Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


) Шығыс Еуропа жазығының шөлейтті ландшафт аймағы



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
1) Шығыс Еуропа жазығының шөлейтті ландшафт аймағы 
континентті климат жағдайымен ерекше көзге түседі.Ландшафтысы бор 
дәуірінде түзілген бор және мергель жыныстарынан тұратын Орал алды 
үстіртінде, төрттік дәуіріндегі саз балшықты теңізтабанды жыныстардан 
тұратын 
Каспий 
маңы 
ойпатында 
орналасқан.мұнда 
теңізтабанды 
сазбалшықтан түзілген ойпатты жазықтағы қызыл күрең, ашық түсті сортаңды 
қызыл күрең топырақта өскен бозды – бетегелі, бозды – бетегелі – жусанды 
шөлейт өсімдіктері тараған.Сондай – ақ аллювийлі, көлтабанды – аллювийлі 
саздақтан, саз балшықтан түзілген ойпатты жазықтағы ашық түсті сортаңды 
қызыл күрең топыраққа өскен ақ жусанды – бетегелі – бозды шөлейт те 
кездеседі.Мұндай зоналы ландшафтылардың құрамында 10 – 20 % - тен 30 - 50 
% - ке дейін қара жусанды сортаң және 10 - 20 %- тей шалғындық топыраққа 
өскен әр түрлі шөптесінді – бидайықты шалғын болады.Жалпы Шығыс Еуропа 
шөлейт ландшафтысы мал жайылымы үшін пайдаланылады, территориясының 
20%- тей жерін егістік жер алып жатыр.Егістік жер көбіне қуаңшылықтың 
зардабынан өнім бермей қалды. 
2) Торғай үсиіртінің шөлейтті ландшафт аймағы Орал таулары мен 
Сарыарқа аралығында жатқан, ұдайы қкпек жел соғып тұратын, Торғай 
қолатында орналасқан. Климат мұнда өте құрғақ, жазда Арал маңын жиі – 
жиі аңызақ жел соғып тұрады.Қыста аздаған ғана жерортатеңіздік сипаттағыдай 
жауын – шашын түседі.Осыған орай ландшафтының биоұүрамдас бөлігінде 
эфемер мен эфемероидт басым болады.Ландшафтының құрылымы көп сатылы 
деңгейден тұрады.Төменгі деңгейдегі көлтабанды – аллювийлі ойпатты 
жазықтың шалғынды топырақты жеріне әр түрлі шөптесінді - бидайықты 
шалғын, сортаңына бетегелі – жусанды және сораң шөпті жамылғы 
тараған.Орташа биіетігіндегі ежелгі аллюфийлі жазықтың ашық түсті сортаңды 
қызыл күрең топырақты жеріне қара жусанды көкпекті, баялышты – көк 
жусанды көкпекті шөлдік территориялық табиғат кешендері орналасқан.Одан 
да биік деңгейінде палеогенді және неогенді құмайтты саз балшықтан түзілген, 
жұқа эллювийлі – деллювийлі жамылғымен жабылған аридті денудациялық қат 
– қабатты жазықтың ашық түсті сортаңды және карбонатты топырағына ақ 
жусанды - көделі, бозды шөлейтті өсімдіктер дамыған.Жалпы Торғай шөлейтті 
ландшафт аймағы өзен жайылмасы мен шабындығы бар мал жайылымы 
қатарына жатады.Мұнда бөкен ауланатын аң шаруашылығы орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет