Microsoft Word лаб жумыстар doc



бет7/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,78 Kb.
#115902
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зертханалық жұмыс 4 АРЕНДЕР

  1. тәжірибе. Бензол алу.

Реактивтер: Бензой қышқылы мен КОН (ұнтақ).
Құрғақ пробиркаға бензой қышқылы мен КОН қоспасын салып аузын газ жүретін түтігі бар тығынмен мықтап тығындап, штативке аузын төмен қаратып көлбеу орнатады. Газ жүретін түтіктің екінші ұшын суы бар пробиркаға батырады. Қоспасы бар пробирканы қыздырған кезде бөлініп шыққан түссіз май тәрізді өзіне тән иісі бар сұйық екінші пробиркадағы су бетіне жинала бастайды. Байқаған өзгерістер мен құбылыстарға қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Ескерту: Қоспасы бар пробирканы алдымен ақырын соңынан қатты қыздыру керек.

  1. тәжірибе. Ароматты көмірсутектерді бромдау.

Реактивтер: Бензол, толуол, нафталин және бром суы.
Үш құрғақ пробиркаға 1 мл бензол, 1 мл толуол және 0,5 г нафталин салып, олардың әрқайсысына 1 мл бром суын қосып араластырады. Бром суының сары түсінің жойылуы реакцияның жүргендігін біддіреді. Егер бұл жағдайда, яғни, үй температурасында бромдау реакциясы жүрмесе пробиркаларды қайнағанша спиртовка жалынында ұстайды, қыздырады. Ароматты көмірсутектерді бромдау реакциясының жүруіне түсінік беріңдер және қорытынды жасаңдар. Реакциялар теңдеуін жазыңдар.

  1. тәжірибе. Стиролдыбромдау.

Реактивтер: Бром суы және толуол.
Құрғақ пробиркаға 1 мл стирол құйып, оған аздаған бром суын қосып араластырады. Бром суының түсі өзгергенше қыздырады. Алынған ашық сары түсті сұйықты сонша көлемді сумен сұйылтады. Бірнеше минуттан соң ақ түсті дибромид тұнбаға түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет