Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


дебеті және Шоттар жоспары міндеттемелерінің тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті



бет38/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
дебеті және Шоттар жоспары міндеттемелерінің тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті.
Активтердің құнсыздануынан шығыстар 7440 «Активтердің
құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және активтердің құнсыздануына резервтерді есепке алу бойынша тиісті шоттың кредиті. Мемлекеттік мекеме резервтер құру бойынша шығыстарды мынадай корреспонденциямен көрсетеді: 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының кредиті.
Өзге шығыстар мемлекеттік мекеменің есебінде мынадай тізбектермен көрсетіледі: 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Қорлар» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының (бұзылудан қорларды жоғалтқанда), 2610 «Жануарлар» шотының, 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының кредиті.
Жыл аяқталғанда мемлекеттік мекеме есепті жылдың қаржы нәтижесіне шығыстардың шоттарын жабуды жүргізеді, бұл ретте 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шоты дебеттеледі және шығыстардың тиісті шоты кредиттеледі.
Негізгі құралдардың амортизациясы және инвестициялық
жылжымайтын мүлік бойынша шығыстарды есепке алу негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікті, жануарларды (жұмысшы мал), ауылшаруашылық қызметіне байланысты емес өсімдіктерді Нысандар альбомының ОС-6, ОС-8 нысанды түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онде теңгемен амортизацияның жылдық сомасы, тозу есептелетін ай және жыл жазылады. Ай сайынғы амортизацияны есептеу Нысандар альбомының 459 нысанды Ұзақ мерзімді активтердің амортизация сомасын есептеудің әзірленген кестесінде өсу қорытындысымен көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша шығыстарды есепке алу Нысандар альбомының НОС-6 нысанды активтерді
есепке алудың түгендеу карточкаларында жүргізіледі, онда теңгемен амортизацияның жылдық және айлық сомасы, соңғы рет тозу есептелетін ай және жыл жазылады.
Іссапарларға шығыстарды есепке алу Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар бойынша жинақтау
ведомосінде (8-мемориалды ордерде) жүргізіледі.
Есеп беретін тұлғаларының саны көп емес мемлекеттік мекемелерде есеп айырысулардың талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды
карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) есептілікке жауапты әр тұлға бойынша жүргізіледі.
Шығыстарды есепке алу 19-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жиынтық ведомостінде жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет