Microsoft Word на 5 формат doc



Pdf көрінісі
бет88/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100
ДНҚ-ның репликациясы (лат. replicatio – қайталану) ор. репли-
кация ДНК ағ. DNA replication - ДНҚ-ның молекуласының екi еселенiп 
қөбеюi.  ДНҚ-ның  екi  спиралi  жазылады,  сутектiк  байланыстар 
ажырайды,  жеке  (матрицалық)  тiзбекке  үйлесiмдi,  сəйкес  жаңа  тiзбек 
(реплика) түзiледi. 
Идиотип  (гр. idios-өзіне  тəн,  typos – із,  таңба,  үлгі,  қалып,  ор
идиотип,  ағ.idiotype) – организмнің  барлық  гендерінің  (ядродағы, 
митохондриядағы, хлоропластардағы) жиынтығы. 
Иммобилденген  жасушалар  (лат. immobilis – жылжымайтын, 
қозғалмайтын,  ор.  иммобилизованные  клетки,  ағ. immobilbsed cells) – 
табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі қабатына бекіген немесе 
полимерлік  гельдер  құрамына  енгізілген,  қозғаласы  шектелген,  осы 
ортада өсетін жасушалар.  
Иммуноферментік  талдау  (лат. immunitas- құтылу,  босану,  ор
иммуноферментный  анализ,  ағ.enzyme immunoassay – «антиген-


 
112
антидене»  комплексінің  ферменттік  активтігін  анықтауға  негізделген 
иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары. 
Индукциялау (лат. induction - қозу, ор. индукция, ағ. induction) – 
сыртқы  орта  факторлары  немесе  өсімдіктің  бір  бөлігінің  екінші 
бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу. Олар индукторлар, 
мысалы:  гормондар,  сыртқы  ортаның  түрлі  факторлары,  кейбір 
метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір жүйеге 
келтіреді,  себебі  сол  жүйенің  ғана  индукторлық  əсерді  қабылдауға 
мүмкіндігі бар. 
Инокулюм  (лат.inoculatio – егу,  ор.  инокулюм,  ағ.inoculum) – 
жаңадан  дайындалған  қоректік  ортаға  көшіріп  отырғызу  үшін 
қолданылатын суспензияның азғантай бөлігі.  
In vitro (лат. in vitro - шыныда)- шыныда, жасанды жағдайда. 
In vivo  (лат.in vivo - тірі  организмнің  құрамында) - тіршілік 
иесінде, оның құрамында, бөлінбеген күйде. 
Каллус  (лат. callus - қалын  тері,  ор.  каллус,  ағ. callus – ұлпа, 
өсімдік жасуша ларының ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет