4 лекция
4 САҚТАЛУ ЗАҢДАРЫ
Дененің импульсі. Реактивті қозғалыс
Дененің импульсі (қозғалыс мөлшері) деп – дене массасының жылдамдыққа көбейтіндісін айтады.
p mυ .
Импульс векторлық шама, оның бағыты лездік жылдамдық бағытымен бағыттас. Өлшем бірлігі [p]=1 кгм/с .
Классикалық механикада дене массасы жылдамдыққа тәуелсіз(υ<<c). Кейбір денелердің қозғалысы оның массасының өзгеруімен анықталады;
мысалы, ракетаның массасы жанармайдың жануы кезінде пайда болған газдың бөлінуі есебінен азаяды т.б. Егер жүйе өз массасының біраз бөлігін қандайда бір анықталған бағытта өзінен бөліп шығаратын болса, онда ол қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс мөлшеріне ие бола алады. Осыда ракета техникасының негізінде жатқан реактивті қозғалыс принцпінің физикалық мәні жатыр.
Ракета қозғалысы мысалындағы массасы айнымалы дененің қозғалыс теңдеуін қорытып шығарайық. Егер t уақыт мезетіндегі ракетаның массасы т,
ал жылдамдығы υ тең болса, онда dt уақыт өткенде оның массасы т– dm, ал
жылдамдығы – υ dυ тең болады. Қозғалыс мөлшерінің өзгерісі
dp
p2 p1 (m dm)(υ dυ ) dm((υ dυ u) mυ
немесе
dp mdυ dm u ,
мұндағы - u ракетадан бөлінген газ жылдамдығы.
Егер, жүйеге сыртқы күштер әсер ететін болса, dp→ Fdt
сондықтан
немесе
Fdt mdυ dm u ,
mdυ F→ u→ dm
u→ dm d t
d t d t
мүшесі қосымша күш, оны Fp реактивті күш деп атайды.
Бұдан, массасы айнымалы дененің қозғалыс теңдеуін аламыз. Оны ең алғаш И.В. Мещерский қорытып шығарған.
ma→ F F ,
p
Реактивті күшті ұшу құралдарын жасауға пайдалану идеясын 1881 жылы Н.И. Кибальчич ұсынған болатын, ал космонавтика негізін қалаған К.Э. Циолковский. Ол 1903 жылы осы мақаланы жазған болатын. Мақалада ракета қозғалысының теориясы мен сұйық реактивті құрылғы теориясының негізі жайлы жазылған.
Ешқандай сыртқы күштер әсер етпейтін ракета қозғалысына алынған теңдеуді қолданайық. F =0 деп алып және ракетадан бөлініп шыққан газдың жылдамдығы бағыты бойынша ракетаның жылдамдығына қарама-қарсы екенін ескеріп, мынаны аламыз
mdυ u→ dm,
Достарыңызбен бөлісу: |