Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


ІІ.  Стрессті  реттеу  ерекшелігі  және  оны  жетекшінің  іс-әрекетінде



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

ІІ.  Стрессті  реттеу  ерекшелігі  және  оны  жетекшінің  іс-әрекетінде 
басқару 
 «Стресс»  (ағылш.  stress  –  қысым,  кернеу)  ұғымы  әртүрлі  экстремалдық 
әсерлерге  –  стрессорларға  жауап  ретінде  туындайтын  жоғары  кернеу 
күйлерінің  кең  ауқымын  білдіреді.  Басқару  іс-әрекетіндегі  стрессорлар  саны 
өте үлкен, олар өз мазмұны бойынша өзінше ерекше. 
Ақпараттық  жүктелу  факторы.  Басқару  іс-әрекетінде  ақпарат  көлемі 
мен 
оны 
өңдеуге 
қойылатын 
талаптар 
адамның 
психикалық 
мүмкіндіктерімен  қарама-қайшылыққа  кіреді.  Сондықтан  ақпараттың 
осындай 
көлемімен 
шартталатын 
когнитивтік 
жүктеме 
күйзеліске 
соқтыратын негативтік фактор ретінде болады. 
Ақпараттық  айқынсыздық  факторы.  Жетекші  ақпараттың  тым 
артықтығына қарамастан, жетпейтін ақпаратты  іздеуге немесе айқынсыздық, 
тәуекел  жағдайларында  қимылдауға  мәжбүр.  Ал  бұл  болса  –  күшті 
стрессогендік фактор.  
Жауапкершілік факторы – жетекші іс-әрекеті үшін барынша байқалатын 
негізгі және шешуші фактор.  
Уақыт  тапшылығы  факторы,  тұлғааралық  және  тұлғаішілік  кикілжіңдер 
факторы,  басқару  іс-әрекетінің  полифокустылық  факторы,  сыртқы  орта 
факторлары  жүйесі  (бәсекелестік,  криминалдық  орта,  макроәлеуметтік  және 
макроэкономикалық  серпіліс  тұрақсыздығы)  –  осылардың  барлығы  басқару 
іс-әрекетінің стрессорлары болып табылады. 
Стрестік  күйлер  іс-әрекетке  тұтастай  және  оның  жекелеген  процестеріне 
біртекті ықпал етеді. Стресс дамуының негізгі үш кезеңі бар. 
1.  Жұмылдыру  кезеңі.  Стресс  дамуының  бастапқы  кезеңдерінде  жалпы 
эмоционалдық  кернелу  әлі  максимумға  жетпейді.  Сондықтан  психикалық 
процестерге  және  іс-әрекеттің  жалпы  ұйымдастырылуына  стеникалық  әсер 
көрсетеді.  Бұл  кезеңді  «өнімді  стресс»    немесе  «эвстресс»  (эвристикалық 
стресс) ұғымымен белгілейді. Оны психика мен ағзаның сыртқы жағдайының 
күрделенуіне әсері ретінде қарастырады. 
2.  Ренжу  кезеңі.  Стрестік  әсерлердің  (адамның  психикалық  және 
физиологиялық 
ұйымдасуына 
объективті 
түрде 
тән 
шектелулерге 
байланысты)  қарқындылығына  қарсыласудың  әлдебір  шегі  бар.  Бар 
мүмкіндікті  жұмылдыру  осы  шекке  жеткенге  дейін  жүреді.  Содан  кейін 
психика  «беріле»  бастайды.  Когнитивтік  салада  өзгерістер  бірінші  кезекте 
жүреді.  Жедел  ақпаратты  қабылдау  көлемі  мен  сапасы  да  төмендейді,  өткен 
тәжірибені  құрсау  жүреді.  Ойлау  үшін  де  әлдебір  өзгерістер  тән.  Оның 
стереотиптілігі артады, өнімділігі, ақпаратты өңдеу қабілеттілігі төмендейді.  
Өткен  тәжірибеден  нормативтік  тәсілді  іздеу  типі  бойынша  іс-әрекетті 
ұйымдастыруға тырысу ол үшін тұтастай алғанда сипатты бола бастайды.  
3.  Деструкция  кезеңі  үшін  максималды  дистрестілік  іс-әрекетті 
ұйымдастырудың  толық  жойылуы  және  оны  қамтамасыз  ететін  психикалық 


процестердің  бұзылуы  тән.  Қабылдаудың,    сақтаудың,  ойлаудың  құрсаулану 
құбылысы  туындауы  мүмкін.  Іс-әрекетті  ұйымдастырудың  бұл  кезеңінде 
мінез-құлықта  негізгі  екі  форманың  біреуін,  яғни  гиперқозу  (импульсивтік 
әсерлер, 
бей-берекет 
мінез) 
типі 
бойынша 
деструкцияны 
немесе 
гипертежелу  (іс-әрекеттің  және  мінездік  белсенділіктің  құрсаулануы, 
мелшию)  типі  бойынша  деструкцияны  қабылдайды.  Бұл  кезең  –  іс-әрекеттің 
толық бұзылуы.  
Үш  кезеңнің  барлығы  жалпы  сипатқа  ие.  Осымен  қатар  стрестік 
әсерлерге  жауап  қатудың  жеке  айырмашылықтары  барынша  айқын  көрінеді. 
Олар  серпілісте  және  көрсетілген  кезеңдердің  салыстырмалы  ұзындығында 
беріледі.  «Тұлғаның  стреске  тұрақтылығы»  ұғымы  адамның  стрестік 
әсерлерге  «қарсы  тұру  шамасын»  белгілеу  үшін  қолданылады.  Бұл 
қабілеттілік  индивидте  жұмылдыру  кезеңі  қаншалықты  күшіне  берілгеніне 
байланысты.  Адам  созылмалы  стрестік  жағдайлардың  уақытша  қысымына, 
оның  стреске  тұрақтылығының  жеке  шегін  сипаттайтын  резистенттілікті 
(тұрақтылықты) 
қаншалықты 
ұзаққа 
сақтай 
алатыны 
бойынша 
айырмаланатын  үш  негізгі  тұлға  типтері  атап  көрсетіледі.  Бұл  жетекші 
стреске  бейімделеді,  екіншілері  тіпті  қысқа  стрестік  әсерлері  кезінде 
жаңылады, ал үшіншілері тек стресс жағдайларында ғана тиімді жұмыс істей 
алады.  Оларды  тиісінше  «өгіз  стресі»,  «қоян  стресі»,  «арыстан  стресі» 
ретінде белгілейді. 
Жетекші  іс-әрекетінде  ұзақ  мерзімді  стреске  төзімділік  тұлғаның 
интернальділік-экстернальділік параметрлеріне тәуелді болады. 
Стреске тұрақтылықтың екінші қажетті шарты тұлғаның жалпы мотивтік 
бағытталуы,  оның  үстем  бағдарлануы  (тұлғалық-карьерлік  –  стреске 
тұрақтылықты  төмендетеді,  ал  әлеуметтік-кәсібилікті  арттырады).  Стресс 
жағдайындағы  мінез-құлықтың  екі  формасы  болады:  қорқынышты  бақылау 
және  қауіптілікті  бақылау.  Бірінші  жағдайда  жеке  өзін  қауіпсіздендіру 
тәсілдері  қарастырылады,  сондықтан  жағдайға  бақылау  жоғалады  және  іс-
әрекетті  ұйымдастырудың  конструктивтік  ұмтылыстары  тоқтайды.  Екінші 
оқиғада  жағдайға  бақылау  ұзағырақ  сақталады,  мінездің  бұл  типі  едәуір 
тиімдірек, ал жетекші үшін жалғыз ғана қонымды болып табылады. 
Стрестік  жағдайдан  шығу  тәсілдерін  белсенді  және  енжар  деп  бөледі. 
Біріншісі  іс-әрекетті  жұмылдыру  кезеңінің  ағымын  көрсете  отырып, 
ұйымдастырудағы конструктивтік іс-әрекеттердің интенсификациясы ретінде 
немесе  «сыртқы  қауырт  әсерлер»  типі  бойынша  тұрғызылады.  Енжар  тәсіл 
адамның  кернелуді  баса  және  стресті  ішке  ала  отырып,  жағдайға 
мойынсұнуынан  байқалады.  Бұл  –  тежелу  әсері.  Ол  кейде  пайдалы,  өйткені 
ойланбаған  импульсивтік  іс-әрекетті  болдырмауға  көмектеседі,  бірақ 
қайталана берсе, кернелудің аккумуляциясына соқтырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет