Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет68/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
Конфликтогендер.Зерттеулерге  қарағанда,  конфликтердiң  80  пайызы 
қақтығысқан  адамдардың  еркiнен  тыс  түзiледi  екен.  Ол  адам  психикасына 
байланысты,  ал  көбiсi  оған  мән  бере  қоймайды.  Конфликтердiң  пайда 
болуына  септiгiн  тигiзетiн  конфликтогендер  бар.  «Конфликтоген»  сөзiнiң 
түсiнiгi    дау-дамайдың    өрши  түсуi.    Конфликтогеннiң  негiзiн  осылай 
түсiндiруге  болады.  Бiз  басқа  адамдардың  сөздерiн,  iстерiн  көтере  алмай 
ренжiп  қаламыз,  ал  өзiмiз  басқа  адамдарға  қатысты  сөздерге,  жасалған 
қимылға  мән берiп, ойлана аламыз ба? 
Бiздiң  адресiмiзге  айтылған  немесе  жасалған  конфликтогенді  бiр  екі  есе 
артық мөлшерде қайтаруға тырысамыз. 
Мысалы:  конфликтоген  +  одан  да  мықты  конфликтоген                конфликт. 
Неге олай? 
Адамдар  жан-жақты  дамыған  болып  жаралмаған,  сондықтан  ренiштердi 
көңiлге  алып  қалып,  есесiн  түгелдей  қайтару  үшiн  ызамен  жауап  бередi. 
Әрине,  ренiштi  кешiре  бiлу    жоғары  жетiстiк  және  этикамен  қоса  барлық 
дiндер  мұны  құптайды.  Бiрақ  осындай  жетiстiкке  барлық  адам  жете 
қоймаған,  өйткенi  өз  ар-намысын,  өз  жан  тыныштығын  сақтау  адамзат 
қажеттiлiктерiнiң    бiрi  болып  табылады.  Даулы  мәселенi  шешуде  адамның 
бойындағы  барлық  игi  қасиеттерiн  өмiр  әрекеттерiмен  ұштастыруға  ұмтыла 
отырып, жақсы қасиеттердi қалыптастыру үшiн адамдардың бiрлесiп әртүрлi 
жаттығулар  жасауы,  өмiрлiк  жағдаяттарға  байланысты  пiкiр  алмасу,  оның 
дұрыс-бұрыстығын  талқылау  жүйке  жұмысының  қызметiн  нығайтып,  түрлi 
ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкiндiк бередi. 
Даусыз қарым-қатынас орнатудың ережелерi 
1-ереже. Конфликтоген қолданбаңыз. 
2-ереже. Конфликтогенге конфликтогенмен жауап қайтармаңыз.  
Есiңiзде  сақтаңыз!  Қазiр  тоқтамасаңыз  кейiннен  тоқтау  мүлдем  мүмкiн 
емес, конфликтогендердiң күшi тез өрши түседi.  
Бiрiншi  ереженi  қолдану  үшiн  қарым-қатынас  жасап  отырған  адамның 
орнына  өзiңiздi  қойып  көрiңiз.  Сiз  осындай  сөз  естiп  жатсаңыз,  ренжитiн 
боларсыз.  Басқа  адамдардың  сезiмдерiн  сезiну,  оның  ой-өрiсiн  түсiну 
эмпатия деп аталады. Сондықтан осыдан барып 3-шi ереже шығады.  
3-ереже. Сөйлесiп отырған адамға эмпатия көрсетiңiз.  
Конфликтогенге  қарама-қарсы  ұғым  –  эмпатия.  Қарым-қатынас  кезiнде 
алдыңыздағы адамға күлiмдеп қарап, оның жағдайын түсiнiп, сыйлы ишарат 
көрсетсеңiз, конфликтогеннiң қайда кеткенiн бiлмей қаласыз. 
Конфликтогеннiң типтерi
Конфликтогендердi үш типке бөлiп қарастыруға болады: 


1-бiреуден асып түсуге ұмтылу; 
2-агрессияға бой ұру; 
3-эгоизмге бой ұру. 
Бұларды  жақыннан  алып  қарасақ,  бiреуден  асып  түсуге  ұмтылу  бұйрық 
беру арқылы көрiнедi.  
Дау-дамайды  шешудiң  негiзгi  жолдары.  Дау-дамайды  шешудiң  түрлi 
әдiс- тәсiлдерi екiге бөлiнедi: тура (ашық) және жанама (жасырын). 
Тура шешу әдiсi: 
1-өз көзқарасынан таймау; 
2-бағынушылардың  көзқарасын  ескере  отырып,  өз  әрекетiн  қайта 
қарастыру; 
3-конфликтiнi елеп-ескермеу; 
4-бiрлесе жұмыс iстеп, бiрлесе шешiм қабылдау. 
Жанама шешу әдiстерi. 
Бұлар бiрнеше тiзбектен құралған жасырын әрекеттердi сипаттайды: 
1-сезiмдерiн  сыртқа  шығару  ұстанымы:  қазiргi  кездегi  көрнекi 
психотерапевтердiң  бiрi  К.Роджерстiң  айтуынша,  егер  адамға  оны  толқытып 
тұрған барлық негативтi сезiмдерiнiң шығуына мүмкiндiк берсе, бұл сезiмдер 
бiрте-бiрте позитивтi сезiмдерге айналады.  
2-эмоцияны қайтару ұстанымы.  
Дау-дамайды  басудың  төте  тәсiлдерi  адамдар  арасында  тұрақты  және 
жағымды  қарым-қатынас  орнату  әлеуметтiк  өмiрдiң  өзектi  мәселесiнiң  бiрi. 
Сондықтан  адамдардың  бiрiмен-бiрi  жалпы  тiл  табысып,  қоғамдық  өмiрдi 
кеңейту  жолындағы  еңбек  әрекетiн  дамытып,  бүкiл  қоғамдық  игiлiктер 
жасауда  шексiз  маңызды  істер  бар,  әрi  мұндай  әрекеттер  игi  мақсат  болып 
табылады.  
Дау-дамайда келесi стратегиялар бар: 
1. Дау-дамайдың алдын-алу немесе профилактика; 
2. Дау-дамайды пайда болу кезеңдерiнде басқару; 
3. Дауды шешу әдiстерiн қолдану (конструктивтi, деструктивтi); 
Дау-дамай мен оның салдарын жобалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет