Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


ІІІ. Қазақстандағы басқару жүйесі: дамуы, қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет4/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

ІІІ. Қазақстандағы басқару жүйесі: дамуы, қалыптасуы.. 
2007  жылдан  бері  Қазақстанда  нәтижеге  бағдарланған  қаржыландыру 
жүйесі  негізінде  мемлекеттік  басқарудың  жаңа  үлгісі  енгізілуде.  Оны 


пайдалану  мемлекеттік  бюджетті  мақсатты  пайдалану  және  жоспарлауда 
мемлекеттік  органдар  қызметінің  сапасын  арттыруға  мүмкіндік  берді. 
Алайда,  қол  жеткізілген  табыстарға  қарамастан,  келесі  ресми  мәліметтерде 
көрсетілген  кемшіліктер  бар.  2014  жыл  барысында  екі  рет  республикалық 
қаржы параметрі анықталды және 25 рет түзетулер жүзеге асырылды[1]. Осы 
заманғы  тиімді  мемлекеттік  қызметті  және  мемлекеттік  басқару  құрылымын 
құру  ел  Президентінің  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясында,  Қазақстанның 
2020  жылға  дейінгі  Стратегиялық  даму  жоспарында  шешуші  міндет  ретінде 
айқындалғаны  белгілі.  Соған  сәйкес,  2011  жылы  Елбасының  «Қазақстан 
Республикасындағы 
мемлекеттік 
басқару 
жүйесін 
жаңғырту 
тұжырымдамасы»  қабылданды.  Мемлекеттік  басқарудың  тиімді  жүйесін 
қалыптастыру  мақсатында:  -  мемлекеттік  басқару  жүйесін  дамытудың 
бірыңғай  саясатын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету;  -  мемлекеттік  аппарат 
қызметінің  кәсібилігін  және  тиімділігін  арттыруды  қамтамасыз  ету;  - 
мемлекеттік  органдардың  қызметін  халыққа  сапалы  мемлекеттік  қызметтер 
ұсынуға  бағдарлау;  -  мемлекеттік  аппарат  қызметінің  айқындылғы  мен 
ашықтығын қамтамасыз ету қажет. 
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  ежелден-ақ  қазақ  қоғамына  жат  түсінік  емес 
екені  даусыз.  Қазақтарда  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  тамыры,  өзге  де 
көптеген  ұлттардағы  сияқты,  көшпелі  тәртіп  қалыптасқан  кезде  туындаған 
рулық  және  тайпалық  қоғамдастық  орын  алған  заманда  жатыр.  Ру 
старшиналары  мен  тайпа  басшылары  құрылтайлар  мен  көшпелілер 
жиналысында  сайланды.  Олар  дауларды  шешу,  әскерлерді  бөлуді 
қалыптастыру мен басқару өкілеттіктерімен бөлінген, рулық қауымдастықтар 
кең автономия мен үлкен салмаққа ие болды. 
Н.С.Ахметова  бұл  туралы  «көшпелі  қазақ  халқында  қоғамдық 
қатынастарды  реттеу,  жүйелеу  және  басқару  өзіндік  түрде  жүзеге  асты» 
деген  пікірде.  Адамдардың  жүріс-тұрыстарын  реттеп,  басқару  қызметтің 
жеке  саласы,  мемлекет  функциясы  ретінде  қалыптасқан  жоқ,  күзет 
жұмыстары  мен  қоғамдық  тәртіпті  қамтамасыз  ету  арнайы  органдар 
әрекетіне 
негізделген 
жоқ. 
Қоғамдық 
тәртіп, 
қарапайым 
құқық 
нормаларының  сақталуы  «автономдыққа»,  көшпелі  ұжымның  өз  бетінше, 
өзін-өзі басқаруына негізделді [3]. 
Көптеген  авторлар  Қазақстандағы  өзін-өзі  басқару  өзінің  белгілі  бір 
қалыптасу  тәжірибесін  Қазақ  хандығының  өмір  сүре  бастаған  кезінен,  яғни 
кеңес  кезінде  Ресей  империясының  құрамында  болған  кезден  бастап  алады 
деген пікірде [4; 4]. 
Бұған  мысал  ретінде  өзін-өзі  басқару  бастамасы  кең  талданған  Тәуке 
ханның 
мемлекетінің 
ұйымдастырылу 
жүйесін 
нақты 
зерттеген 
С.Өзбекұлының монографиясын келтіреді [4; 5]. 
З.Ж.Кенжалиев  бұл  туралы  өз  еңбектерінде:  «Патша  өкіметі  қазақ 
даласын  әкімшілік-аумақтық  бөліктерге  бөлу  кезінде  көшпелілердің  рулық-
тайпалық  құрамына  сүйенді  (ауыл,  болыс,  округ).  Орта  жүз  қазақтарын 
билеуді жетілдіру мақсатымен жергілікті басқару органдарын құру кезінде де 
патша  өкіметі  қалыптасқан  әдет-ғұрып  құқығы  нормаларын  тиімді 


пайдалануға  күш  салды.  Округ,  болыс  басшылығына  тек  төре  тұқымынан 
шыққандар  ғана  келе  алады  деген  желеумен,  сұлтандардың  бұрыннан  келе 
жатқан әлеуметтік артықшылықтарын бекітті», — деп жазады [7]. 
Қазақстан  Ресей  құрамына  енген  соң  хан  әкімшілігі  өлкелерді  тиімді 
басқару  мақсатымен  округтік  приказдардың  аға  сұлтандары  мен  облыс 
басқармаларының,  ауылдық  старшындардың,  сонымен  қатар  шектеулі 
юрисдикциямен билер сотының белгілі  өкілдерін сайлау түріндегі жергілікті 
өзін-өзі  басқару  элементтерін  енгізуге  тырысты.  Кейбір  жергілікті 
мәселелерді  шешу  мақсатымен  ауылдық  және  болыстық  жиналыстар 
өткізілді. 
Тарихи  фактілерді  талдау  процесінде  көптеген  зерттеушілер  Қазақстан 
Республикасындағы 
жергілікті 
өзін-өзі 
басқарудың 
келесідей 
даму 
кезеңдерін көрсетеді: 
 
революцияға дейінгі; 
 
жалпы кеңестік; 
 
қазіргі,  оны  шартты  түрде  кеңестік  кезеңдегі  және  демократиялық  деп 
бөлуге болады [8; 3]. 
Кейбір  зерттеушілер  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  тарихи-құқықтық 
тәжірибесін  ХІХ  ғасырдың  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басына  жүйелеп, 
жергілікті өзін — өзі басқарудың 5 кезеңін бөліп көрсетеді: 
 
бірінші кезең — 1864–1889 жж. аралығы; 
 
- екінші — 1890–1917 жж.; 
 
- үшінші — 1918–1989 жж.; 
 
төртінші — 1990–1995 жылдың қыркүйегіне дейін; 
 
бесінші — 1995 жылдың қыркүйегінен қазіргі кезеңге дейін [8; 26]. 
 
соңғы  жылдардағы  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың  өзекті  мәселеге 
айналуына байланысты, 6-шы, яғни «қазіргі», кезеңді қосуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет