2.Шығыстар. Шығыстар активтің азаюымен немесе міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты, сенімді өлшене алатын экономикалық пайдалардың төмендеуі
немесе сервистік әлеуеттің төмендеуі туындағанда танылады.
Мемлекеттік мекеме шығындарды есептеу әдісі бойынша таниды.
Мемлекеттік мекеме бекітілген қаржыландыру жоспарларында көзделген мөлшерге және нысаналы мақсатына қатаң сәйкестікте бюджеттік қаражаттарды жұмсауға міндетті.
Мемлекеттік мекеменің шығындарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар»;
7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар»;
7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар»;
7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар»;
7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар»;
7060 «Қорлар бойынша шығыстар»;
7070 «Іссапарларға арналған шығыстар»;
7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар»;
7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар»;
7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар»;
7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»;
7130 «Жал бойынша шығыстар»;
7140 «Өзге операциялық шығыстар»;
7210 «Трансферттер бойынша шығыстар»;
7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар»;
7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар»;
7240 «Субвенциялар төлеу бойынша шығыстар»;
7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар»;
7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар»;
7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар»;
7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар»;
7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»;
7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар»;
7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар»;
7460 «Өзге шығыстар».
3.Операциялық шығыстар. Мемлекеттік мекеменің операциялық шығыстары Шоттар жоспарының 7000-7100 «Операциялық шығыстар» бөлімі шоттарының қосалқы шотында танылады және еңбекақы төлеуге, стипендия төлеу бойынша, қосымша белгіленген зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік салыққа, міндетті
сақтандыруға, қорлар бойынша, іссапарларға, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша, ағымдағы жөндеуге және ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар кіреді. Бюджетпен есеп айырысу бойынша, жалдау бойынша және өзге операциялық шығыстар.
Мемлекеттік мекеме шығыстардың есептелуін мынадай корреспонденциялармен көрсетеді:
еңбекақы төлеу бойынша: 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының дебеті және 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
мемлекеттік оқу орнында стипендия төлеу бойынша: 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; қосымша белгіленген зейнетақы жарналары бойынша: 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар» шотының дебеті және 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; әлеуметтік салық бойынша: 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар» шотының дебеті және 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті әлеуметтік сақтандыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға міндетті төлемдер бойынша: 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 3143 «Өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; қорларды есептен шығару бойынша: 7060 «Қорлар бойынша шығыстар» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті; іссапарларға есеп беретін сома бойынша: 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар» шотының дебеті және 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының