Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


кредиті; коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша: 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар» шотының дебеті



бет37/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
кредиті;
коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша: 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
ағымдағы жөндеуге: 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және ұзақ мерзімді активтердің жиналған амортизациясы бойынша тиісті қосалқы шоттың кредиті;
бюджетпен есеп айырысу бойынша: 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
жалдау бойынша: 7130 «Жал бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
Бюджеттік төлемдердің шығыстары.
7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.
Алынған трансферттердің қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды есептен шығару төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері негізінде мынадай жазбамен жүзеге асырылады: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.
Зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу бойынша іс жүзінде жүргізілген шығыстар 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1216 «Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық
берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша ескеріледі.
Жеке және заңды тұлғаларға төленген субсидиялар бойынша шығыстарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7230
«Субсидиялар бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме мыналар бойынша сыйақы есептеуді көрсетеді:
алынған қарыздар бойынша: 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті;
жалдау бойынша: 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3250 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті.
Инвестициялар объектісі шығындарының үлесінде мемлекеттік мекеменің қатысуын көрсету акционерлердің/қатысушылардың (жалғыз акционердің/қатысушының) немесе мемлекеттік басқару органының жалпы жиналысының шешімі бойынша 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар» шотының дебеті және 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.
Шоттар Жоспарының «Өзге шығыстар» бөлімінің шоттарында ұзақ
мерзімді активтердің әділ құнының өзгеруінен, ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуынан, бағамдық айырмадан, резервтер құру бойынша және өзге шығыстар ескеріледі.
Ұзақ мерзімді активтердің әділ құнының өзгеруінен шығысты тану мынадай жазбамен көрсетіледі: 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар» шотының дебеті және ұзақ мерзімді активтің тиісті шотының кредиті.
Мемлекеттік мекеме бағамдық айырмадан шығыстарды мынадай жазбамен көрсетеді:
бағам төмендегенде: 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шотының дебеті, Шоттар жоспары активінің тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті;
бағам артқанда: 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шотының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет