Биіктігі орташа таулардың далалы ландшафт типінің таралу шегі 800
– 1300 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі
абсолют биіктігі бойынша
анықталады.Ландшафты белдеуі шектерінің биіктігіндегі көріністің айырмасы
200 – м – ге тең.Ландшафтының бұл типі жусанды дәнді шөптесін өскен құрғақ
далалы және дәнді шөптесін мен түрлі шөптесін өскен қоңыржай
ылғалды
далалы белдеуден тұрады.
Құрғақ далалы ландшафт белдеуі Жетісу өңірінде, Тарбағатай тау
жоталарында тараған.Көбіне күнгей беткейлерде 2000 – 2200 м биіктікке дейін
көтеріледі.мұнда күңгірт түсті және жай ғана қызыл қоңыр топырақты жерге
бетеге,
Кавказ бен Қырғыз бозы, еркекшөп және түрлі эфемерлер мен жусан
өскен. Қолдан суарылған жағдайда бау – бақша, мал азығы дақылдары егілген.
Қоңыржай ылғалды далалы ландшафт белдеуі абсолют биіктігі 2000
– 2200 м – ден 2200 – 2600 м – ге дейінгі тау беткейлеріндегі, тау жоталарында
және тау іші жазықтарында орналасқан.Бұл жерлерге жауын – шашын мол
түседі, кейде 500 – 600, 600 – 800 мм – ге дейін жетеді.Қоңыржай ылғалды
далалы ландшафт белдеуінің күнгей беткейлі және теріскей беткейлі түрлері
бар.Күнгей беткейлі түрі Талас және Қырғыз Алатауында дамыған.
Ландшафтыларының биогенді құрамдас бөліктерін қиыршық тас араласқан
саздақты негізде қалыптасқан қара сұр және таулы – далалы топырақта өсетін
әр түрлі шөптесін мен қырғыз бозынан, жүлгелі
бетегеден құралған өсімдік
жамылғысы құрайды.Теріскей беткейлі қоңыржай дала ландшафт белдеуі
Қазақстанның таулы аймақтарының бәріне де дамыған.Ландшафтысының
құрылымдық бөліктері қиыршық тас араласқан саздақты жынысты негізінде
қалыптасқан күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа өскен бетегелі – бұталы әр
түрлі шөптесін және бетегелі бозды әр түлі
шөптесін өскен төбелі қырқадан,
тау жотасының жонынан, таудың қара топырағына өскен дәнді шөптесінді - әр
түрлі шөптесін, бұталы әр түрлі шөптесін өскен жатық беткейлерден, жонды
қырқалардан, таулы – далалы және таулы – шалғынды қара топыраққа өскен әр
түрлі шөптесінді – дәнді шөптесін өскен
тау іші жазықтарынан тұрады
Достарыңызбен бөлісу: