бас директор, орындаушы директор, президент болуы мүмкін). Мұнда
басқарма мен акционерлік қоғам директорларының кеңесінің өкілеттілігі мен
мүдделері тоғысқанда қарама-қайшылықтар орын алуы мүмкін. Жеткілікті,
айқын қарама-қайшылықтар мен дау-дамайлар туындатуы мүмкін.
Мұндай дау-дамайдың себептері ретінде мыналар болуы мүмкін:
- директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің жоғары тұрған органның
басқару стилі мен әдісін бағалау кезіндегі қайшылықтар;
- директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің өндіріс ішіндегі іс-
әрекет мәселелері бойынша келісілмеушілік жағдайлар;
- цехтар, бөлімшелер, қызметтер басшылары мен басқарма мүшелерінің
арасында және олардың жұмыс уақытында мәжілістерге қатысу мәселесі
бойынша
келіспеушіліктер
пайда
болғанда
өндіріс
пен
басқарма
мүдделерінің жасанды келісілмеушілігі;
- басқарма мен басқарманың территориалды органдары, оның ішінде
аудан басқармасы мүдделерінің келісілмеушілігі. Соңғы жағдайда басқарма
мүшелерінің кәсіпорын ұжымының еңбегімен табылған табысынан аудан
қажеттілігіне төлем ақы жасау реті және оны алу әдістері туралы
келіспеушіліктер
туындауы
мүмкін.
Басқарма,
акционерлер
атынан
«қожайын» рөлінде бола отырып, қаражаттың есепке алынуы мен
жұмсалуына қызығушылық білдіреді және жоғарыда тұрған ұйымдардың
нұсқауы бойынша негізделмеген төлем ақылар жасауға қарсы шығуға
құқылы, бұл шиеленіс, дау-дамайлық жағдай тудырады, тіпті дау-дамайға
алып келуі де мүмкін.
Ұйымдарда басшы мен оның орынбасарының арасында басқару
барысында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Бұл дау-дамайлар ұжымға
жылдам ауысады, өйткені, еңбек ұжымында дау-дамайға түсушінің
әрқайсысының тірегі бар.
Бұл жерде басшы мен оның орынбасарының басқару стилі маңызсыз емес
рөл ойнайды. Мысалы, егер басшының стилі – демократиялық, ал оның
орынбасарының стилі – демократиялық немесе авторитарлық стиль болса,
олардың қызметтерінде дау-дамайды болдырмайтындай келісушіліктерге қол
жеткізуге болады. Көбінесе дау-дамай басшы мен оның орынбасары «Бөлім
немесе ұйым иерархиясында кім маңыздырақ?» қағидасы бойынша іс-
әрекеттің авторитарлық стилін ұстанатын, стильдер сәйкес келмеген
жағдайда туындайды. Мұндай жағдайда амбициялармен, мәнсаптық
мақсаттармен байланысты аралас мотивациялар байқалады. Басшы мен оның
орынбасарлары бүкіл еңбек ұжымының жұмысын қамтамасыз ете отырып,
бірін-бірі толықтырып отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: