Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет40/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100
 
3.2.2. Клеткалық инженерия 
Ауыл  шаруашылығында  мəдени  өсімдіктердің  жаңа  сорт-
тарын  алу  үшін  клеткалық  инженерияны,  гендік  инженерияны, 
клеткалық  селекцияны    қолдананды.  Ал  селекциялық  процесті 
жылдамдату,  жеңілдету,  сонымен  қатар  сауықтырылған  вирус-
сыз  өсімдіктерді  көбейту  үшін  гаплоидтық  технологиямен 
микроклондық көбейту технологияны пайдаланады. 


 
60
Клеткалық  инженерияны  қолданып  түпкі  тектері  алыс 
жатқан  өсімдіктерді  будандастырып  асимметриялық  будандарды 
жəне  цитоплазмалық  гендері  жағынан  гетерозиготаларды  алуға 
болады.  Клеткалық  инженерия  арқылы  өсімдіктердің  жаңа 
формалар – сомалық  будандар – алынады.  Протопластар    –
клетка  қабықшасыз  жасуша – белгілі  жағдайда  бірімен-бірі 
құйылысып  қосылып  будан  клеткасын  түзеді,  сол  клеткадан 
кейін  будан  өсімдік  пайда  болады.  Протопластарды  алу  үшін 
өсімдік  жасушада  плазмолиз  құбылысты  ынталандырып,  жасу-
шаны целлюлозо-пектинді қабықшаны ыдырататын ферменттер-
мен  өндейді.  Протопластарды  қосу  арқылы  будандастыруды 
əртүрлі атайды: сомалық будандастыру, парасексуальды будан-
дастыру,  жыныстық  емес  будандастыру,  ал  пайда  болған 
буданды – сомалық  будан  деп  атайды.  Протопластар  құйылыс-
қанда  алдымен  олар  бір-біріне  тоғысып  жабысады,  оны 
агглютинация  деп  атайды.  Содан  кейін  олардың  мембраналары 
да қосылып, екі протопластан үлкен бір протопласт пайда болады.  
Протопластарды нəтижелі бөліп алу көптеген факторларға 
байланысты, мысалы: 
 1) ұлпаның шығу тегі (жапырақ, тұқымжарнақ, тамыр, тозаң 
түйіршіктері, каллус ұлпасы, суспензиядағы клеткалар);  
2) өсімдіктің түрі мен сорты (оның генотипі);  
3) өсімдіктің физиологиялық күйі;  
4) ферменттердің құрамы жəне олардың сапасы;  
5) ортаның рН жəне осмостық заттың түрі.  
Протопластардың  тіршілікке  икемділігін,  яғни  олардың 
метаболиттік  белсенділігін  анықтайтын  арнайы  əдіс  бар,  ол 
протопластардың флуоресцеиндиацетатпен (ФДА) боялуы. ФДА 
– бұл флуоресценциясы жоқ қосылыс, протопластардың мембра-
насынан  жеңіл  өтеді.  Тірі  протопластардың  ішінде  фермент 
эстеразаның  əсерімен  ыдырайды,  соның  нəтижесінде  флуорес-
цеин босайды, оны протопластардың бүтін мембраналары ұстап 
қалады.  Сондықтан  метаболиттік  белсенділігі  бар  (яғни  тірші-
лікке  қабілетті)  протопластар  ультракүлгін  сəулесінде  көзге 
көрінеді, себебі іштерінде жинақталған флуоресцеин ультракүл-
гін сəулесімен қоздырылып, жасыл сəулені тарата бастайды.  
Протопластардың  сыртында  теріс  электр  заряды  болады,  сон-
дықтан  олар  суспензияда  бір-бірінен  оқшауланады.  Құйылысу 


 
61
үшін  оларды  алдымен  бір-бірімен  жанастыру  керек,  сондықтан 
плазмалемма  зарядын  өзгерту  қажет.  Протопластарды  құйылы-
суы үшін химиялық жəне электрлік əдістерді пайдаланылады. 
Химиялық  əдіс  протопластардың  құйылысуына  жағдай  жасай-
тын,  плазмалемманың  электрлік  зарядын  өзгертетін  заттарды 
суспензияға  қосуға  негізделген.  Электрлік  құйылысу  əдістің 
негізінде  электр  өрісі  пайдаланады.  Протопластар  суспензиясы 
екі  электродтың  арасында  орналасады.  Айнымалы  ток 
диэлектрофорезді  қоздырады,  протопластар  бір-біріне  тақалып 
бір қатарға  тізіледі. Бұл тізбектер тек электр өрісі болған кезде 
тұрады.  Оларға  қосымша  жеке  қатты  электр  импульсін (600 
В/см, 10-20 мксек.)  бергенде, қатты қысылып тұрған плазмалық 
мембраналарда  тесіктер  пайда  болады  да,  протопластар  бір-
біріне  құйылып  кетеді.  Екі  протопласт  қосылған  кезде,  егер 
олардың ядролары қосылса, нағыз будан жасуша, яғни ядролық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет