Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 12.Шартты активтер мен міндеттемелер және бағалау міндеттемелерінің есебі



бет39/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Тақырып 12.Шартты активтер мен міндеттемелер және бағалау міндеттемелерінің есебі.
Дәріс 23.
1.Бағалау міндеттемелері.
2.Шартты міндеттемелердің жіктелуі.
Дәріс 24.
1.Шартты активтер.
2.Бағалау резервісін түгендеу.


1.Бағалау міндеттемелері.
Активтердің амортизациясы, құнсыздануы және күмәнді қарыздар бағалау міндеттемелеріне жатпайды, бұл баптар активтердің баланстық құнының түзетілімі болып саналады және бұл бөлімде қарастырылмайды.
Мемлекеттік мекеменің бағалау мiндеттемелерін есепке алуға арналған шоттар:
3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері»;
3320 «Қысқа мерзiмдi кепiлдiк мiндеттемелері»;
4210 «Ұзақ мерзiмдi бағалау мiндеттемелері»;
4220 «Ұзақ мерзiмдi кепiлдiк мiндеттемелері».
445. Бағалау міндеттемелері мынадай жағдайларда танылады:
мемлекеттік мекеменің қандай да бір өткен оқиға бойынша туған міндеттемесі бар (заңды немесе тәжірибеден туындайтын);
міндеттемені реттеу үшін экономикалық тиімділігі бар қорларды шығару қажет деп тану ықтималдығы бар; және
міндеттеме мөлшерінің сенімді есептік бағалауын келтіруге болады.
Егер бұл шарттар орындалмаса, онда бағалау мiндеттемелері танылмауы тиіс.
Заңды мiндеттеме әдетте шарт немесе заңнама әсерiнiң нәтижесiнде пайда болады.
. Бухгалтерлік есепте бағалау міндеттемесін таныған кезде мынадай тізбек беріледі: 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының дебеті және 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері», 4210 «Ұзақ мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» шотының кредиті.
Бағалау міндеттемесі ретінде танылған сома есепті күнге ағымдық міндеттемені өтеуге қажет шығындардың ең жоғары есептік бағасы ретінде болуы тиіс.
Бағалау міндеттемесін өтеуге қажет кейбір немесе барлық шығындарды басқа тараптың өтеуі күтілген жағдайда өтем субъект міндеттемені өтегенде,
өтемнің алынуы анық болған жағдайда ғана танылуы тиіс. Өтем жеке актив ретінде есептелуі тиіс. Өтемге байланысты танылған сома бағалау міндеттемесінің сомасынан аспауы тиіс.
Қызметтің қаржы нәтижелері туралы есепте бағалау міндеттемесіне жатқызылған шығыс өтеуге қатысты танылған соманы шеге отырып көрсетіледі.
Бағалау міндеттемелері жыл соңында қайта қаралуы және ағымдағы ең жоғары есеп бағасын көрсету үшін түзеліп отыруы тиіс. Егер мiндеттеменiң
өтеуiне экономикалық пайдалар немесе пайдалы әлеуеті бар қорлардың шығуы талап етілуіне ықтималдық жоқ болса, онда бағалау мiндеттемелері жойылуы тиіс.
Бағалау міндеттемесі бойынша есептелген резрвті жойған кезде мынадай тізбек беріледі: 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті.
Бағалау мiндеттемесіне қарсы басында оларға қатысты құрылған шығындар ғана есептеледі. Алғашқыда басқа мақсаттарға құрылған бағалау мiндеттемесіне қарсы шығындарды есепке алу екi әр түрлi оқиғалардың ықпалын жасырады.
Әйтеуір бір өтелетін шығындар бойынша бағалау міндеттемелері танылмайды, өйткені қаржылық есептілік болашақтағы мүмкін жағдайды емес, есеп кезеңінің соңындағы жағдайды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет