Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру (ор. полупроточная
система культивирования клеток, ағ. continuous half-flow cell
cultivation) - сұйық қоректік ортада өскен жасушалар суспензиясының
бір бөлігі оқтын-оқтын алынып, оның орнына нақ сондай мөлшерде
жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру (ор.открытая
проточная система культивирования клеток, ағ.open continuous - flow
cell cultivation) - үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа қоректік орта мен
төгіліп сыртқа ағып шыққан жасушалар суспензиясының қарқынының
(көлемдерінің) тең болуы.