57
бояғыш заттар, стероидтар, дəм татымдық заттар, витаминдер,
илік заттар жатады. Өкінішке орай, өсімдік шикі затының қоры
табиғатта таусылып бара жатыр. Осыны еске алғанда, клеткалық
технологиялардың орны болашақта ерекше зор екенін түсінуге
болады.
Технологияларды іске асыру үшін зерттеушілер ең
алдымен жасушалардың жақсы өсуіне жағдай туғызады, яғни
биомассаны жинақтауға, ал одан кейін сол жағдайлардың
қосымша метаболиттердің синтезіне əсерін зерттейді.
Өсірілетін жасушаларда
қосымша заттардың қоры жина-
луына бірнеше
факторлар:
1) өсімдіктердің генотипі;
2) өсірген жасушалардың əртектілігі;
3) фитогормондар;
4) қоректік ортаның минералды жəне органикалық заттар
(мысалы, фосфаттар, нитраттар, көмірсулар);
5) физика-химиялық факторлар – оның ішінде ең маңызды
рН көрсеткіші, жарық, температура, газдың құрамы, араластыру
тəртібі, аэрация (яғни ауамен, оттегімен қамтамасыздандыру)
əсер етеді.
Дағдылы биотехнологияларды бағалы биологиялық белсенді
қосылыстарды алу үшін бүтін организмдерді пайдаланса, осы
заманғы биотехнология ерікті немесе иммобилденген жасуша-
ларын (немесе иммобилденген ферменттерді) өсіруге сүйенген
клеткалық технологияларға негізделген.
Өсімдік жасушаларды немесе протопластарды иммобил-
денуі олардың синтетикалық қассиеттерін, белсенділігін арттады.
Иммобилденген жасушаларды алғашқы заттармен көп мөлшерде,
бірақ төмен концентрацияда қамтамасыз ету керек. Бұл алғашқы
заттар биосинтез жолдарында алынып отырған затқа мүмкінші-
лігінше жақын болуы қажет. Иммобилденген жасушалар ұзақ
уақыт өсірілетін болғандықтан, бұл тəсілге өздері табиғи
жолмен немесе белгілі факторлардың əсерімен қажетті заттарды
сыртқа бөліп шығара алатын жасушаларды қолдану керек.
Қажетті затты тек ішінде, мысалы вакуоль мен пластидтерде,
жинақтайтын жасушалар иммобилдендіруге жарамайды.
Қосымша заттарды алу үшін
клеткалық технологиялар-
Достарыңызбен бөлісу: