Microsoft Word Oқу сауаттылығы 100-нұсқа



Pdf көрінісі
бет66/485
Дата03.02.2023
өлшемі4,44 Mb.
#65016
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   485
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
74
E)барлығы дұрыс 
15. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды? 
A)Адриан Гонсалез 
B)Шугар Рэй Леонард 
C)Андре Берто 
D)Джим Лэмпли 
E)Владимир Кличко 
16. Бірінші мəәтіндегі 7-сөйлемге сəәйкес келетін тұжырым? 
1. Шынықсаң, шымыр боласың 
2. Денсаулық – байлықтан да қымбат 
3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. 
A)Тек үшіншісі 
B)Тек екіншісі 
C)Бірінші мен екіншісі 
D)Екеуі де бұрыс 
E)Тек біріншісі 
17. 1-мəәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді? 
A)Алаңдаушылығын 
B)Ренішін 
C)Сенімділігін 
D)Қорқынышын 
E)Болжағыштығын 
18. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті 
сипаттайды? 
A)Тым қарапайым 
B)Қырағы 
C)Еңбекқор 
D)Аса ұғымтал 
E)Тəәуекелшіл. 
19. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты? 
A)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез 
B)Андре Берто, Фредди Роуч 
C)Владимир Кличко, Фредди Роуч 
D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли 
E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли 
20. Спортшының парызы туралы бірінші мəәтіннің қай сөйлемінде берілген? 
A)Бірінші. 
B)Оныншы 
C)Төртінші 
D)Он екінші 
E)Үшінші 
14-НҰСҚА


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
75
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі 
алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас 
шағын, от басында тұрып əән салған қыпшақтың жас сұлуларының əәсем əәндерін, 
айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол 
музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді 
мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын. 
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. ƏӘсіресе 
соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей 
көңілі орнына түспейді. ƏӘрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын 
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи 
сағыныш еді бұл. 
1. Мəәтіндегі ойға сəәйкес келетін мақал-мəәтелді табыңыз. 
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі. 
B)Мың асауға бір тосу. 
C)Ерді ел теңгерер. 
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас. 
E)Туған жердей жер болмас. 
2. Мəәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған. 
A)қыздар туралы 
B)кітап туралы 
C)аспап туралы 
D)əән туралы 
E)би туралы 
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа 
келген мысық оған тыныштық бермепті. 
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ 
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа: 
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп 
жүрсің? – дейді. Мысық тəәкаппарлана: 
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – 
дейді. 
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта 
тығылып жүретін болыпты. 
Бір тəәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай 
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, 
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген 
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін 
болыпты. 
3. Мəәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз. 
A)Тату-тəәтті өмір 
B)Мысық пен тышқан 
C)Ұйқышыл мысық 
D)Жаңа дос 
E)Қулығын асырған тышқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   485




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет