59
мүмкіндік береді. Əртүрлі өндірісте төменде ферменттердің
иммобилденген түрдегі препараттарын кең пайдаланады: крах-
малдан глюкозалық сироп алу үшін амилазаны, глюкозаны
фруктозаға изомерлеу үшін глюкоизомераза; жеміс-жидек
шырындарын жарықтандыру пектинметилэстеразаны; инверттік
қант алу үшін инвертазаны; казеин гидролизатынан жəне алын-
ған сүт белоктарын үздіксіз коагуляциялау үшін пепсинді; анти-
биотиктердің модификациялану реакцияларын катализдеу үшін
пенициллинамидазаны жəне тағы басқа ферменттерді қолданады.
Төмен сатыдағы өсімдіктер –
балдырлар – көптеген биоло-
гиялық белсенді қосылыстардың көзі болып табылады. Мысалы,
спирулинада (
Spirulina sp.) ет өнімдері, бұршақтұқымдас жəне
түрлі жарнақтарға қарағанда В
1
витамині əлдеқайда жоғары.
Құрамындағы В
2
витамині бойынша жануартектес өнімдерді де
артта қалдырады. РР витамині бойынша спирулина қара малдың
бауырын, бүйрек, тіл, құс пен қоян етінен біршама жоғары, ал
фолацин бойынша ол бауыр, бүйрек, ірімшік секілді тағамдарды
да артта қалдырады, олардың құрамындағы фолациннің 90%-ы
тағамдық өңдеуден өткен кезде жоғалтатынын ескерсек, спиру-
линаның табиғи түрде пайдалануының əлдеқайда эффективті
екенін көрсетеді.
Спирулина құрамында үш бояғыш-пигмент бар: каротиноид-
тар, хлорофилл жəне фикоцианин. Жапон жəне америка
дəрігерлерімен өткізілген зерттеулер фикоцианиннің ағзаның
лимфалық белсенділігін жоғарылататынын жəне иммунды
жүйесін күшейтетінін көрсетті. Көк-жасыл балдырдан
Ch1orella
sp., ашытқылардан (
Rhodotorula sp.), актиномицеттерден
(
Actinomyces sp.), мукорлық өңез
Blakeslea trispora-дан карати-
ноидтарды алады. Əсіресе, β-каротин – тағам өндірісінде кең
пайдаланылатын пигмент.
Достарыңызбен бөлісу: