тәжірибе.Алкендердің концентрациялы күкірт қышқылымен реакциясы.
Реактивтер: Сұйықалкенжәнеконцентрлікүкіртқышқылы. Құрғақ пробиркаға 1 мл сұйық алкен құйып, оған 1 мл концентрлі күкірт қышықылын қосады. Пробирка суда салқындату арқылы бірнеше минут араластырады. Қоспа қоныр түске боялып, алкен қабаты жойылады. Алкендердің концентрлі күкірт қышқылымен реакциясы алкандарды алкендерден тазарту үшін қолданылады. 2-метил-2-бутеннің күкірт қышқылымен реакциясының схемасын жазыңыз.
5-тәжірибе.Алкендердіңазотқышқылыменреакциясы Реактивтер: Сұйықалкенжәнеконцентрациялыазотқышқылы. Құрғақ пробиркаға 1 мл сұйық алкен құйып, оған 1 мл концентрациялы азот қышқылын қосады. Қоспаны бірнеше минут араластырады. Қоспа қызыл қоңыр түске боялады. Реакция нәтижесінде шәйірлену (смолалану) өнімі бар күрделі қоспа түзіледі.
Зертханалықжұмыс№3АЛКИНДЕР. тәжірибе.Ацетиленалу.
Реактивтер:Кальцийкарбидіжәнесу. 50 мл Вюрц колбасына 5-6 түйір кальций карбидің салып, колбаның аузын су құйылған бөлгіш воронкасы бар тығынмен мықтап жабады. Колбаның бір түтікшесіне газ жүретін хлоркалцийді түтікше жалғастырылып, бөлгіш воронкадан өте баяу су тамшылатады, су тамшылары мен кальций карбиді әрекеттесіп, ацетилен бөліне бастайды. Реакция теңдеуін жазыңдар.
тәжірибе.Ацетиленніңбромсуыменәрекеттесуі.
Реактивтер: Ацетиленжәнебромсуы. Ацетилен шығып жатқан газ жүретін түтікшені 1 мл бром суы құйылған пробиркаға батырады. Бром суы түссізденеді. Ацетилен мен бромның әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар.