Microsoft Word Ландшафттоведение и приод тех комп Каз Есмурзаева doc


Аласа таулардың шөл типтес ландшафтысының



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата16.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#61474
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Есмұрзаева Ландтшафттану

Аласа таулардың шөл типтес ландшафтысының таралуына жер 
бедері мен топырақ жамылғысын түзуші жыныстардың литологиялық құрамы 
үлкен ылпал етеді. Жыныстарының литологиялық құрамына қарай саз 
балшықты, саздақты және тасты шөлдер болып бөлінеді. Ландшафттық карта 
жасау кезінде аласа таудағы шөл типтес ландшафт доминанттарының 
төмендегідей тізбектерден тұратыны анықталды. 1) Сұр қоңыр және сұр 
топыраққа өсетін сораң шөпті, жусанды эфемерлі – жусанды, баялышты – 
жусанды, бұйырғынды өсімдік жамылғылары тараған тау іші саз балшықты 
көлтабанды, көлтабанды – аллювийлі жазықтар; 2) теріскен, шағыр, жүзгін, 
жыңғыл және сексеуіл өскен құм бұйраттары мен шағылдар; 3) көкпекті, қара 
жусанды – көкпекті, бұйырғанды – көкпекті, эфемерлі –көкжусанды, баялышты 
–көк жусанды, күйреуікті – көк жусанды және изенді өсімдік топтары тараған 
сұр топырақты тау алдындағы еңіс келген саздақты жазықтар;4) тас 
бұйырғанды, бұйырғанды, сексеуілді жамылғылар өскен сұр қоңыр топырақты 
малта тас аралас саздақты адырланған тау бөктерлері;5) көк жусанды, эфемерлі 
– көк жусанды, баялышты - көкжусанды, күйрекікті – көкжусанды изенді 
жамылғылар өсетін сұр топырақ дамыған малта тас аралас саздақты төбелі -
жонды тау бөктері; 6) баялышты – қара жусанды, баялышты – бұйырғанды, 
қара жусанды өсімдік тараған топтары тарайтын қоңыр түсті топырақ дамыған
қиыршық тасты аласа таулар.
Аласа таулардағы көл маңында, өзен өренінде, ыза сулы жерлерінде және 
басқа су көздерінде гидроморфты сипаттағы интразональды ландшафты 
тараған. Оларға жататындар: 1) дәнді шөптесіндер мен көк жусанды шилі, 
ажырықты өсімдік жамылғылар өсетін шалғын топырақ дамыған саздақты 


аллювийлі жазықтар; 2) қамысты қона ; 3) әр түрлі шөптесіндер мен дәнді 
шөптесінді шалғындар, қорысты тоғайлар өсетін аллювийлі топырақ дамыған 
саздақты өзен жайылымдары; 4) өзен бойындағы шұраттар мен тартпа сорлар, 
борықты сорлар, қатқылды сорлар және тақырлар. Аласа таулардың шөл типтес 
ландшафтысы өрісті мал жайылымына қолайлы. Гидроморфты шалғындарда 
шалғындықтар бар. Тау іші, тау алды жазықтарының суармалы егістікке 
жарамды жерлерін толығынан оазисті ландшафты алып жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет