Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


 Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтылары



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

 
3.2. Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтылары
Республика территориясындағы аласа таулы аймақтарға онша биік 
емес тау сілемдері мен Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, 
Алтай тауларының 1900 – 2100 м – ге дейінгі бөліктері жатады. ласа тау 
сілеміне Маңғыстау, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Қызылтас, 
Баянауыл, Ерейментау, Шыңғыстау, Қаратау, Шу Іле Қалба тау жоталары да 
кіреді.Бұлардың Маңғыстаудан басқасы палеозой эрасында өткен каледон және 
герцин қатпарлану кезеңдерінде түзілген.Мезозой мен кайнозой эраларында 
сыртқы күш әрекетінен үгіліп,мүжіліп тегістелген,қазіргі Сарыарқа тау 
жоталарының жүйесі қалыптасқан. Маңғыстау тауы мезозой эрасындағы 
киммериялық қатпарлануда түзілген. Ол да бор, палеоген дәуірлерінде 
тегістелу 
процесіне 
ұшыраған.Неогенде 
басталған 
альпілік 
орогенез 
Қазақстандағы барлық таулардың жаңарып қайта көтерілуіне себепші 
болады.Бірақ неотектоникалық қозғалыстардың қарқыны аласа тауларда өте 
баяу өтуде.Қазақстандағы аласа таулардың геологиялық құрылысы бір – біріне 
өте 
ұқсас,көбіне 
метаморфтанған 
палеозойлық 


тақтатастан,құмтастан,кварциттен,мәрмәрленген 
әктастан,гранитті,гранитоидты 
интрузиядан,жанартаулы 
эффузивтерден 
тұрады.Тек Маңғыстау таулы ғана пермь,триас дәуірлерінің метаморфтанған 
құмайтты,тақтатасты және конгломератты жыныстарынан түзілген.Бұлардың 
қазіргі жер бедері аридті денудациялық жолдармен түзілген,ұсақ шоқылы тау 
бастарының,текшеленген беткейлердің және тау алды еңісті жазықтардың 
тізбегінен тұрады.
35
 
Аласа таулардың шөл типтес ландшафтылар Маңғыстау таулары мен 
Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500-700 
м-ге дейінгі тау жоталарында, тау алды, тау іші жазықтарында тараған. Бұл 
жерлерде табиғи ландшафтылар өте құрғақ континентті климат жағдайында 
қалыптасқан мен эфемероиттардың ғана көктеп, өсуіне қолайлы. Жазы ыстық, 
құрғақ, ұзаққа созылады. Ол кейбір жылдары екпе дақылдарға орасан зор зиян 
келтіреді. Климаттың құрғақшылығын орташа жылдық жауын –шашынның 150 
мм-ден аспайтындығы дәлелдейді. Жауын – шашыны көбіне жерортатеңіздік 
сипатта түседі. Энергиялық байлықтың мол қоры болғанымен, ылғал 
баллансының кемдігіне байлан,ысты ландшафтының құрамдас бөліктері онша 
жақсы жетілмейді. Рас, таудан бастау алатын, Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, 
Лепесі сияқты өзендер шөл зонасындағы суармалы егістіктің көлемі кеңейіп, 
оазисі ландшафтының түзілуіне себепші болып отыр. Олар, әсіресе, соңғы 
жылдарда ғана шөл зонасының ландшафт құрылымынан орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет