3.2.3. Гендік инженерия Өсімдіктер қоршаған ортаның көптеген қолайсыз фактор-
ларының əсеріне: жоғары жəне төмен температура, ылғалдың
жетіспеушілігі (құрғақшылық), топырақтың тұздануы (сор
топырақ), ауаның газдануы, минералдық заттардың жетіспеу-
шілігі немесе, керісінше, шектен тыс көбеюі т.с.с. тап болады.
Бұл факторлар өте көп болғандықтан олардан қорғану жолдары
да əртүрлі – физиологиялық қасиеттерден құрылымдық өзгеріс-
терге дейін. Өсімдіктің қандай болмасын стресс факторына
төзімділігі көптеген гендерге байланысты. Сондықтан, өсімдік-
тің бір түрінен екінші түріне барлық төзімділік белгілерін
толығымен тасымалдап еңгізу тек қана бір əдіспен əрине мүмкін
емес. Кейбір жағдайда гендік инженерия арқылы өсімдіктердің
төзімділігін арттыруға болады. Мысалы, абиотикалық фактор-
ларына өсімдіктің метаболиттік реакциясын бақылайтын жеке
гендермен əрекеттер жүргізуге жағдай бар. Қоршаған ортаның
жағдайларына жауап реакцияларының физиологиялық, биохи-
миялық, генетикалық негіздерін, одан əрі зерттеулер гендік
инженерия əдістерін қолданып төзімді өсімдіктерді шығаруға
мүмкіндік береді. Генетикалық өзгерiлген немесе генетикалық