Байланысты: Органикалық химия 1-бөлім Лабораториялық жұмыстар(2)
тәжірибе.Бензол және толуолға тотықтырғыштардың әсері.
Реактивтер: Бензол,толуол,калийперманганаты,бромсуыжәнекүкіртқышқылыныңерітіндісі. Екі пробиркаға 1 мл калий перманганатының сұйытылған ерітіндісін құйып және 1 мл күкірт қышқылының сұйытылған ерітіндісін қосады. Содан кейін бір пробиркаға бірнеше тамшы бензол, екінші пробиркаға бірнеше тамшы толуол қосады. Екі пробирканы да қатты араластырыңдар. Бензол және толуолыңтотықтырғышта қалай еритіндігіне көңіл аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Реактивтер: Бензол,толуол,нафталинжәнеконц. күкіртқышқылы. Үш пробиркаға 1 мл бензол, 1 мл толуол және 0,5 г нафталин салып, олардың әрқайсысына 4 мл конц. күкірт қышқылын қосады. Барлық пробиркаларды табақшаға батырып 80°-қа дейін қыздырады. Пробиркаларды жеке-жеке шайқап араластырып тұру керек. Алдымен пробиркаларда эмульсия пайда болады, соңынан біртекті сұйыққа айналады. Ароматты көмірсутектердің күкірт қышқылымен толық әрекеттесіп сульфоқышқылдарға айналуы уақытқа байланысты екенін ескеріндер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
тәжірибе.Бензолға азот қышқылының әсері (нитрлеу реакциясы).
Реактивтер: Бензол,конц.күкіртқышқылыжәнеазотқышқылы. Кішкене колбаға 2 мл. конц. күкірт қышқылы (р=1,83) мен 1,5 мл конц. азот қышқылын (р=1,14) құйып нитрлеуші қоспа жасайды. Концентрлі қышқылдармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесінсақтау керек. Қоспаны салқындатып оған 1 мл бензолды 3-4 бөліп қосады. Бензолдың әрбір бөлігін қосқан сайын колбаның аузын шыны түтікше кигізілген тығынмен тығындап шайқайды. Егер колба қатты қызып кетсе оны сумен салқындатады. Колбаны қоспа бір текті болғанша 5-7 минут қозғайды. Сонан соң қоспаны салқыңдатып, колбаға 10-15 мл су қосады. Түзілген нитробензол колбаның түбіне түседі. Реакция теңдеуін жазыңдар.