Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Пайыздардың тиімді ставкасын қолдану арқылы амартизациялық құнның есебі



бет24/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
2.Пайыздардың тиімді ставкасын қолдану арқылы амартизациялық құнның есебі.
Пайыздың тиімді ставкасы әдісін қолдана отырып амортизация құны бойынша қаржы инвестицияларын есепке алу кезінде қаржы активінің немесе қаржы міндеттемесінің амортизацияланған құны пайыздың тиімді ставкасы әдісін қолдана отырып негізгі сома төлемін шегере отырып, жинақталған амортизацияны қосып немесе шегеріп, бастапқы құн мен өтеу сәтіндегі құн арасындағы айырманы, құнсыздануға ішінара есептен шығаруды шегеріп (тікелей немесе резервтік шотты пайдалана отырып жүзеге асырылатын) қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі бастапқы тану кезінде бағаланатын құн болып табылады. Өтеуге дейін ұсталатын, амортизациялық құн бойынша ескерілетін бағалы қағаздардың құнсыздануының объективті белгілері болған кезде активтің баланстық құны тікелей немесе бағалау резервінің есептеу жолымен азаяды. Бұл ретте шығын сомасы есепті жылдың қаржы нәтижесінде танылады. Бағалау резервінің есептеуін қолдана отырып, өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздардың құнсыздануы мынадай жазбамен көрсетіледі: 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және 1130 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» шотының кредиті. Активті алғаш танығаннан кейін орын алған бір немесе бірнеше оқиғалар нәтижесінде құнсызданудың объективті белгілері болса, қаржы активі құнсызданады. Құнсыздануды тудырған бірлі-жарым оқиғаны құнсызданудың себебі деп айтуға болмайды, өйткені бірнеше оқиғаның құрамдастырылған нәтижесі құнсызданудың себебі болып табылады. Қаржы инвестицияларының құнсыздануының объективті белгілеріне инвесторға белгілі:инвестиция объектісі тап болатын елеулі қаржы қиындықтары;инвестиция объектісінің банкротталу ықтималдығы немесе қаржылық қайта ұйымдастырылуы;қаржылық қиындықтар себебі бойынша активтің осы түріне белсенді нарықтың жоғалуы туралы және басқа ақпарат жатады. Өзіндік құн бойынша ескерілетін қаржы инвестициясының құнсыздануынан шығындардың объективті белгілері болған кезде, шығын шамасы ағымдағы нарық ставкасының пайызын қолдана отырып есептелген және осыған ұқсас қаржы инвестициялары үшін белгіленген қаржы инвестициясының баланстық құны мен ақша қаражатының ұйғарылатын болашақ ағындарының дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Құнсызданудан мұндай шығындар кері айдауға (қалпына
келтіруге) жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет