Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Баланстан тыс шоттарда ескерілген активтерді белгіленген тәртіппен түгендеу



бет42/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
2.Баланстан тыс шоттарда ескерілген активтерді белгіленген тәртіппен түгендеу.
Дәріс 28
1.Баланстан тыс шоттар есебінің тәртібі.
2.Баланстан тыс шоттар есебінің операциялары.

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеде балансталған шоттардағы уақытша сақталудағы және оның меншігіне жатпайтын активтердің (жалданған активтер, қатаң есептілік бланкілері және мемлекеттік мекемеге тиесілі емес басқа да активтер) есебін жүргізеді.


Баланстан тыс шоттарда есепке алу дара (қарапайым) жазба бойынша жүргізіледі. Баланстан тыс шоттарда ескерілген активтер белгіленген тәртіппен түгендеуге жатады.
Көрсетілген құндылықтарды есепке алу үшін мынадай баланстан тыс шоттар қолданылады:
01 «Жалға алынған активтер» шотында - тыс мемлекеттік мекемелерден операциялық жалға алу шарты бойынша қабылданған активтер жалдау шартында көзделген құнында ескеріледі;
02 «Жауаптылықпен сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар» - шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды орындау үшін сатып алынған арнайы жабдықты, сондай-ақ шарттарда көзделген баға бойынша қайта өңдеуге қабылданған шикізат пен материалдарды қоса алғанда мемлекеттік мекеме жауапты сақтауға қабылдаған тауар-материалдық құндылықтар ескеріледі;
03 «Қатаң есептегі бланктер» - сақтаудағы және есеппен берілетін қатаң есептілік бланкілері – министрліктер, мемлекеттік комитеттер бекіткен тізбелерге сәйкес – ақша, чек және есеп айырысу чек кітапшалары, түбіртек кітапшалары, аттестаттар, дипломдар, куәлік бланкілері және басқа да қатаң есептілік бланкілері ескеріледі;
04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған берешегі» - төлем қабілетсіз дебиторлардың берешегі есептен шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда оны өндіріп алу мүмкіндігін бақылау үшін ескеріледі;
05 «Қайтарылмаған материалдық құндылықтар үшін оқушылар мен студенттердің берешегі» - оқушылар мен студенттердің қайтармаған киім-кешек, төсек-орын, құралдар және басқа құндылықтар бойынша берешегі ескеріледі. Оқу орнының балансынан оқудан шығып қалған оқушылар мен студенттердің материалдық құндылықтарын есептен шығару олардың шығуы туралы бұйрықтардың негізінде жүргізіледі. Оқушылар мен студенттер қайтармаған материалдық құндылықтар баланстан тыс есепке алынады және оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен талап қойылады;
06 «Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктары» түрлі мемлекеттік мекемелер бекіткен және олардан жеңімпаз командаларды марапаттау үшін алынған ауыспалы сыйлықтар, тулар, кубоктар ескеріледі (осы мемлекеттік мекемеде болған барлық кезеңі ішінде);
07 «Жолдамалар» - қоғамдық, кәсіподақтық және басқа ұйымдардан қайтарымсыз алынған жолдамалар ескеріледі;
08 «Әскери техниканың оқулық құралдары» тирлерде, спорттық ату алаңдарында, әскери пәндер кабинеттерінде орналасқан барлық жабдықтар мен құралдар ескеріледі;
09 «Мәдени мұра активтері» - мәдени мұралық активтер (мысалы, тарихи ғимараттар мен ескерткіштер, археологиялық қазбалар орны, қорықтар мен табиғи қорғалатын аумақтар, сондай-ақ өнер туындылары) ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет