Бұл күш үйкеліс күші. Үйкеліс күші дегеніміз – денелер тікелей жанасқанда пайда болатын және әрдайым жанасу бетінің бойымен бағытталатын күшті айтамыз.
Үйкелістің екі түрі бар: сыртқы үйкеліс (құрғақ)және ішкі үйкеліс (сұйық немесе тұтқыр). Екі дененің өзара әсерлесу күшін сыртқы үйкеліс күші деп атайды. Сыртқы үйкеліс денелер қозғалғанда ғана емес, денелер салыстырмалы тыныштықта тұрғанда да болады. Мұндай күшті тыныштық үйкеліс күші деп атайды. Ал егер дене бір – біріне қатысты қозғалатын болса, онда олардың бір – біріне қатысты қозғалысының мазмұнына байланысты сырғанау, домалау үйкеліс күштері деп бөледі.