Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет27/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Тақырып 9. Жал есебі.
Дәріс 17
1.Жал түсінігі мен жіктелуі.
2.Қаржылық жалдың есебі.
3.Жалға алушының есебіндегі қаржылық жал есебі
Дәріс 18
1.Жалға берушінің есебіндегі қаржылық жал есебі.
2.Операциялық жалдың есебі


1.Жал түсінігі мен жіктелуі.
Жалдау төмендегідей жіктеледі:
егер ол жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін меншік құқығының ауысуына қарамастан, активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдіретін болса
егер ол активті иеленуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайдаларды дерлік беруді білдірсе, операциялық жалдау.
Жалдауды қаржылық немесе операциялық ретінде жіктеу көп жағдайда
операцияның мазмұнына, шарттың талаптарына байланысты болады және жалдаудың басталған күніне жүргізіледі.
2.Қаржылық жалдың есебі.
Қаржылық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушылар жалдау мерзімінің басында өздерінің қаржылық ахуал туралы есептілігінде:
активтер ретінде - қаржылық жалдау шеңберінде сатып алынған активтерді; Жалдау шартының басталуы – жалдау туралы шартты жасау немесе тараптардың негізгі жалдау шарттарына қатысты міндеттемелер қабылдауының неғұрлым ерте күні.
Жеке немесе жиынтықта әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге алып келетін жағдайларға мыналар жатқызылады:
жалдау шарты жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығын жалға алушыға беруді көздейді;
жалға алушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
жалдау мерзімі меншік құқығын беру болмаған кезде де, активтің экономикалық қызмет мерзімін елеулі бөлігіне қолданылады;
жалдау қарым-қатынастарының басталу күніне келтірілген ең төменгі жалдау төлемдерінің келтірілген құны жалдау мәні болып табылатын активтің әділ құнына іс жүзінде тең;
жалға берілген активтердің маманданған сипаты бар, оларды жалдаушы ғана елеулі өзгертусіз пайдалана алады. Мемлекеттік мекеме мыларды:
пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдауды; кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдерді қоспағанда барлық жалдау түрлерін есепке алу үшін осы бөлімнің ережелерін қолданады. Осы бөлімнің ережелері мыналарды: жалға алушының иелігіндегі және инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде ескерілетін жылжымайтын мүлікті; жалға берушінің операциялық жалға беру шарты бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлкін; жалға алушылардың қаржылық жалдау шарттарында қолда бар биологиялық активтерін; жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген биологиялық активтерді бағалау үшін негіз ретінде қолданылмайды. 367. Мемлекеттік мекеменің жалдау бойынша операцияларды есепке алуы үшін мынадай шоттар алынған: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»; 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»; 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»; 4120 «Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет