Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


  –  Тақырып.  Басқару  психологиясының  теориялық  және



Pdf көрінісі
бет6/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

2  –  Тақырып.  Басқару  психологиясының  теориялық  және 
әдіснамалық 
ойларына 
салыстырмалы 
талдау 
және 
негізгі 
диагностикалық әдістеріне сипаттама 
 
Жоспар: 
1.  Менеджменттің  теориясы  мен  практикасы  және  түрлі  мемлекеттерде 
менеджменттің қалыптасу ерекшеліктері. 
2. Психологиялық басқару мектептері мен теориялары. 
3. Басқару психологиясының диагностикалық әдістері. 
  
І. 
Менеджменттің 
теориясы 
мен 
практикасы 
және 
түрлі 
мемлекеттерде менеджменттің қалыптасу ерекшеліктері. 
 Менеджмент  тарихы  біздің  заманымызға  дейінгі  мыңжылдықтарға 
кетеді.  Египетте  басқару  ғылымын  құрап,  жоспарлау,  ұйымдастыру  мен 
бақылау,  басқарудың  орталықтанған  жүйесін  қажет  деп  тапқан.  Гректің 
ойшыл  философтары  Сократ,  Платон,  Аристотель  мемлекетті  басқару  менен 
құлиеленуші иеліктер туралы айтқан. 
Менеджмент  теориясының  пайда  болуына  3  фактор  себеп  болған,  атап 
айтқанда:  дамудың  экстенсивті  жолы,  бәсекелестікпен  күрестің  шиеленісуі 
және  өндірістің  ішкі  құрылымының  пайдалылығын  көтерудегі  белсенділік. 
Осыған  орай  ХХ  ғасырда  америка  мен  еуропа  ғылымында  менеджменттің 
іргетасы қаланды. 
Еуропадағы  менеджменттің  қалыптасуы.  Менеджменттің  пайда  болуы 
мен  дамуына  Макс  Вебердің  (1864-1920)  «Шаруашылық  тарихы»  және 
«Протестанттық  этика  және  капитализм  рухы»  кітаптарындағы  капиталистік 
өндірістегі  протестантизм  этикасы  бастауын  талдауы  негіз  болды.  Ол 
капиталистік  өндіріс  құрылымында  еңбек  бөлінісін  оңтайландыру  идеясы 
жатыр деп есептеді. Ол «әрекеттің мінсіз типі» түсінігін енгізіп оның 4 түрін 
қарастырады: 
А) дәстүрлі; 
Б) аффективті; 
В) құндылықты – оңтайландырылған; 
Г) мақсаттандырылған. 
Вебердің пікірінше соңғы мақсаттандырылған тип капиталистік өндірісте 
үстем  болып,  тарихи  ескірген  қолайсыз,  аффективті,  дәстүрлі  әрекеттерді 
ығыстырып  шығарып,  қолайсыз  шаруашылық  этикасы,  қолайсыз  есептік 
жүйе,  қолайсыз  техника  және  қолайсыз  құқық  процесстерін  құруға  әкелді. 
Қолайсыз  түсінігіне  сүйене  отырып  Вебер  капиталисттердің  2  типін 
қолайсыз(архаикалық,  авантюристтік,  көпестік)  және  қолайлы(өнімді)  бөліп 
шығарды. Қолайсыз  капиталисттік  тип  бойынша  табиғи  шаруашылық  және 


тауар  айырбастаудағы  теңсіздік  әулеттік  құрылымнан  дамыды  деп  шешті. 
Капиталисттік бұл әрекет тауарды қайта сатудан ғана пайда әкелетінін, бірақ 
осы  жағдайдан  соң  нарықта  тауар  тапшылығынан  қоғам  байымағанын  атап 
көрсетті. 
Капиталисттіктің  екінші  типі қолайлы  шіркеудің  реформацияланып, 
еңбектің  діни  мағынаға  ие  болып,  адамдардың  басты  құндылығына  айналуы 
себепші  болды.  Тарих  бойынша  капиталистіктің  екі  типі  бір  мезгілде  өмір 
сүрді,  тек  үстемші  тип  ретінде  еңбекті  қолайлы  пайдалану  дамыды.  Соның 
нәтижесінде  басқару  жүйесі,  ғылым,  білім  сияқты  жаңа  құрылымдар  пайда 
болып  Вебердің бюрократия  теориясын туғызды.  Оның  пайымдауынша 
бюрократия  басқаруды  ұйымдастырудағы  негізгі  жол  болып  саналды. 
Жұмысшылар басқарушының бұйрығына емес, тиімді ережелер жиынтығына 
бағынуды  қалайтынын  көрсеткен  бұл  теория  «басқарудың  ғылыми 
баспалдағы» болып саналды. 
Менеджменттің  негізін  салушы  еңбектерінің  бірі  ретінде  француз 
инженері,  оқымыстысы,  кәсіпкері,  әкімшілік  басқару  мектебінің  негізін 
қалаушы  Анри  Файольдың  (1841-1925)  еңбектері  саналады. 
Ол  20  жыл 
көлемінде  тау  –  кен  және  металлургиялық  компаниясының 
директоры  болды.  Ол  «General  and  Industrial  Administrating»  (« 
Жалпы  және  өндірістік  әкімшілік»)  және  «The  Basic  of 
Management»  («  Менеджмент  негізі»)  жұмыстары  арқасында 
еуропадағы ғылыми менеджмент бағытындағы белгілі тұлға болды. 
Файол б
ірінші және толық менеджмент теориясының авторы. 
Файол  басқаруды  жоспарлау,  ұйымдастыру,  мотивациялау,  бақылау 
сияқты  бірнеше  байланысқан  функциялардан  тұрады  деп  есептеген.  Ол 
компанияның құрылуына себепші жоспары болуы керек деп есептеген: 
- Фирма қорлары (капитал, ғимарат, шикізат, болдыру жүйесі, даңқ) 
- Бітпеген өндірістің маңыздылығы және құрам есебі; 
-  Техникалық,  қаржылық,  коммерциялық  және  басқа  шарттарға  тәуелді 
болашақ беталысы. 
Басқарушы әрекеттегі ұйым қарастырылады жорамалдайды: 
- Жоспардың тыңғылықты өңделуі және орындалуын қатаң қадағалау; 
-  Өндірістің  кадрлық  және  материалдық  құрамдас  бөлігі  фирма 
мақсаттарына, қорлары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылау. 
Файоль  басшының  жұмыс  бастылығы  негізінде  бір  бастықтың 
бақылауындағы  қызметкерлер  санымен  көрсетілетін  тиімді  «бақылау 
диапазоны  »  сияқты  белгіні  ұсынды.  Ол  бірінші  болып  өндірістегі 
менеджмент  психолгияға  негізделгенін,  өндірісте  жұмысшы  мен  басшы 
арасында  психологиялық  қатынас  барын  анықтап,  басшы  өкілеттілігіне 
«бұйрық 
беру 
және 
қоластындағылардың 
бағыныштылығы» 
мен 
менеджердің  тікелей  кіретінін  қарастырды.  Ол  Тейлорға  қарағанда  шешім 
қабылдау  басшылықтың  артықшылығы  ретінде  санамады.  Оның  бұл 
көзқарасы  «өкілеттілікті  табыстау»  принципінің  таралуына  себеп  болды.  Ол 
оқу орындарында менеджментті үйретуге, оны зерттеуге ұсынды. Ол бірінші 


болып ұйымның сәтті жұмыс істеуіне менеджерлердің жеке – психологиялық 
ерекшелігі көп әсер ететініне көңіл аударды. 
Файоль  басқарудың  14  ұстанымын  құрастырды,олар  әлі  күнге  дейін 
мамандармен қолданылып келеді: 
1.  Тәртіп,  яғни  фирма  мен  оның  арасындағы  келісімге  бағыну  мен 
құрметтеу.  Тәртіп  сонымен  қатар  әділ  қолданылған  санкцияларды 
шамалайды. 
2. Қызметкерді марапаттау, соның ішінде лайықты еңбекақымен. 
3. Әділдік: қайырымдылық пен төреліктің қосылысы. 
4. Бірлесу рухы, яғни қызметкерлердің ұйымдасуы мен бірігуі. 
5. Жеке қызығушылықтарын ортақ қызығушылықтарға бағындыру. Жеке 
қызметкердің  немесе  топтың  қызығушылығы  компания  қызығушылығынан 
аспауы қажет. 
6.  Еңбектің  бөлінуі,  яғни  мамандану.  Оның  мақсаты  көлемі  және  сапасы 
бойынша жұмысты сол жағдайларда да жақсы атқару. 
7. Өкілеттілік және жауаптылық. Өкілеттілік бұйрық беруші құқығына ие 
жақ, ал жауаптылық оған қарама – қарсы құрамдас бөлігі. 
8. Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс. 
9.  Бір  бағыттылық.  Бір  мақсатқа  жұмыс  істейтін  әртүрлі  топ  бір 
жоспармен жұмыс істеп, бір басшыға бағынуы тиіс. 
10. Орталықтандыру. Бұл жерде орталықтандыру мен орталықтың  күшін 
жоюдың  тең  мөлшерін  анықтау  басты  міндет.  Жұмыстың  соңында  жақсы 
нәтижеге ие болу үшін оған жетудің өлшемін анықтау. 
11.  Скалярлы  тізбек.  Бұл  ең  жоғарғы  басшыдан  ең  қарапайым 
қызметкерге дейінгі аралық. 
12. Реттілік. Орын барлығына, бәрі өз орнында. 
13. Қызметкер орынының тұрақтылығы. Жұмысшылардың тұрақсыздығы 
жұмыстың пайдасын төмендетеді. 
14.  Ынта.  Жоспарды  дайындап  оны  жүзеге  асыру.  Бұл  ұйымға  күш  пен 
энергия береді. 
Файолдың жасаған 14 ұстанымы Америкада адам ресурстарын басқаруда 
әлі қолданылып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет