Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

ландшафтылары 
Қазақстандағы 
жазықты аймақтардың 
оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында, Маңғыстауда,Үстіртте, Арал маңында, 
Қызылқұмда, Мойынқұмда, Бетпақдалада, Балқаш маңында тараған.Жалпы 
көлемі 117 млн. га немесе республика территориясының 44%. Бұл жердің 
тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы өте күрделі болып 
келеді.Батыс бөлігі палеозойға дейінгі плиталық платфрормада , орталық бөлігі 
жас эпигерциндік плиталық платфоамада, шығыс бөлігі палеозойлық қатпарлы 
– 
жақпарлы 
орогендік 
құрылымда 
орналасқан.Жер 
беті 
түгелдей 
мезокайнозойлық шөгінді жауып жатыр. Қазіргі жер бедері мен ландшафт 
түзуші жыныстарының литогендік құрамдары әр түрлі болып келеді.Жер 
бедері теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі тегіс ойпаттан, эолды, аридті – 
денудациялық қат – қабатты және тұғырлық жазықтан тұрады.Жер бедерінің 
пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, құмды, 
кесек тасты және қиыршық тасты болып келеді.Саз балшықты теңізтабанды 
жазықтар Каспий маңы ойпатында, Үстіртте, Бетпақдалада тараған.Бұл жерде 
топырақ 
пен 
өсімдік 
жамылғысы 
нашар 
дамыған.Тақыр 
жер 
көп 
кездеседі.Тастақты шөл Бетпақдаланың шығысында, Маңғыстауда тараған.Жер 
бетіне жар тастар мен өорым тастар шығып жатады.Шөлді ландшафтыларында
климат құрғақ континентті болып қалыптасқан.Жауын – шашынның жылдық 
орташа мөлшері 200 мм – ден 100 м – ге дейін ауытқиды.Ылғалдану 
коэффициенті 0,22 – 0,10.
33 
Экологиялық жағдайдың маусымдық ырғағы жануарлар тіршілігінің 
негізгі факторы болып саналады.Олардың көптеген түрлері қыс және жаз 
айларында ұйқыға кетеді.Қазақстан шөлдерінде тіршілік ететін жануарлардың 
ландшафтты түрлеріне кіші сарытышқан, зорман, түлкі, қарсақ, қарақұйрық, 
шағыл мысығы, қара құс, қаршыға, тасбақа, шұбар жылан, қарақұрт тағы 
басқалары жатады. 


Шөлді ландшафт зоналы факторлардың әрекетіне байланысты екі бөлікке 
бөлінеді. Олар: 1) қоңырт топырақты жерге тараған, арасында дәнді шөптесіні 
бар жусанды – сораңды солтүстік шөлді зона; 2) сұр – қоңыр топырақты жерге 
тараған эфемерлі – жусанды оңтүстік шөлді зона. 
І.Қоңыр топырақты жерге тараған арасында дәнді шөптесіні бар жусанды 
– сораңды солтүстік шөлді зонасы Каспий маңы ойпатында, Орал алды 
үстіртінде, Үстірт қыратында, Солтүстік Арал маңында тараған.Негізінен Батыс 
Қазақстан, Ақтөбе облыстарының территориясында орналасқан. Жер беті 
қоңыр топырақпен жамылған.Солтүстік шөлді оңтүстік зона бөлігімен 
салыстырғанда жауын – шашын көбірек түседі, оның жылдық орташа өлшемі 
150 – 180 мм – ге жетеді де, далалық дәнді өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік 
туғызады. Далалық дәнді өсімдіктер саз балшықты жерлермен салыстырғанда 
құмды шөлдерде көбірек өседі.Мысалы, Каспий маңы мен Арал маңындағы 
құмдарда жусанды – еркекшөпті, көделі өсімдік жамылғылары жиі ұшырайды. 
ІІ. Сұр – қоңыр топырақты жерге тараған эфемерлі – жусанды оңтүстік 
шөл Маңғыстау үстіртінде, Үстірт қыратында, Қызылқұмда, Мойынқұмда, 
Сарыесік – Атырауда, Іле жазығында, Жетісуда, Маңғыстау, Қызылорда, 
Жезқазған, Семей облыстарының оңтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, 
Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде орналасқан.Жер бедері 
теңізтабанды, көлтабанды, аллювийлі, тау алдындағы проллювийлі жазықтан 
тұрады.Литогенді негіз бойынша саз балшықты, саздақты, құмды шөлдер 
болып бөлінеді. Топырақ қабатының жамылғысы нашар дамыған, ойдым – 
ойдым болып келеді.Құнарлылығы төмен, қордалы қарашірігі 1 – 2 % сұр – 
қоңыр топырақ қалыптасқан.
34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет