құжаттармен бірге кассада сақталуы тиіс);
атаулары, орналасқан жерлері және материалдық жауапты тұлғалар бойынша - әскери техникалық оқу құралдары.
Қатаң есептілік бланкілерінің талдама есебі алу әр бланк түрі және сақталу орны бойынша Нысандар альбомының 448 нысандағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабында жүргізіледі.
- ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Дәріс 28
1.Баланстан тыс шоттар есебінің тәртібі.
2.Баланстан тыс шоттар есебінің операциялары.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеде балансталған шоттардағы уақытша сақталудағы және оның меншігіне жатпайтын активтердің (жалданған активтер, қатаң есептілік бланкілері және мемлекеттік мекемеге тиесілі емес басқа да активтер) есебін жүргізеді.
Баланстан тыс шоттарда есепке алу дара (қарапайым) жазба бойынша жүргізіледі. Баланстан тыс шоттарда ескерілген активтер белгіленген тәртіппен түгендеуге жатады.
Көрсетілген құндылықтарды есепке алу үшін мынадай баланстан тыс шоттар қолданылады:
01 «Жалға алынған активтер» шотында - сырт мемлекеттік мекемелерден жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көрсетілген құнда есепке алынады;
02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» - шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін сатып алынған арнайы жабдықты, сондай-ақ шарттарда көзделген баға бойынша қайта өңдеуге қабылданған шикізат пен материалдарды қоса алғанда мемлекеттік мекеме жауапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтар ескеріледі;
03 «Қатаң есептегі бланктер» - сақтаудағы және есеппен берілетін қатаң есептілік бланкілері – министрлік, мемлекеттік комитеттер бекіткен тізбелерге сәйкес – ақша, чек және есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлік бланкілері және басқа да қатаң есептілік бланкілері, сондай-ақ баспа басылымдарына ведомстволық жазылу бойынша абонементтер ескеріледі. Абонемент сомасын азайту іс жүзінде алынған мерзімді баспалардың сомасына жүргізіледі;
04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» - төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі есептен шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны
өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін ескеріледі;
05 «Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі» - оқушылар мен студенттердің қайтармаған киім-кешек, төсек-орын, құралдар және басқа құндылықтар бойынша берешегі ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады және оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен талап қойылады;
06 «Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары» түрлі мемлекеттік мекемелер бекіткен және олардан жеңімпаз командаларды марапаттау үшін
алынған ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар ескеріледі (осы мемлекеттік мекемеде болған барлық кезеңі ішінде);
07 «Жолдамалар» - қоғамдық, кәсіподақтық және басқа ұйымдардан қайтарымсыз алынған жолдамалар ескеріледі;
08 «Әскери техниканың оқулық құралдары» тирлерде, спорттық ату алаңдарында, әскери пәндер кабинеттерінде орналасқан барлық жабдықтар мен құралдар ескеріледі;
09 «Мәдени мұра активтері» - мәдени мұралық активтер (мысалы, тарихи ғимараттар мен ескерткіштер, археологиялық қазбалар орны, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары) ескеріледі.
480. Талдама есепке алу Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі:
жалға алынған активтер – активтердің әр объектісі бойынша жалға берушілер бойынша (жалға берушінің түгендеу нөмірлері бойынша);
иегер мемлекеттік мекемелер, тапсырыс берушілер, түрлері, сұрыптары және сақталу орны, шартты бағалары немесе сатып алу бағалары бойынша – жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар;
мерзімді баспаның әр түрі бойынша – мерзімді баспаларға ведомстволық жазылу бойынша абонементтер;
борышкердің тегін, атын және әкесінің атын көрсету арқылы – төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі;
әр оқушы мен студент бойынша – оқушылар мен студенттердің берешегі;
әр зат пен оның құны бойынша - ауыспалы спорттық сыйлықтар мен кубоктар;
жолдама түрлері, саны және нақты бағасы бойынша – жолдамалар
(жолдамалар ақшалай құжаттармен бірге кассада сақталуы тиіс);
атаулары, орналасқан жерлері және материалдық жауапты тұлғалар
бойынша - әскери техникалық оқу құралдары.
Қатаң есептілік бланкілерінің талдама есебі алу әр бланк түрі және сақталу орны бойынша Нысандар альбомының 448 нысандағы қатаң есептілік бланкілерін есепке алу кітабында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет