Microsoft Word лаб жумыстар doc



бет9/10
Дата16.10.2023
өлшемі62,78 Kb.
#115902
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Органикалық химия 1-бөлім Лабораториялық жұмыстар(2)

Зертханалық жұмыс №5 СПИРТТЕР.
№1 Тәжірибе. Спирттегі суды анықтау, оны ажырату.
Реактивтер: Этил спирті және мыс купоросы (CuSO4*H2O).
Кішкене фарфор табақшасына 1,5-2,0 г мыс купоросын салып, электр плиткасында купоростың жасыл түсі толық жойылғанша қыздырады. Алынған ақ ұнтақты салқындатып құрғақ пробиркаға салып, 2-3 мл этил спиртін қосады. Араластырып, жайлап қыздырғанда пробиркадағы ұнтақ жылдам жасыл түске боялады. Судан тазартылған спиртті екінші құрғақ пробиркаға тұнбамен араластырмай құйып алып 2-тәжірбиеге пайдаланады. Таза спиртте аздап еріген судың қоспасы болады. Этил спиртінде – ректификатта айдау арқылы бөлінбейтін 5%-ті су болады. Оны суды оңай тартып алатын заттардың көмегімен (мысалы, кальций оксиді, сусыз мыс сульфаты т.б.) бөліп алуға болады. Байқалған құбылыстар мен өзгерістерді жазып түсінік беріңдер.
№2 Тәжірибе. Алкоголяттардың түзілуі және ыдырауы (гидролиз).
Реактивтер: Этил спирті - 96% және металл натрий.
1-ші тәжірбиеден алынған судан тазартылған спиртке металл натрийдің кішкентай түйірін салады. Реакцияның нәтижесінде бөлінетін жылудың әсерінен қоспаның қызып, спирттің қайнап кетпеуі үшін пробирканы салқын су құйылған стаканға батырып қояды. Газ бірқалыпты бөліне бастағанда пробирканың аузын спиртовка жалынына жақындатқанда, сутекпен ауаның қоспасы өзіне тән дыбыс шығарып лап етіп жанады. Сұйық біртіндеп қоюлана бастайды. Егер сутек бөлінбей қалса, онда қоспаны азырақ қыздырып қалған натрийді сымның көмегімен алып натрий қалдығы салынатын банкаға салады. Алынған алкоголяттың концентрациялы ерітіндісі салқындатқанда кристалданады. Байқалған құбылыстарды, реакция теңдеулерін жазыңыздар.
№3 Тәжірибе. Этил спиртінің калий перманганатымен тотығуы.
Реактивтер: Этил спирті - 96%, калий перманганаты (кристалды), күкірт қышқылы және лакмус қағазы.
Пробиркаға 0,5 г калий перманганатын салып, оған 5 мл су және 0,8 мл этил спиртін қосып ақырын қыздырады. Егер қоспа қатты қызып кетсе, пробирканы салқын суы бар стаканға салып салқындатады. Содан кейін қоспаны абайлап қайнағанша қыздырады, 1-2 минут қайнағаннан кейін 3 мл сұйытылған күкірт қышқылын қосады. Сұйық бір қалыпты қайнауы үшін пробиркаға 1-2 түйір фарфор шынысының сынықтарын салады. Пробирканы иілген шыны түтікшесі бар тығынмен мықтап жауып, қайнатып, 0,5 мл сұйықты екінші пробиркаға айдап алады. Лакмуспен реакциясын тексереді. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
№4 Тәжірибе. Этилнитритті алу.
Реактивтер: Этил спирті - 96%, натрий нитриті және концентрлі тұз қышқылы.
Пробиркада 1 г натрий нитритін 2 мл суға ерітіп, оған 1-1,5 мл этил спиртін қосады да, мұз бен судың қоспасында 0°-қа дейін салқындатады. Екінші пробиркада 2 мл концентрациялы тұз қышқылы мен 1 мл суды араластырып, оны да 0°-қа дейін салқындатады. Ақырын, абайлап тамшылатып салқындаған тұз қышқылын натрий нитратының сулы спирт ерітіндісіне қосады. Барлық уақытта қоспаны араластырып, салқындатып тұру керек. Сулы ерітіндінің бетіне жеміс иісті сары түсті этилнитрат қабаты бөлініп шығады. Сулы ерітіндінің бетінде қандай қосылыс түзіледі? Алынған затты иісі бойынша анықта. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

  1. тәжірибе. Глицериннің дегидратациясы

Реактивтер: Этил спирті - 96%, глицерин және күкіртқышқылының натрий тұзын.
Тәжірибе ауа тартқыш шкафта жүргізіледі. Құрғақ пробиркаға бірнеше тамшы глицерин тамызып, оған 1 г шамасында күкірт қышқылының натрий тұзын қосып араластырады да, абайлап қыздырады. Акроленнің түзілгендігін оның өзіне тән өткір иісінен анықтайды. Реакцияның теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет