Клеткалық циклі (гр.kyklos - дөңгелек, шеңбер, ор. клеточный
цикл, ағ. cell cycle) – клетканың бір бөлінуінен екінші рет бөлінуіне
дейінгі клеткада жүретін тіршілік процестердің жүйесі, ол митоздан
(мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.
Өсімдік жасушаларын өсіру (ор.культура клеток растений,
ағ.plant cell culture) - өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Клеткалар суспензиясы (лат. suspension-асып қою, ор.
суспензионная культура клеток, ағ. suspension cell culture) – жеке
жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын аппаратура
арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық
қоректік ортада өсіру.
Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру (ор. накопительное
(периодическое) культивирование, ағ. accumulation (batch) cell
cultivation) – жасушалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы
құйылған қоректік ортасы жаңартылмай өсіру.