Зертханалық жұмыс № 1 АЛКАНДАР
тәжірибе Метан алу және оның қасиеттері.
Реактивтер:
Натрий ацетаты, натронды ізбес, калий пермнганаты және бром суы.
Құрғақ пробиркаға 1:2 қатынаста сусыз натрий ацетаты мен натронды ізбес қоспасын салып, аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен бекітеміз штативке көлбеу орнатамыз. Алдымен пробирканы баяу ал қоспа салынған жерін қатты қыздырады. Алдымен пробиркадан ауа ығыстырылады, соңынан метан бөліне бастайды. Газ жүретін түтіктің ұшынан шығып жатқан метанды жағады. Ол көкшіл түтін шығарып жанады. Қоспаны қыздыруды тоқтатпай түтікшені: 1мл бром суына, кейін 1мл КМnO
4 ерітіндісі бар пробиркаға 1 минут метан жібереді? Бром суы мен КМnO
4 ерітіндісінің түстері өзгереме? Метанның бром суы мен КМnO
4 ерітіндісіне қатынасы қандай? Қорытынды жасаңдар. Реакциялар теңдеуін жазыңдар?
Метанды зертханада алудың құрылысы.