Microsoft Word 1Лессон стади



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата10.11.2022
өлшемі1,03 Mb.
#49101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
41Лессон стади

 
 
 
Факт 
Проблема 
Санаты 
Тақырып
/ сұрақ 


~ 5 ~ 
3.САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ 
Сабақты жоспарлау – əлбетте, əріптестерінің қатысуыңсыз 
өтетін мұғалімнің өз бетінше сабаққа дайындалу үдерісі. 
«Сабақты зерттеу» əдісі мұғалімдерге бір-біріне пайда 
əкелуге мүмкіндік береді, себебі осылайша олар өздерінің кəсіби 
білімдерін кеңейте алады.Бірақ ол үшін əріптестерге бірігуге 
немесе жұмыс тобын құруға мүмкіндік беретін ынтымақтастық 
орта қажет. 
«Сабақты зерттеу» тəсілінің көмегімен сабақты жоспарлау 
үдерісінде жұмыс тобының мүшелері кəсіби тəжірибемен алмаса 
алады, оқудың тиімді тəсілдері, формалары жəне əдістерін 
қолдану бойынша идеялар ұсына алады. 
Сабақты зерттеуді жүргізу үшін зерттеудің өң бойында 
мұғалімнің бұрында қолданған оқыту тəсілдерін, формаларын 
жəне əдістерінескеріп, есте сақтау керек. Бұдан басқа оқытудың 
тиімділігіне қол жеткізу мақсатында мұғалім үшін өзінің барлық 
білімі мен білігін қолдану маңызды болып табылады. Егер де осы 
аталған мəселелер ескерілмесе, сабақты зерттеу өзінің басты 
мақсатына, яғни оқу үдерісін жетілдіруі, жете алмауы мүмкін 
жəне оқушылардың оқуы екінші орынға түсіп қалады.* 
Зерттеудің нақты мақсатын басшылыққа алып, жұмыс тобы 
оқушылардың ойлауын бақылау мен талдауға ашық болатындай 
«көзге көрінетін» етуге мүмкіндік беретін оқытудың əдістерін, 
тəсілдерін жəне формаларын ұсынады. Бұл өте маңызды, себебі 
оқушылардың оқуды үйреніп жатқаны туралы сенім қажет. 
Əрбір өткізілген сабақтан кейін команда жоспарлар 
өзгертулер енгізіп, сабақты бақылау жүргізіледі. Сабақтан 
сабаққа қарай жоспар жақсара түседі жəне мұғалімдер 
оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқудың ең үздік 
стратегияларын анықтайды. 
Бірлесіп жоспарлауда мұғалімдерге сабақ жоспарын бүге – 
шүгесіне дейін талқылаудың қажеті жоқ, əсіресе олардың пəндері 
əр-түрлі болған жағдайда. Дегенмен жоспар басқа мұғалім 
қолдана алатындай жете сипатталуы тиіс. 
Мұғалімдер нақты бірізділікті қолдана алады. Мысалы, 
қызығушылықты ояту кезеңін қалай жүзеге асыру, үй жұмысын 
тексеру, жаңа тақырыпты түсіндіру, формативті бағалауды 


жүргізу, инклюзивті оқытуды ұйымдастыру жəне сыни ойлауды 
дамыту туралы ойлану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет